Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу және азайту

82
Пәні алгебрра сыныбы 7 «г»
Тақырыбы: Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу және азайту
Мақсаты: Бөлімдері әртүрлі рационал өрнектерді қосуға және айырымын табуға үйрету. Есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Міндеті:
  1. Бөлімдері әртүрлі рационал өрнектерді қоса және азайта білу
Күтілетін нәтиже   Рационал өрнектерді қоса және азайта біледі.
Ресурстар Оқулық, тест тапсырмасы

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.Ұйымдастыру

(2мин)

1. шаттық көңіл күй сыйлау

Біз бір – бірімізге қуаныш сыйлаймыз
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз…..

Оқушылар орындарынан  тұрады. Барлығы бірге: Біз бір – бірімізге қуаныш сыйлаймыз
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз…..
2.Үй тапсырмасын

тексеру (3мин)

№ 516, № 517 Үйге берілген тапсырма ны оқушылар

ауызша айтады.

3.Тәжірибеден өту (сиыр)

(3мин)

Бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгінгі сабағымызды қазақтың мына бір ертегісімен бастайық. Ертегімізді есептерде пайдаланайық.Мақта қыз үй сыпырып жүріп жүріп мейіз тауып алды, мысығын шақырады, мысығы келмейді. Сосын өзі жеп қояды. Бір кезде мысығы келеді. Мысығы оның қатығын төгеді. Мақта қыз оның құйрығын кесіп алды. Құйрығын сұрайды менің қатығымды әкел, әйтпесе құйрығыңды бермеймін дейді. Мысық сиырға келді. Сиыр: менің сұрақтарыма жауап берсен сүт беремин дейді?

1.      Ереже (сиыр). Есімізге тағы бір түсірейік.

1. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосады?

2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтады?

Оқушылар тақырып бойынша анықтамаларын айтады.
4.Ойлан тап

(5 мин)

Одан әрі терекке келеді? Терек : мен жапырақ беремин мына есепті аяқтап берсен?

 

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген  өрнектердің белгісіз мүшелерді табады.
5.Кім тез (қыз)

(4 мин)

Қыздарға келеді. Қыздар: Су беремиз, есептерді тез шығарып берсеңіз? Оқушылар берілген есептерді тез ауызша жауап береді.
6.Оқулықпен жұмыс (дүкен) (15 мин) Мысық дүкенге келеді. Дүкенші: «сағыз беремін, егер оқулықтан мынадай есептерді шығарсаңдар?»

Кітаптан мынадай есептерді шығарайық: № 523 (2), № 524 (3), № 531 (1), № 534(2)

Әр қатардан  бір – бір оқушыдан тақтаға есептер шығаруға шығады.
7. Тест(тауық)

(7 мин)

Мысық тауыққа келеді. Тауық: «тест есептерін шығарсаңдар жұмыртқа беремін  және маған тары тауып әкеліп бер дейді»

Тест тапсырмалары:

І — нұсқа

1.Қосу амалын орында:(х+6)/5+(х-4)/5

А)  2(х+1)/5         B)  2х/5         С)  (2х+10)/5         D)3(x+5)/5

2.Азайту амалын орында:(5a-b)/b-  (3a-2b)/b

А)  (2a+b)/b          B)  (2a+3b)/b          С)  (2a-3b)/b   D)((a-b))/b

3.Өрнекті ықшамдаңдар:(2a-3b)/(а^2 b)-  (4a-5b)/(аb^2 )

А)  (3ab+3b^2-4a^2)/(a^2 b^2 )           B)(7ab-3b^2-4a^2)/(a^2 b^2 )

C)-(3ab+3+4a^2)/(a^2 b^2 )

D)(3ab-3b^2-4a^2)/(a^2 b)

4.Есептеңдер:(a^2+1)/(a-3)-  10/(а-3),мұндағы a=97

А) 3             B) 106         C) 94           D)100

5.Амалды орында:6a/(x^2-9)-  5a/(x-3)-  a/(x+3)

А)-  6a(x+1)/(x-3)(x+3)                B)  5a/(x-3)(x+3)

C)  (6a+2)/(x-3)(x+3)                   D)  6a/(x-3)

ІІ – нұсқа

1.Қосу амалын орында:(3а+1)/b+(2а+4)/b

А)  5(а+1)/b         B)  5(а-1)/b     С)  5а/b           D)((а+1))/b

2.Азайту амалын орында:5a/4-  (a+4)/4

А)  (a+1)/4         В)    а-1         С) а+1           D)(6a+4)/4

3.Өрнекті ықшамдаңдар:(5х^2-3у)/(х^2 у)+  (6х-2у^2)/(х^2 у^2 )

А)  (5х^2 у-5у^2)/(х^2 у^2 )             B)(5х^2 у-5у^2+6х)/(х^2 у^2 )

C)(5х^2 у)/(х^2 у^2 )                         D)5ху

4.Есептеңдер:(х+7)/(х^2-25)-  (2х-2)/(х^2-25),мұндағы х=-5,1

А)-10                  B)0,1           C)-0,1             D)10

5.Амалды орында:a/(1-b)-  a/(1+b)-  2a/(1-b^2 )

А)  2/(1-b)(1+b)        B)  2a/(1-b)(1+b)    C)  2ab/((1+b) )   D)-2a/(1+b)

Тест жауаптары:

І – нұсқа: 1.а, 2.а, 3.в, 4.д, 5. А            ІІ – нұсқа: 1.а, 2.в, 3.в, 4.д, 5.d

Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Көршілес отырған екі оқушы бір – бірімен тест тапсырмаларын алмастырып тексереді. Тест жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі.
8. Тапқырлық (тышқан)

(7 мин)

Мысық тышқанға келеді. Тышқан: «мына кестенің астында цифрдың астында есеп бар, соны шығарып берсен  тары беремін – дейді.»

Бөлшекті қысқарт

 

Формула
Есепте
Бұл кезеңде оқушылар үш бөліктен тұратын әрқайсысы 10,20,30 ұпайдан тұратын тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

 

9. Үй тапсырмасы (1 мин) Оқулықтан № 523 (3,4), № 524 (2), № 531 (3,4), № 534(3,4)

 

Оқушылар тапсырмасы күнделіктеріне жазып алады.
9. Қорытынды. Бағалау

(3 мин)

Мақта қыз дейін кері байланыс жасап, қатысып отырған оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалаймын. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды қалай бағалағанын айтады.