Білімді ұрпақ – ұлт болашағы

78

Тақырыбы:  Білімді ұрпақ – ұлт болашағы

Мақсаты:  Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақ түрі:  танымдық ойын

Барысы:

Мұғалім:  Құрметті оқушылар!  Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.

Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын

Білім – кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың  оза  шауап  бара  жатса

Арқаның ауруы не  қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет  Ізтілеуов айтқандай  білім сайысына құлшынып тұрған  білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.

Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)

І  айналым  « Кім көп біледі?»

ІІ айналым  « Полиглот ойыны»

ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»

ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»

Ү айналым   Логикалық сұрақтар  « Ойлан тап»

Тәрбиеші:  Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп  әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!

І – « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді  білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.

  1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма?  Ия
  2. Абай атамыздың  шын  аты  Ибраһим  дегенге келісесіз бе? Ия
  3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма?  Ия
  4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
  5. « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
  6. « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
  7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
  8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
  9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма?  Жоқ
  10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе?  Ия
  11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ

 

  1. « Палау» қазақтың  ұлттық  тағамына  жата ма? Жоқ
  2. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
  3. 22 наурыз қазақ  халқының  Жаңа  жылы  дегенге  келісесіз бе?  Ия

ІІ  Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.

  1. Жақсы … үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
  2. Айдың он бесі …. , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
  3. Көңіл сырын … білдіреді ( көз, глаз, eye)
  4. ……. – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
  5. Еңбегі жоқ ….. – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
  6. Көз қорқақ, …. батыр ( қол, рука, hard)
  7. …. басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
  8. …… алма, білім ал  ( алтын, золото, gold)
  9. Есепші ….. қарайды, айды, күнді санайды   (аспан, небо, sky)
  10. Күндіз … алса, түнде үкі алады  ( бүркіт, орел, eagle)

 

ІІІ –  « Ата салтың – халықтық қалпың»  Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.

  1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
  2. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
  3. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
  4. Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
  5. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
  6. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

 

ІҮ — « Іздеген жетер мұратқа»  ойын ережесі:  2 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.

 

                                            Қазақ тілі

50 ұпай – Буынның неше түрі бар және оларды ата?  ( ашық, тұйық, бітеу)

100 ұпай – Бір-біріне қарама-қарсы сөздер ( антонимдер)

200 ұпай – жалпы халыққа ортақ түсініктер сөздер не деп аталады? ( жалпылама лексика)

 

                                                  Спорт

50 ұпай – Футбол ойынына қанша адам қатысады?  (11 адам)

100 ұпай – Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)

200 ұпай —  Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)

 

Ү — Логикалық сұрақтар  « Ойлан тап»

  1. Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:

БЫЖҢАР      Жаңбыр

ЗАНЙЙҒАА      Найзағай

КҚҚОАЕІПМРС    Кемпірқосақ

СЫЖАРОБЛ   Жолбарыс

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады?   ( түс)
  2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
  3. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
  4. 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
  5. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
  6. Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
  7. Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)

 

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапталады.

Қорытынды: Нені білдік?Нені үйрендік?