Ең үлкен ортақ бөлгіш ЕҮОБ

205

Алматы облысы Талғар қаласы  №7 жалпы білім беретін мектеп – лицейінің  математика пәнінің мұғалімі Рашаева Мейрамкуль Жайкожаевнаның қысқа мерзімді жоспары

 

21.11.2014 математика

 

5 «а» сыныбы

 

Сабақ тақырыбы:   Ең үлкен ортақ бөлгіш ЕҮОБ
Жалпы мақсат:  Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру, ЕҮОБ туралы түсінік беру
Сілтеме: Математика-5 Алдамұратова Т, «Атамұра» баспасы

Әдістемелік нұсқау, Абылкасымова А «Мектеп» баспасы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: ЕҮОБ табу алгоритмін үйрену
Негізгі идеялар: ЕҮОБ табу
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: Проектор, үлестірмелер, фишкалар
Оқыту әдістері: Диалогтық оқыту;

Топпен жұмыс;

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау;

АКТ қолдану;

Дарындылықты анықтау;

Көшбасшылықты анықтау;

Сыни тұрғыдан ойлау.

Дерек көздері: Математика-5 Алдамұратова Т, «Атамұра» баспасы

Әдістемелік нұсқау, Абылкасымова А «Мектеп» баспасы

Тапсырмалар: Есептер, ойындар
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Сыныпты топқа бөлу  (2 мин) «Ой қозғау» стратегиясын пайдалана отырып, білімдерін тексеру және топқа бөлу
Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушылар өздеріне таратылған фишкалардағы сандарды  зерттей отырып, өз тобына орналасуы керек.

Оқушының іс-әрекеті:  Жай сандар,  санның квадраты, 3ке бөлінетін сандар, 5ке бөлінетін сандар, 2ге бөлінетін сандар топтарына бөлінеді. Топ басшысын сайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау    (5 мин)   Слайдтағы шығарылу жолы арқылы үй жұмысын топ басшылар тексереді.
ІІІ. Топпен жұмыс (13 мин)

1)      Слайдағы тапсырмаларды орындай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.

 

2)      Жаңа тақырып  айтылған соң , сабаққа критерий құрылады:

I.            Натурал сандарды жай көбейткішке жіктей алу;

II.            ЕҮОБ(ең үлкен ортақ бөлгішті) таба білу;

III.            Жылдам есептеу дағдысы.

3)      Тақтада мысал келтіріліп, ЕҮОБ табу түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

4)      ЕҮОБ табу алгоритмін құру тапсырылады. Әр топ ақылдаса отырып, алгоритмді құрады. Мұғалім қорытындылайды.Топ басшылары өздеріне  берілген тапсырманы тобына түсіндіре отырып  орындайды,    әрі  тобына қалай орындау керек екенін түсіндіруі керек.

5)      Оқулықтағы  №286 есепті оқушылар өз тобымен орындайды. Топтардың ынтасына, жылдамдығына қарай фишкалар беріледі.

1)      Натурал сан дегеніміз не?

2)      Жай сан дегеніміз не?

3)      Құрама сан дегеніміз не?

4)      24 санының бөлгіштерін ата.

5)      Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?

6)      Жай сандар кестесін кім жасаған және қалай жасаған?

 

 

 

 

 

ЕҮОБ(24,40) =?

24 2             40 2

12 2             20 2

6  2             10 2

3  3              5  5

1                  1

ЕҮОБ(24,40) =2·2·2=8

 

ЕҮОБ(42,60) =?

 

ЕҮОБ(45,81) =?

 

ЕҮОБ(33,12) =?

 

ЕҮОБ(25,20) =?

 

ЕҮОБ(26,65) =?

 

Сергіту сәті: «Ұшты, ұшты» ойынының элементтерін қолдана отырып, жай сандар мен құрама сандарды ажырата білуге тәрбиелеу
                            IV.            Шығармашылық тапсырма:  (15мин)

«Математикалық казино» ойыны ойналады.

№291, №292, №290 тапсырмаларын аукционға салу арқылы орындайды,
                               V.            Қорытындылау(1мин) Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
             VI.Келесі оқылым:  (2 мин) Оқушының іс-әрекеті:Үйге  тапсырма №287, 290(2)
                VII.Бағалау:   (2 мин)

Мұғалім іс-әрекеті:

Формативті бағалау

 

Оқушының іс-әректі:

Топ басшылары топ мүшелерін  жиналған фишкаларды бөліп беру арқылы  бағалайды

VIII.Рефлексия:(5мин)

Келесі сабақтан не күтесің?

 

Параметрлер 5 4 3
Натурал сандарды көбейткішке жіктей алуым
ЕҮОБ-ті таба білуім
Жылдам есептеу дағдым
Барлық ұпай

 

 

 

 

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: