Дискриминант арқылы квадрат теңдеулерді шешу,Виет теоремасын пайдаланып келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету

185

Сабақтың мақсаты: Дискриминант арқылы квадрат теңдеулерді

шешу,Виет теоремасын пайдаланып

келтірілген    квадрат теңдеудің түбірлерін табуға

және  Виет теоремасына кері теореманы

пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолда-

на білуге дағдыландыру.

  1. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін

арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім

қабылдауға ұқсастықты, қарама-

қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын

арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығар-

машылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.

Сабақ типі: Білімді бекіту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру. №162 (ауызша)

 

І кезең: «Қызығушылықты ояту»

1.Анаграмма (дискриминант, теңдеу, коэффициент, түбір)

2.Кроссворд шешеді.

Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.

 

К В А Д Р
т

А

Д И С К Р И М И Н А Н Т
К О Э Ф Ф И Ц И Е Н Т
Т О Л Ы М С Ы З

 

Сұрақтар:

  1. ах+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
  2. Айналған шешу құралына

Саны араласқан құрамына

Теңдеудің түбірлері нешеу деген

Қандай сан жауап беред сұрағыма? (дискриминант)

  • Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
  • Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

 

ІІ. Теориялық материалды қайталау:

         1.Квадраттық   теңдеуді шешу алгоритмі

2.Дискриминанттың 3 жағдайы

  1. а+в+с, а-в+с арқылы теңдеу түбірлерін табу

ІІІ.Негізгі бөлім. Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақ- жауапты шешуіміз керек екен:

  • Квадраттық теңдеу анықтамасы?
  • Келтірілген квадраттық теңдеу анықтамасы?
  • Толымсыз квадрат теңдеу?
  • Дискриминант қай формуламан есептеледі?
  • Дискриминанттың 3 жағдайын айт?

Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін  кестені толтыру керек.

Теңдеулер Түбірлер

х1 және х2

х1+ х2 х1 · х2
х2 – 2х – 3 = 0

Х2 + 5х – 6 = 0

х2– х – 12 = 0

х2+ 7х + 12 = 0

х2– 8х + 15 = 0

 

Ш

 

Ы

 

Ғ

 

Ы

 

С

 

Яғни баласы шығысқа қарай бет алады.Ол сол қалпы келе жатып үңгірге тап болады.  Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған екен: «Осы тасты қозғасаң шұңқырдан қазынасы бар жәшікті табасың»- деген екен. Баласы жәшікті алса, ол жабық екен. Жәшіктің қақпағында: «Ең басты қазына — ол ….» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатып қалған жазудың жартысы өшіп қалған екен. Осы сөзді табуға сіздердің көмектеріңіз қажет. Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім квадраттық теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы квадраттық теңдеу құру және дана сөзді табу керек?

 

  • Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (Б)
  • Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал. (І)
  • Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (Л)
  • Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю. (І)
  • Бір тал кессең, он тал ек (М)

 

І х2 -14х + 49 = 0
М х2 -11х + 10 = 0
І х2 -70х + 1200 = 0
Б х2 -10х +24 = 0
Л х2 -1001х +1000 = 0

Яғни,  баласы әкесінің мұра еткен қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Ең басты қазына – ол білім» екеніне көз жеткіздіңіздер. Әрқашанда  ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.

 

ІV. Сабақты қорытындылау

  1. Бағалау.
  2. Үй тапсырмасы: № 164,166