Қайталау

  1. Сабақтың тақырыбы: Қайталау 79 бет

Сабақтың мақсаты: 1Оқушыларға өткен сабақтарды қайталай отырып   естеріне есептерді түсіру. 2. Ойлау қабілеттерін дамыту   3. Ұқыптылыққа реттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  3-ті қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі:  түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

                            Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Балалар, бүгін біз сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімзге жақсы тілектер айтып бастайық.

Жарайсыңдар.

-Ондай болса керек құралдарыңды алып сабақты бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы пысықтап, талдау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Қайталау сабағы:

  1. Айырмаға байланысты есеп шығарамыз
  2. Салыстыруларды орындаймыз.
  3. Сандарды өсу, кему ретімен санаймыз.
  4. Айырмаларды орындаймыз.

Ү.Пысықтау

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқы.Есепті шығар.

Сөреде-6 кітап

әкеліп қойылғаны-2 кітап

Қалды-? Кітап

Шешуі: 6-2=4

Жауабы: 4кітап қалды.

№2 жалғастыр:

7,5                         7,4

4,7                         5,7

№3 сурет бойынша есеп құрастыр және шығар.

№4  6-2=4        8-2=6

10-2=8

Сергіту сәті

ҮІ. Үйге тапсырма