Дұрыс көпбұрыштар

55

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс көпбұрыш анықтамасын беру арқылы

қоршаған ортадағы обьектілерден, нәрселерден

дұрыс көпбұрыштарды көре білуге көз жеткізу.

Сабақтың міндеттері: Білімділік. Теориялық білімін практикада қолдана

білу және білім – білік дағдыларын қалыптастырады.

Тәрбиелік. Эстетикалық тәрбие беру және

оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Дамытушылық. Оқушының танымын кеңейту,

ойлау қабілетін арттырады.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Творчествалық ізденіс, практика

Сабақтың түрі: Топтық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2.    Жаңа сабақ.
  3. Жаңа сабақты бекіту.
  4. Есеп шығару.

6.Үйге тапсырма

  1. Қорытындылау.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:

а) Математикалық диктант

1) Көпбұрыш сыз, белгіле.

2) Көпбұрыштың қабырғаларын жаз.

3) Көпбұрыштың төбелерін жаз.

4) Көпбұрыштың диагональдарын жүргіз.

5) Көпбұрыштың қабырғалар санын анықта.

6) Көпбұрыштың бұрыштарының санын анықта.

7) Көпбұрыштың төбелерінің санын анықта.

б) Репродуктивтік өзіндік жұмыс

Мына суреттегі көпбұрыштың түрлерін анықта

 

  1. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.

1) Оқушылардың әрқайсысы дөңес көпбұрыш сызады.

2) Тең қабырғалы үшбұрыш салады

3) Шаршы салады

Тең қабырғалы үшбұрыштың және шаршының анықтамаларын, қасиеттерін айта отырып әр топтан бір оқушыдан шығып тақта берілген суретті пайдаланып жазып шығады. 

           Тақтада барлық қабырғалары және бұрыштары тең бесбұрыш,   алтыбұрыш алып, қабырғалары мен бұрыштарын өлшейміз.

Анықтама: Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.

Дұрыс n бұрыштың қабырғасын адеп белгілесек, барлық қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі Pn = n• аn  болады.

Дұрыс n бұрыштың бұрыштары тең, ал барлық бұрыштарының қосындысы 180˚(n – 2) болғандықтан, оның әрбір бұрышы

α =    болады.

1 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек.

Шешуі. n = 15 деп алып,  α =    формуласын пайдаланамыз.

Сонда  α = •180˚ = 156˚

Жауабы: 156˚

2 – мысал. Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың қабырғалар санын анықтау керек.

Шешуі: α =    формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын табамыз:

144˚ = ,           n = 10

Жауабы: n = 10(он бұрыш)

Жаңа сабақты бекіту:

  • бұрыштарының қосындысын;
  • әрбір бұрышын;
  • әрбір төбесіндегі сыртқы бұрышын;
  • бір төбеден шығатын диагональдар санын;
  • барлық диагональдарының санын
  • егер периметрі 24,6 м болса, әрбір қабырғасын табыңдар.

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

№201

Берілгені:                 Шешуі:

  • α=140˚ α =      1) 140˚ =      n = 9
  • α=150˚ 2) 150˚ =        n = 12
  • α=168˚     3) 168˚ =        n = 30

n=?                                          Жауабы: 9; 12; 30.

Үйге:§11.4 №203