Виет теоремасы

68

 

Күні: 28.11.2009 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы

 

Сабақтың мақсаты: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген

квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және

Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып,

квадрат теңдеу құруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолда-

на білуге дағдыландыру.

  1. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін

арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім

қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылық-

ты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын

арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығар-

машылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жүргізілген бекіту сабағы.

 

Әдісі: қызығушылықты ояту, «араласып кеткен оқиға» стратегиясы, «Иә, жоқ» стратегиясы.

 

Көрнекілігі: 1. Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары.

  1. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
  2. «Сөре және мәре» ойынынан керекті анықтамалар, формулалар.
  3. Плакаттар.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру.

Сыныпты 4-4-тен топқа бөлемін. Топ басшысы сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.

 

І кезең: «Қызығушылықты ояту»

Крассворд шешеді.

Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.

К В А Д Р А
Д И С К Р И М И Н А Н Т
К О Э Ф Ф И Ц И Е Н Т
Т О Л Ы М С Ы З

 

Сұрақтар:

  1. ах+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
  2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)
  3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
  4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

 

Тарихи дерек (математик Франсуа Виет) туралы айту.

 

ІІ. Өткен материалды еске түсіру.

«Сөре және мәре» ойыны бойынша формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды.

 

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Оқушыларға әр деңгейдегі үлестірме таратылады.

1-ші жеке жұмыс.

2-ші жұптасады.

3-ші топтасады.

Тапсырмаларын бір-біріне түсіндіреді. (Әр топтан оқушылар есепті тақтада шығарады)

 

Тапсырма:

  1. Теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін тап:

2x-2x-2=0;  3x+4x-6=0;   x+6x+8=0.

  1. Виет теоремасын пайдаланып теңдеудің түбірін тап:

x-x-6=0;     x-5x+6=0;    x+4x-12=0.

  1. Белгілі түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрастыр:

А) 1,5 және -2

Б) -1 және 3

В) 1 және 2

Г) 0 және 5

  1. Теңдеуді шеш:

а) 3(x-2)-x=2x

б) 3x+3/2=1-x/4

в) (x-3)=1

г) (x-1)(x+2)+3x=10

 

Кітаппен жұмыс.

      №154, 155, 156.

 

Сабақты бекіту.

  1. «Иә» немесе «Жоқ». «Кім қирағы» ойыны.

 

 

Теңдеу Түбірлерінің қосындысы Түбірлерінің көбейтіндісі
x-37x+27=0 -37 27
y+41y-371=0 -41 -371
2x-9x-10=0 4,5 5
3x+12x+7=0 4 -7/3
3x-10=0 -10 0

 

Қатесін айтып дәлелдейді.

  1. Қандай жағдайда Виет теоремасы және оған кері теорема қолданылады?

Үйге тапсырма: № 159, 162

 

Бағалау.