«Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайыс

109

«Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайыс

    Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын  арттыру;
Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

 

Жоспары:
1. Топтарды шақыру.

  1. Әділ-қазылармен таныстыру.
  2. Топтың өзін таныстыруы.

4.Ғажайып жетілік.

  1. Полиглот.
  2. Блиц-турнир (капитандар сайысы).
  3. Ойымды жалғастыр
  4. Қорытынды.

    Қолданылған нақыл сөздер:

Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

Л.Н.Толстой

Білімнен қымбат нәрсе жоқ,  көңілде жатса баспай тот.

Н.Байғанин

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

А.Иүгінеки

 

Математика ғылымдар патшасы,

Ал арифметика – математика патшасы.
К.Гаусс

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика,

Сондықтан да оны оқу керек.
М.В.Ломоносов
1-жүргізуші:
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
2-жүргізуші:

Армысыздар, қонақтармен ұстаздар және замандастар.

 

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн ерекше күн болмақ

 

2-жүргізуші:

Себебі, бұл күн қаһарлы қыстың алғашқы күндерінің бірі. Ендеше, бұл күнге сай келіп отырған «Тапқыр болсаң, озып көр» атты ителлектуалдық сайысымызды ерекше көңіл – күймен бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 1-жүргізуші:

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

 

2-жүргізуші:

Архимедтей жаңалықтар ашар,

Болса үміткер, сайысқа үлес қосар

Ұлы математик ізін басар

Біздерде бар жас талапкерлер

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Бәрінің де жеңіске деген үміті бар-дей келе сайыс алаңына «Талай сынды бағындырған қырандар» тобы мен «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобының мүшелерін шақырамыз. (Топтар орналасып болғанша, музыка ойнап тұрады.)
1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер сарапшылар ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-мамандар әділ-қазылар алқасын таныстырсақ:

  1. _________________________________________
  2. _________________________________________
  3. _________________________________________

Интерактивті тақтада бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

 

1-жүргізуші:
Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сіз де бізге жақын келші.
Жаратылыстану ғылымына ұмтылғандар,
Егерде кім екенін білгің келсе.

 

2-жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында -дей отырып кезекте амандасу рәсімі және топтың аты мен эмблемасын қорғау
1-жүргізуші: кезекте  «Талай сынды бағындырар қырандар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Армысыздар, көрермен сыншыларым,

Қарсыластар, қасымдағы құрбыларым,

Толқу да бар өзімде, қуану да,

Қорқу да бар, сол үшін қынжыламын.

 

Талай сынды келеміз бағындырып,

Талай жұртты келеміз таңқалдырып,

Біз қырандар артуда үмітіміз

Барған сайын ойынның жалыны ұрып.

 

Қасымда тұр жақтаушы серіктерім,

Толқу да билеп тұр міне еріктерін,

Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,

Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерін.

 

«Талай сынды бағындырар қырандар» тобынан «Жарқыраған жас жұлдыздар» тобына сәлем!

 

2-жүргізуші: келесі кезекте «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобы
Ұраны: Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.

Ең керемет сайыскерлер

Мінеки біздер боламыз.

 

Сәлемдесуі:

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз, көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз!

 

«Жарқыраған жас жұлдыздар» тобынан «Талай сынды бағындырар қырандар» тобына сәлем!

 

1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт- деп  сайысымыздың «Ғажайып жетілік» бөліміне кезек береміз.

 

2-жүргізуші: «Ғажайып жетілік» кезеңінің шарты: экранда берілген жараты-лыстану пәндерімен оған қатысты ұяшықты таңдап дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы балл топқа беріледі. Жауап жоқ болса сұрақ келесі топқа беріледі.

 

1-жүргізуші:
Математика 40. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не?

(калькулятор)

Экология 30. Арал және Балқаш проблемаларын көтерген қазақ зиялылары кімдер?

(М.Шаханов, О.Сүлейменов)

Математика 50. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал, математика мұғалімі 5-сыныптан бастап қолданады. Ол өзі ерекше зат: өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерін қызуың қатты көтерілгенде анаң да, дәрігер де қайта-қайта айтады. Бұл қандай математикалық құрал?

(транспортир)

Химия 40. 5% дың спирттік ерітіндісі қан тоқтатуғв қолданылады. Бұл қандай зат?

(иод)

Биология 40. Зиготаның түзілуінен бастап, та-биғи өліммен аяқталатын үздіксіз процесс

(онтогенез)

Информатика 30. Миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіріп, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін беретін желі не деп аталады және желілерді байланыстыру құрылғысы не?

(интернет желісі және модем құрылғысы)

Физика 40. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым

(Исаак Ньютон)

(слайдтағы тапсырмалар экранда көрсетіліп тұрады)

 

1-жүргізуші: Осымен 2-турымыз аяқталды. Сарапшы-мамандар қорытындысын есептегенше, кезекті жанкүйерлерге берсек

 

2-жүргізуші: Ән

 

1-жүргізуші: Рахмет, өнеріңізге нұр жаусын. Сарапшы-мамандар алқасынан 1 және 2-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп кезекті «Полиглот» кезеңіне береміз.

