Квадрат және оның қасиеттері мен белгілері.

375
Сыныбы  8 Күні   07.10
Сабақтың тақырыбы Квадрат  және оның қасиеттері мен белгілері.
Мақсаты Квадрат және оның қасиеттері мен белгілері туралы түсінік алу, есептер шығара білу
Күтілетін нәтиже А. Квадраттың анықтамасын біледі.

В. Квадраттың қасиеті мен белгілерін біледі, есеп шығара алады.

С. Күрделі есептер шығара алады.

Керекті жабдықтар АКТ мүмкіндігі, оқулық, презентация, әдістемелік құралдар, үлестірме парақтары, бояу қарандаштар, бағалау парақтары
                                                                       Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті  Оқушының әрекеті
Кіріспе Жүректен-жүрекке тренигі бойынша сәлемдесіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып,сәттілік тілеу. Жұпқа бөлу. Дайын жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру Сәлемдесіп бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Дайын жауабы арқылы есептерін тексереді. Өзін-өзі бағалау

Тұсау кесер Өткенді қайталау арқылы  жаңа сабақты меңгеруін

ұйымдастыру. Оқушыларды жұптап жұмыстандыра отырып оларға түрткі сұрақтар қою

1.Ромбының анықтамасы

2.Ромбының қасиеттері

3.Ромбының белгілері

4.Ромбының периметрін табатын формула. Дайын сызбалар бойынша есептер шығарту.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын құру.

Оқушылар жұптаса отырып қойылған сұрақты оқулық арқылы еске түсіріп талдау жасайды.Дайын сызбалар бойынша есептер шығарады.

Сабақтың мақсатын құрады.

 

 

 

Негізгі бөлім

Сергіту сәтінде әуенге қосылып билеу

Жұппен жұмыстана отырып диалогтық оқыту модулі бойынша жұмыстанады, ойлан, бірік,бөліс топтық әңгіме, жоғары деңгейлі сұрақтар беру.

Квадраттың анықтамасын қасиеттері мен белгілерін қарастыру. Оқушыларға сұрақ қойып квадраттың қасиеттерін айтқызу.

1.Квадраттың диагональдары тең болады

2.Квадраттың диагональдары қиылысу нүктсінде тең екіге бөлінеді.

3.Квадраттың диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады.

4.Квадраттың диагональдары оның бұрыштарының биссектрисалары болады.

 

есептер шығарту №52,53 ауызша, №54,56, 99,101 жұпта шығарады қалған уақытта дайын сызба арқылы есептер шығарту

Жұппен талдау жасап, бір-біріне түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді, ойларын А3 форматына түсіреді, әр жұп өз постерін қорғайды. Квадраттың қасиеттерін өздері зертеушілік әңгіме жасай отырып дәлелдейді, дұрыс дәлелдемені дәптерге барлық оқушылар түсіреді.

Есептер шығарады: №52,53 ауызша

I жұп № 54

II жұп  №56

№99,101 есептерді шығарады.

Жұпта шығарып, есепті талдайды, қарсы жұп қателерін түзетеді. Дайын сызбалар бойынша есептер шығарады, барлығы бірге орындайды, өзара бағалайды. Бағдаршам әдісін қолданады.

Қортынды Үшөлшемді күнделік бойынша рефлексия жазады.

№101,103

Үшөлшемді күнделікке бүгінгі сабақ бойынша рефлексия жазады

Өзара және өзін-өзі бағалау арқылы бағалау парағын толтырады.  №101,103