Кері есептер +4; -4

12.Сабақтың тақырыбы:  Кері есептер +4; -4   93 бет  

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кері есептер туралы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру   Оқыта отырып үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру«Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Балалар біз бүгін кері есептер туралы түсініктерімізді кеңейтеміз

Ү. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс

№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу

Алма – 5                                             Алмұрт — 9

Алмұрт — ?, 4-еуі артық                     Алма — ?, 4-еуі кем

Шешуі: 5+4=9                                    Шешуі: 9-4=5

Жауабы: 9 алмұрт                              Жауабы :5 алма

Дәптермен жұмыс

№ 2 тапсырма

3>2    4<1     7>5     6<8     9<5    6>10

Теңсіздіктерді екі бағанға жаз. Тура емес теңсіздіктерді тура теңсіздіктермен алмастыр.

ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Қосымша тапсырмалар орындат

ҮІІ. Білімді бекіту

Логикалық тапсырмаларды шешу

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Бағалау

№ 3 тапсырма

Оқушыларды бағалау