Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

56

 

7 қазақ сыныбы. Алгебра пәні

Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:

  1. Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын меңгеру
  2. Білік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту
  3. Еліміздің мақтанышы Астана бас қала туралы,гүлденуіне өз үлестерін қосуға мүмкіншіліктерінің бар екендігін түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта ,флипчарт , деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың типі: жаңа білім игеру сабағы.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушыларды түгендеу;

— Қане оқушылар өзіміздің тапқырлығымыз бен жылдамдығымызды бір дәлелдеп көрейікші!

Сөз жұмбақ шешіледі

 

к е с і н д І
ә с е Л
ш а р ш Ы
к ө б е й т у
ж и ы н
т е ң д е у

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сендер қалай ойлайсыңдар неліктен мен «Дәреже» сөзін жасырдым?

Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.
Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең , олай болса әрқайсыларың бүгінгі сабаққа өз мақсаттарыңды қойып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.

Олай болса сол қойылған мақсатымызға жетуге әрекет жасайық

 ІІ. Негізгі бөлім

  1. жаңа білім игеруге даярлық:
  2. жаңа білім беру

1.Мысалдар қарастыру

а∙а∙а…∙а=а^n (оқушылар тірек білімі негізінде ойларын түйіндеп, дәреже анықтамасын тұжырымдайды)
2. ауызша теориялық сұрақ-жауап:
3 санының өзіне-өзінің  көбейтіндісін он рет қалай жазу тиімді?
Көбейтіндіні дәреже түрінде жазудың қажеттілігі және тиімділігі неде?
3.  Жаңа білімді бекіту:

  1. Өсе бер, өрлей бер Астана!

Алғырлар және Зеректер болып екі топқа бөліне қалыңдар. Оқушылар Астананың өсіп өркеуіне ,сендердің де қосатын  мүмкіншіліктерің үлестерің зор. Осы Астанадағы биік-биік зәулім үйлерді салғандар ,бір күнде сендер сияқты партада отырған оқушылар.  Олар білім  шыңына жетіп , шыңдалып Астанамызды көркейтуде.Енді қазір бізде Астанамыздың төрінен өз зәулім үйлерімізді салып көрейік! (Ойын барысы түсіндіріледі.)

Сергіту сәті.

Деңгейлік тапсырмалар  орындау .

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Есепте.

25; (-5)4 ; (-6)3 ;

(-3 ) 4; -(3 ) 4

  1. Өрнектің мәнін тап.

А) (0,61*5а3-15)2, мұндағы а=2

Ә) 0,3а2, мұндағы а=-18

  1. А) п-нің қандай мәнінде 3п∙2п+2=864 теңдігі тура болады?

Ә)Алғашқы арифметикалық  төрт амалды қолданбай, 2 цифрын үш рет пайдаланып 16 санын жаз.

  ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушыларға сұрақ

Дәреже дегенді қалай түсінесіңдер?

Мысал келтір.

 

Оқушылар сонымен қойған мақсатымызға жеттікпе ?

Енді оқушылар бүгінгі сабақ бойынша әркім өз ойын, тілегін жеткізуге болады.Слайд арқылы сабақтан түсінген ойларын және Астана қаласына қосатын өз үлестерін айту

Бағалау

 

Мұғалімнің қорытындысы