 

1-жүргізуші: Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып орыс,ағылшын тілдерінде айту қажет. Әр сұраққа 30 балл, яғни дұрыс жауап -10, орысша-10, ағылшынша-10 балл беріледі.

«Талай сынды бағындырар қырандар» тобына сұрақтар:

  1. Қабат-қабат, қаттама,

Ақылың болса, аттама.

Кітап, книга, book

  1. Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?

Натурал сан, натуральные число, real

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?

сызғыш, линейка,rule

  1. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың

түбір, корень,root

  1. Монитордың төртбұрышты қоршаулы аумағы не деп аталады?

терезе, окно,window

 

2-топқа сұрақтар:

  1. … теңгең болғанша,

… досың болсын!

жүз, сто, one handred

  1. Алды-артымыз шексізде,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсін де.

Түзу, прямая, straight

  1. Көп пернелі кұрылғы.

пернетақта, клавиатура, keypoard

  1. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады.

Ықшамдасақ қандай атау болады?

дәреже, степень, degree

  1. Мен бұрышты берілген

Тең екіге бөлемін

Жаралғалы ғылымда

Не атанып келемін?

биссектриса, биссектриса, bisector

(Сарапшы-мамандар алқасынан осы турдың қорытынды балы сұралады.)
1-жүргізуші:
Мәңгі — бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
1-жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, кезекті жанкүйерлерге берсек.

 

2-жүргізуші: Жетіліктің көп сабақтан сұрағы,

Әр шәкірттің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланайық, балалар,

Көп жауап бар, біреуі оның шырағы-дей келесі кезекті «Блиц-турнир» кезеңіне берсек, яғни капитандар сайысы.

 

1-жүргізуші: Ойын шартын түсіндіріп өтсек, 2   ­­­­­минуттың ішінде берілген сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауап үшін 2 балл беріледі. Экранға назар аударыныздар.

 

1-топ  «Жарқ еткен жас жұлдыздар»

 

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см периметрі нешеге тең?

А. 36

В. 18

С. 80

Д. 9

 

  1. Компьютердің негізгі құрылғысының бірін ата

А. сканер

В. монитор

С. принтер

Д. Колонка

 

  1. Темекі құрамына кіретін улы зат

А. никотин

В. спирт

С. тұз қышқылы

Д. Азот

 

  1. Адамда неше қан тобы бар?

А. 4

В. 2

С. 3

Д. 6

  1. Ұзындығы 38 км болатын әлемдегі ең ұзын көше қайда орналасқан?

А. Қытайда

В. Қазақстанда

С. Америкада

Д. Ресейде

  1. Бір түзуде жатпайтын үш нүк-теден және осы нүктелерді қо-сатын үш кесіндіден тұратын фигураны не деп атаймыз?

А. пирамида

В. конус

С. цилиндр

Д. үшбұрыш

  1. Бауырдың ауруы не деп аталады?

А. холера

В. дизентерия

С. гатрит

Д. цирроз

  1. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қашан тойланды?

А. 1999ж

В. 2002ж

С. 2000ж

Д. 2001ж

2-топ «Талай сынды бағындырар қырандыр»

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см ауданы нешеге тең?

А. 81

В. 9

С. 18

Д. 69

 

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларының бірін ата

А. принтер

В. жүйелік блок

С. плоттер

Д. сканер

 

  1. Адам бойындағы жалпы хромосома саны нешеу?

А. 46

В. 12

С. 24

Д. 48

 

  1. Қазақстанда атом электр стан-циясы қай қалада салынған?

А. Орал қаласы

В. Алматы қаласы

С. Түркістан қаласы

Д. Ақтау қаласы

 

 

  1. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазық-тықтың барлық нүктелерінен құралған фигураны ата

А. трапеция

В. үшбұрыш

С. цилиндр

Д. шеңбер

 

  1. Қан қысымын өлшейтін құрал не деп аталады?

А. канендоскоп

В. микроскоп

С. Секундомер

Д. тонометр

 

  1. Ашқан жаңалығы үшін Зевс құдайына жүз өгіз құрбандыққа шалған

қай ғалым?

А. Ә.Фараби

В. Аристотель

С. Пифагор

Д. И.Сина

 

  1. Күнге ең жақын планета

А. юпитер

В. меркурий

С.шолпан

Д. марс

 

Сарапшы-мамандар алқасынан осы турдың қорытынды балы сұралады

 

2- жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жалғасын мен білем деп-дей келе кезекті «Ойымды жалғастыр…» кезеңіне берсек. Әр дұрыс жауапқа 10 балл беріледі.
(Сайыскерлер қол көтеріп, мақалдардың аяғын табулары керек.)
1. Жетті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)

  1. Білімнің саны емес (сапасы маңызды).

 

2-жүргізуші: Жанкүйерлерден сайыскерлерге музыкалық тарту.

 

1-жүргізуші: Сонымен интеллектуалдық сайысымыздың қорытынды балы мен жеңген команданы жариялап, марапаттау үшін сөзді сарапшы-мамандар алқасына береміз.

  (Сарапшы-мамандар алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады)
2-жүргізуші:

 

Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар.