Формулалар

1888

 

Пәні:  Математика Күні: Сынып: 5
Сабақтың  тақырыбы Формулалар
Сабақтың мақсаты: 1.      Әріптері бар теңдіктермен жазылатын ережені білу;

2.      Бір шаманы екінші шама арқылы өрнектеуді түсіну;

3.      Есептің мәтіні бойынша формула құрастыруды үйрету;

4.      Мәтін есептің маңыздылығын айқындайды.

Оқытуда қолданылатын

әдіс — тәсілдер

«Маған көрсет», «Үш шапалақ», «Бағдаршам», «Еркін талқылау», «Суретті сипатта»,   «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқыту нәтижесі: 1.      Әріптері бар теңдіктермен жазылатын ережені  формуламен жазылғанын білетін болады.;

2.      Бір шаманы екінші шама арқылы өрнектеуді түсінетін болады;

3.      Есептің мәтіні бойынша формула құрастыруды үйренетін болады;

4.      Мәтін есептін маңызы мен пайдасын  айқындай  алады.

Негізгі идеялар Периметр, аудан, көлем, жол, жылдамдық, уақыт, куб, параллелепипед, формула
Негізгі дерек көздері, көрнекіліктер Математика: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық/            А. Алдамұратова, Е.Байшоланов.-Алматы: Атамұра, 2005.

Электронды оқулық, 5-сынып, интерактивті тақта, геометриялық модельдер, плакат, түрлі түсті стикер, смайликтер

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс – әрекеті
 

Кіріспе

 

 

 

   Ұйымдастыру. 2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, Психологиялық дайындық жасау.

Өлшем бірліктер бойынша  топқа бөлу – ұзындық, көлем, аудан.

 

Оқушыларға бірлесіп топтық  жұмыс жасайтындығын айтады.

 

        Мұғаліммен амандасады.

 

 

Өлшем бірліктері бойынша топтаға бөлінеді.

 

Топ басшысы сайланып, өзге топ мүшелерінің қызметі анықталады.

 

ІІ. Өтілген материалды жинақтау, жүйелеу          мин

«Маған көрсет» ойыны. Тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мұғалім       3-ке дейін санап болғанда, дұрыс жауап ұсынылады.

 

Дұрыс жауап үшін оқушылар саусақтарын көтереді.

 

«Үш шапалақ» арқылы бағалау

ІІІ.Тұсаукесер

3 мин

 

 

 

 

 

 

Білу.  «Миға шабуыл»

1.Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері (ұзындығы, биіктігі, ені) неше сантиметр?

2. Тік бұрышты параллелепипедтің неше қыры, неше төбесі бар?

3.Кубтың неше жағы бар? Кубтың жағы қандай фигура?

 

Тік бұрышты параллелепипедтің, кубтың  өлшем бірліктері арқылы нені табуға болады?

Нақты деректермен жұмыс жасайды.

  1. Өлшейді
  2. Санайды
  3. Анықтайды.

 

 

Тік бұрышты параллелепипедтің, кубтың  өлшем бірліктері арқылы оның бір жағындағы тік төртбұрыштың периметрін, табан ауданын, көлемін табуға болатынын айтады.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

IV. Жаңа материал

15 мин

Түсіну.  12 мин

Еркін талқылау әдісі арқылы жаңа тақырыпты  меңгерту.

І топ.

Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы:

Р=2а+2в немесе  Р=2(а+в).

Мұндағы Р-периметрі, а-ұзындығы, в-ені.

Квадраттың периметрінің формуласы:   Р=4а

Үшбұрыш  периметрінің формуласы:  Р=а+в+с

Мұндағы а,в, және с үшбұрыштың қабырғалары.

ІІ топ.

Тік төртбұрыштың ауданының формуласы:  S=ab

Мұндағы S-ауданы

Квадраттың ауданының формуласы:

S =а2

Тік бұрышты параллелипипедтің көлемінің формуласы: V= abc

Мұндағы V –көлем, а-ұзындығы, b-ені, с-биіктігі

Кубтың көлемінің формуласы:V= a3

ІІІ топ.

Жолдың формуласы: s=vt

Мұндағы s-жол, v-жылдамдық, t-уақыт.

Заттың құнының формуласы: C=an

Мұндағы С-заттың құны, а-заттың бағасы, n-заттың саны (көлемі)

 

     Өзара достық қарым- қатынас құра отырып, топпен жұмыс жасайды.

 

Топтар бір-біріне постер қорғау арқылы түсіндіреді

 

Нақты мысалдар келтіреді.

 

Топтар жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

2 мин

 

«Суретті сипатта» ойыны.

Интерактивті тақтада түрлі суреттер мұқият қарапталуға ұсынады. (10секунт) Суретті жасырып есінде сақтағанын сипаттап беру талап етіледі.

Оқушылар тақтадан не көргендігі туралы айтады.

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.

Бекіту

10 мин

Қолдану. Оқулықтан тақырып бойынша есептер шығару. Деңгейлік тапсырмалар.

І топ №104     120

ІІ топ №105,   119   ортақ есеп №123

ІІІ топ №106,  118

Мәтін есептермен жеке жұмыс жасайды.

 

Бағалау парағы арқылы тексереді.

Талдау. Геометриялық фигураларды пайдаланып, формулалар арқылы есептеу жүргізіңіз:

І топ. Тік төртбұрыш пен ұшбұрыштың периметрін салыстыр.

ІІ топ. Тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын салыстыр.

ІІІ топ.Тік бұрышты параллелепипед пен кубтың көлемін салыстыр.

Геометриялық модельдерді өлшейді.

Өлшемдер арқылы формулаларды пайдаланады. Есептеу жүргізеді. Салыстырады.

 

 

 

 Мадақтау, жылы шырай таныту

Жинақтау. Кеңейтілген тапсырма

№1 тапсырма

Дұрыс жауапқа «иә», дұрыс емес жауапқа «жоқ» сөзін қолданыңыз.

№1 тапсырманы топпен бірлесіп жұмыс атқарады, өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 тапсырманы еске түсіре отырып оқушылар жеке орындайды.

 

Тұжырым жасай білуге дағдыланады.

Формула Иә, жоқ Ереже
Р=2(а+в) оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең
V= abc   оның ұзындығын  ені мен биіктігіне көбейткенге тең.
s=vt   ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең.
S=ab   Жол жылдамдық-тың қозғалыс уақытына көбей-тіндісіне тең.

№2 тапсырма.

Формула Ереже
Р=2(а+в)
V= abc
s=vt
S=ab
Бағалау. Формуланы қолданудың пайдасы бар ма? Себебін түсіндіріңдер. Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіреді.
Қорытынды Жинаған ұпай санын жұмыс дәптеріне жазу Ұпай санын жұмыс дәптеріне жазып, өзін-өзі бағалайды.
Үйге оқып үйренуге

1 мин

№108, №109

30 беттегі сұрақтарға жауап жазу

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

 

Рефлекция

2 мин

Смайликтер арқылы кері байланыс жасау. Өз ойларын еркін білдіреді.