Жай бөлшектерді көбейту

145

 

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану.

 

1)     ережесін жатқа білу, қолдана алу.

  1. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шыға-рудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  2. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс-терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне доста-рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-конспект жазылған плакаттар, тест, логикалық есептер және сөзжұмбақтар жазылған кесте карточкалар, бағалау кестелері, төс белгілері.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?

ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді?

ІІІ. Ой қорытыу: Нені білдік?

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру.

ІІІ. Бүгінгі сабақ топтық сайыс ойын сабағы екенін хабарлау. Оқушы-ларды үш топқа  бөлу.

І-топ: Дұрыс бөлшек. Топ басшысы Әлімбеков Тайырбек.

ІІ-топ: Бұрыс бөлшек. Топ басшысы Сындар Данияр.

ІІІ-топ: Аралас сан. Топ басшысы: Ыдырысов Қуаныш.

Әр топ бөлшектерге анықтама беріп, өз аттарын қорғайды.

  1. Өткен сабақты пысықтау үшін қайталауға тест беріледі. Әр топтағы оқушылар өздерінің нөмірі бойынша тесттегі есептерді шығарады. Мұғалім ауыз-ша жауаптарын тексереді. Дұрыс жауаптар бойынша ұпай жинайды.

Тест (қайталау)

 

№1       №2

№3       №4

 

№5       №6

Жаңа сабақтың құрылымы

(плакат)

  1. Жаңа сабақты баяндау.
  • 21. Жай бөлшектерді көбейту (дәптерлеріне жаздырту)

І. Ой қозғау: Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасында  бөлшекті нату-рал санға көбейтуді тең бөлшектердің қосындысы түрінде үйретіледі. Мысалы:

 

 

(Бөлшектің алымы мен натурал сан көбейтіліп алымға жазылды. Бөлімі өзгеріссіз қалады).

 

Мысалы:

ІІ. Ой толғау.

Көбейту амалы қандай қарапайым есептерді шығарғанда пайдаланылады?

  • Тік төртбұрыштың қабырғалары берілгенде ауданын есептеуде.
  • Заттың құнын есептегенде бағасы мен данасы немесе массасы көбейтіледі.
  • Жылдамдық пен уақытты көбейтіп, жүрілген жолды есептеуде.
  • Тік бұрышты параллепипедтің (м/ы: бөлменің көлемі) көлемін, үш өлшемін ұзындығын, енін, биіктігін көбейтіп есептеуде және т.б. есептер шешуде ондағы шамалар бөлшектермен бірлесе, онда бөлшектерді көбейту амалын білуіміз керек.

Мысалы: Тік төртбұрыш АВСD (плакатта жазылған) ұзындығы

Шешуі: S=ұз. ені

Жауабы:

қалай шықты?

Ол үшін қабырғасының ұзындығы 1дм-ге тең шаршы аламыз. Ауданының өлшем бірлігі шаршы бойынша есептелінеді. Ұзындық бойынша шаршыны тең

1 дм.

 

   В

 

С

дм2

 

 

 

 

А                                           1 дм

 

D

 

 

 

5 бөлікке, ені бойынша тең 3 бөлікке (бөлшектің бөлімдері бойынша) барлығы тең 15 бөлікке (үлеске) бөлейік. Сонда бір бөліктің ауданы

Енді ұзындығынан бөлшектің алымы бойынша 4 бөлікті, енінен бөлшектің алымы бойынша 2 бөлікті бөліп алып, осы бөліктерді бояйық. Сонда ізделенді АВСD тік төртбұрышы шығады. Бұл тік төртбұрышта 8 бөлік боялады. Боялған АВСD тік төртбұрыштың ауданы

Бұл  жай бөлшегінің алымы көбейтіндісін бөлшектердің алымдарының көбейтіндісі 4·2=8 болса, ал бөлімі олардың бөлімдерінің көбейтінді 5·3=15 екенін көріп тұрмыз.

Енді оқушыларға қосымша сұрақтар қойып, оларды жай бөлшектерді көбейту ережесін өздері қорытуға жетелеу керек.

Сұрақтар:

  1. Шаршы неше бөлікке бөлінеді? (15).
  2. Көбейтінді бөлшектің бөлімі қалай табылады? (5·3=15 бөлімдерін көбей-тіп).
  3. Тік төртбұрышта неше бөлік бар? (8)
  4. Көбейтінді бөлшектің алымы қалай табылады? (4·2=8 алымдарын көбей-тіп).

Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жай бөлшектерді көбейту ережесін өздері тұжырымдап айтады.

Міндетті түрде мұғалімнің өзі ережені оқушыларға ерекше дауыспен айту керек. Сонан соң оның әріппен жазылуын формула  түрінде жазған жөн. Ары қарай тірек конспекті жазылған плакат бойынша түсіндіру.

Жай бөлшектерді көбейткенде бөлшектерді қысқартып, болған соң, көбейту керек. Мысалы:  немесе қысқаша

Бөлшекті натурал санға көбейту (немесе керісінше). Бұл есеп ой қозғауда қарастырылды ғой, сондықтан ережесін оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек:

Ереже: Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы ретінде алынады да, бөлі-мі өзгеріссіз сол қалпында жазылады.

немесе

Аралас сандарды көбейту.

Алдын ала мысалды жазып, шығарылу жолын көрсетіп қойып, оқушыларға көбейтінді бөлшектің қалай шыққандығы туралы ой тастау керек. Есепке қарап отырып оқушылар аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырғанын байқап, ережені оқушылардың өздеріне қорытуға жетелеу керек.

Ереже: Аралас сандарды алдын ала бұрыс бөлшекке айналдырып, бөлшекке көбейту ережесі бойынша көбейтеміз.

 

Мысалы:

 

ІІІ. Ой қорыту.

  1. Жаңа сабақты бекітуге деңгейлік тапсырмалар орындаумен, жаңа сабақты меңгергенін білу (ойын түрінде).

І-деңгей. Оқушылық бөлім: (тақтамен жұмыс). «Қазақстан – 2030» ел прези-дентінің Қазақстан халқына жолдауы бойынша қысқаша оқушылардан сұрақ-жауап алу.

«Болашаққа ұмтылу – 2030 жылға қош келдіңіз» ойынын жүргізу. Тақтада ілулі тұрған плакатқа әр топтан бір оқушыны шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ деңгей. Алгоритмдік бөлім. Логикалық есеп шығару.

 

1)

 

 

2)

 

 

 

 

 

 

 

3)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ деңгей. Эвристикалық бөлім.

Сөзжұмбақ шешу.

Кестелердегі амалдарды орындап, табылған мәндерді кему ретімен – төмендегі кестеге орналастырсақ және олардың астына сәйкес әріптерді жазсақ, белгілі бір сөз шығады. Сол сөзді тап.

 

 

Х 8
 

 

 

 

 

 

36
Н О Л Б

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шығармашылық бөлім (оқушымен жұмыс).

598-есепке мәселе есеп құрастырумен, оқушылардың сөздік қорын білу, мате-матиканы қазақ әдебиетімен байланыстыру.

  1. Үйге тапсырма §21. 5м/с-ға дейін оқу. 587 (1,2) 588 (1,2) 589 (1,2)

590 (1,2)                  591   (1,2)           593 (1,2)              594 (1,2).

  1. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап алу.
  2. Бөлшектерді қалай көбейтеміз?
  3. Натурал сандарды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
  4. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
  5. Жиған ұпай сандары бойынша жеңген топты марапаттау. Білімдерін бағалау кестесін пайдалана отырып бағалаймыз.
  6. Сабақтың соңы.