Интеллектуалды олимпиада (11-сынып оқушылары арасындағы топтық сайыс) «Сан туралы ілім»

69

Атырау қаласы

№10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп

математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Унайжанова Аршан Закарияқызы

Интеллектуалды олимпиада

(11-сынып оқушылары арасындағы топтық сайыс)

«Сан туралы ілім»

1 және 2,3,4,5,6,7,8,9. Осы сандарда қандай құдырет бар дейсіз?Халқымыз 7 мен 9 санын киелі сандарға балаған. Сөйтсек, тегін емес екен. Шығыс күнтізбесінде соның ішінде жапондықтар мұны «Сан туралы ілім»-дейді. Бұл ілімнің белгілі болғаны мың жылдан асып барады. Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмасымызды табиғи ерекшелігімізді тағы басқа қасиеттерімізді сипаттайды.

Егер сіз «1» санын таңдасаңыз сізге қол жеткен атақ-даңқ, табыстар тек тамшылап төгілген термен, табандылықпен келеді. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік көп ортадан шеттетеді.Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға басты қасиеті. Олардың ылғида шоқтығы биік тұрады. Егер ойлағандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

Егер «3» санын таңдасаңыз, сіздің басты қасиетіңіз-кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз түра қайғыш, жүні жығылып, бәз біреулерше еңсесі езіліп кетпейді, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат-ол үшін ауадай қажет.

«5» санын таңдаған адамдардың айрықша мінезі- тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін -кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Сезімтал, интеллектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Өмірі тек қана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.

Егер сіз «7» санын таңдаған болсаңыз көбінесе-көп сізді ойлануға, философиялық толғаныстарға бастайды. Ойшылы жақсы, бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында табыстарға жетуіңіз әбден мүмкін.

«Білім алу жолындағы

табандалықтан артық іс жоқ.

Себебі, ілім кісіні ізет пен абыройға

жеткізетін құрал болып табылады»

А.Нури

I айналым

16 сұрақ беріледі. Оған «иә» немесе «жоқ» деген жауап берілуі тиіс.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

  1. Ағылшын математигі Джон Непер(1550-1617) логарифмді ойлап шығарған ба?(иә)
  2. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы П» 3,12-ге тең бе?(жоқ,

П» 3,14)

  1. Ы.Алтынсарин «миллион » ұғымын қазақ жеріне алғаш таратты ма?

(ия, 1879 жылы Орынборда)

  1. Айырмашылығы тең таңбаларында ғана болатын сандар қарама-қарсы сандар деп атала ма? (ия)
  2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы оның гипотенузасының квадратына тең деген теорема Декарт теоремасы ма? (жоқ, Пифагор)
  3. Биквадрат төртінші дәрежелі теңдеу бола ма? (ия)
  4. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш ромб бола ма? (жоқ, квадрат)
  5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп атала ма? (ия)
  6. 2 өрнегінің мәні    /2 -ге тең болама? (жоқ,  )

10 Рене Декарт координаталық жүйесін ең алғаш енгізді ме? (ия)

11.Екі қатынастың теңдігі пропорция бола ма?(ия)

  1. Р әрпінің математикалық мағынасы периметр және салмақ деп атала ма?(ия)

13.Кез-келген цилиндрдің қимасы квадрат бола ма? (жоқ)

14.Шардың көлемі  тең, мұндағы Rшардың радиусы (ия)

  1. Куб дұрыс көп жақ бола ма? (ия)
  2. Кез келген санның нөл дәрежесі бірге тең бола ма?кі қатынастың теңдігі пропорция бола ма? (ия)

 

II айналым

Математика тарихына байланысты 4 сұрақ беріледі. Әр команда 4 ұяшықтарға сұрақты өздері таңдайды. Дұрыс жауапқа 300 ұпай беріледі.

1 ұяшық

Арифметика мен алгебраны дербес ғалым ретінде негізін қалаған, ең алғаш оқулығын жазған Орта Азияның Үргеніш қаласында дүниеге келген ғалым кім? (Әл Хорезми)

2 ұяшық

«Негіздер» атты шығармасының 2 кітабында қысқаша көбейту формулаларын геометриялық тұрғыдан қарастырған Афина қаласында дүниеге келген грек математигі кім? (Евклид)

3 ұяшық

Ғылымдарды топтастыру, Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, төл теңгемімізге енген, сырдария бойында дүниеге келген ойшыл ғалым кім?   (Әл-Фараби)

4 ұяшық

Кімнің теоремасының дәлелденуі бүкіл ғылымдағы, ғасырдың аяғындағы айтулы оқиға болды? (Ферма, 1601-1665 жж.)

2-айналымдағы ұпай сандары есептеледі.

 

III айналым

Мақал-мәтелдегі қажетті санды табу керек.   Бағалануы 50 ұпай

1…..жақсы қос болмас,

……жаман дос болмас (екі)

2…..бармақ жиналса, жұдырық болады (бес)

  1. … тістен шыққан сөз,

…..рулы елге тарайды (отыз)

4…..кісі қазған құдықтан, (бір)

…. кісі су ішеді (мың)

  1. … жұрттың тілін біл, ……түрлі білім біл (жеті)
  2. Досыңды…..күн сынама, …..жыл сына. (үш)

IV айналым

Ұпай саны жасырын тігіледі, дұрыс жауап болса алған ұпайлары қосылады, ал дұрыс болмаса ұпай саны шегеріледі. 4 ұяшықта-4 сұрақ. 2-анаграмма, 2-математикалық тәуелділік

1-ұяшық: анаграмма ағылшын тілінде, артық сөзді алып тастау.

КОВО                          Вооk                    (кітап)

РАSWNEPER              Newspapes          (газет)

FINESLSUS                 Lustiness             (денсаулық) EHLTAH HEALTH

GAZMAINE                 Majgfzine             (журнал)

2-ұяшық: математикалық тәуелділікті қолданып, жоқ санды жазу

11       90     19

14     …       16        (14   90 16)

3-ұяшық: орыс тіліндегі анаграмма. Артық сөзді алып тастау.

Н А Н З И Е           (знание)

Н Ы Й У Ч Е          (ученый)

А У К А Н              (наука)

В Е Т О Т               (ответ)

4-ұяшық: Математикалық тәуелділікті қолданып, жоқ санды жазу.

14(625)11;  12(196)2;  10 (?) 5.       Жауабы: 225.

Қорытындылау: Жалпы ұпай сандары бойынша озып шыққан команданы марапаттау.