Жай есептерді шығаруға үйрету.

Жай есептерді шығаруға үйрету.

Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі арифметикалық амалдар туралы ұғым қалыптасады.  Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді меңгеруіне дайындық кезеңі болып табылады, өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Есепті шығарғанда қалыптасатын ұғымдарға байланысты үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсысының нақты мәнін ұсынады, яғни балалар қандай арифметикалық амалдар жиындарға қолданылатын қандай да операцияға сәйкес болатындығын ұсынады.

Бұл топқа бес есеп жатады: екі санның қосындысын табу, қалдықты табу, бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін) табу, тең бөліктерге бөлу, тиісінше бөлу.

Екінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда оқушылар  арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұсынады. Оларға белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді.

Олар мыналар: берілген қосынды мен екінші қосылғыш бойынша бірінші қосылғышты табу, белгілі қосынды мен бірінші қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу, белгілі азайтқыш және айырма бойынша азайғышты табу, белгілі азайғыш пен айырма бойынша азайтқышты табу, белгілі көбейтінді мен екінші көбейткіш бойынша бірінші көбейткішті табу, белгілі көбейтінді мен бірінші  көбейткіш бойынша екінші көбейткішті табу, белгілі бөлгіш пен бөлінді бойынша бөлінгішті табу,белгілі бөлінгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу.

Үшінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады,ол есептерді шығарғанда арифметикалық амалдардың жаңа мағыналары ашыла түседі.Оларға айырма ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) және қатынас ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) жатады.

Олар:сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (бірінші түрі), сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (екінші түрі),санды бірнеше бірлікке арттыру (тура формасы),санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама формасы),санды бірнеше бірлікке кеміту (тура формасы),санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама формасы).