Келтіру формулалары

Сабақтың тақырыбы: Келтіру формулалары

Сабақтың мақсаты:

   Білімділік:  Оқушыларға сүйір бұрыштың тригонометриялық функциясының  әрбір бұрышындағы синустыың, косинустың, тангенстің, котангенстің келтіру формулаларымен таныстыру, осы формулаларды тригонометриялық  өрнектерді түрлендіруде және есептерді шығару кезінде қолдануды үйрету;

  Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.

  Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне  қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу және «Білімнің басы- бейнет, соңы –зейнет» екендігін оқушылардың санасында бекіту

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, оқулық, кеспе қағаздар, формула жазылған карточка,мақалдар жазылған есеп карточкасы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану. Әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларының қатысымы. Оқушыларды топқа бөлу, зейінін шоғырландыру.Сабаққа дайындығын тексеру.

«Жұлдыздар» тобы

 

 

 

 

 

Р/сАты –жөнібаллбаллбалл
1Жамбыл Әсел
2Мүтән Шекер
3Маткарим Сұлушаш
4Жұмабек Ақниет
5Байкенжеева Гүлсезім
6Әбдраман Әкімжан
7Хасен Бақдаулет
8Төрехан Жасұлан
9Жүрімбай Ринат
10Әбутәліп Ербол
11Тұрғанбек Гүлмейрім
12Еркінбек Ерқанат
13Әжмұрат Жанболат
14Қасымбек Мереке
15НұрланұлыАрман

 

«Білгірлер» тобы

 

 

 

 

 

Р/сАты –жөнібаллбаллбалл
1Сағындық Ақбота
2Әбдрашит Ажар
3Ақбаева Акерке
4Ибрагим Нұрсұлтан
5Ишар Нұрмұхаммед
6Нартай Тоғжан
7Құдреттулла Әйгерім
8Әкім Мадина
9Әлиакбар Жәдігер
10Әлайдар Аружан
11Жұмахан Нұрхан
12Тілеген Ғазиз
13Асхат Өскен
14Тәңірберген Бибайым
15

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру..Негізгі  тригонометриялық тепе-теңдіктердің формулаларын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты бастар алдында әр оқушының партасына формула жазылған мына карточканы тарқатамын;онда өткен тақырыптың да формулалары бар . Сонымен жаңа таққырыпты бастаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                Берілген тақырыпты  игере отырып, сүйір бұрыштың

тригонометриялық функциясының әрбір бұрышындағы синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің келтіру формулаларымен танысып, осы формулаларды тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде және есептерді шығару кезінде қолдануды үйренесіңдер.

     Тригонометриялық функциялармен байланысты көптеген есептерді шығаруда тригонометриялық функцияның кез келген бұрышын тригонометриялық функциялардың сүйір бұрышына келтірудің маңызы зор. Басқаша айтқанда, егер  (мұндағы k- кез келген бүтін сан, α — сүйір бұрыш) бұрышының функциялары берілсе, онда оларды  α-бұрышына байланысты тригонометриялық функцияларға келтіру ыңғайлы. Ол үшін арнайы берілген келтіру формулалары қолданылады.

Біз тек кейбір жағдайларда ғана қолданылатын келтіру формулаларын

k = 1; 2; 3; 4 болған жағдайдағы     өрнегін, яғни   ; ; ;   бұрыштарын қарастырамыз.

     Басқа бұрыштар (k-ның бүтін мәніне сәйкес қалған бұрыштар) жоғарыда көрсетілген бүтін бұрыштардың шамаларына 2π; 4 π; 6π және т.б. қосу жолымен алынады.

   Алдымен синус пен косинус үшін келтіру формулаларын қарастырайық. Ал олар арқылы тангенс және котангенс үшін келтіру формулаларын оңай қорытып шығаруға болады.

   ІІ ширектегі синус және косинус үшін келтіру формулаларын қорытып шығарайық. ІІ ширектегі әрбір бұрышты  түріне келтіру болады

 ( мұндағы α -сүйір бұрыш).    Шеңбер алайық.

О нүктесін айналдыра шеңбердің R = OA радуысын – бұрышына бұрайық, сосын   бұрышына тағы да бұрамыз. Осы бұрулар кезінде ОА радиусы сәйкес ОВ және ОВ1 радиусына ауысады. В және В1 нүктелерінен координаталық осьтерге перпендикуляр түсіреміз. Нәтижесінде ОСВД және ОС1 В1 Д1 екі төртбұрышты аламыз. ОС1 В1 Д1 тік төртбұрышын оң бағытта бұрышына бұру арқылы шықты. Расында ВОВ1 =     болғандықтан, бұру кезінде В нүктесі В1 нүктесіне көшеді. Дәл осылай С нүктесі С1 нүктесіне, ал Д нүктесі Д1 нүктесіне көшеді. Содықтан В1 нүктесінің ординатасы ретінде В нүктесінің абсциссасын, ал В1 нүктесінің абсциссасы ретінде В нүктесінің ординатасын қарама-қарсы таңбамен алуға болады:

y1 = x   және  x1 = -y

немесе   және

   Аңықтама  бойынша бұрыштың синусы ординатаның радиусқа қатынасына тең екенін білеміз, яғни

,   sin α =

Дәл осылай

cos, ал cos α =

Осы берілгендерді ескере отырып, кейінгі теңдіктерден мынаны аламыз:

 (1)

 

 [2]

   [3]

    [4]

  [5]

  [6]

 

 

 

1-тапсырма.   (00; 900) аралығындағы бұрыштың тригонометриялық функциясына келтіріңдер:

а) tg137=  tg (900 + 470) = — ctg 470 = — tg 430.

б) sin (-1780) = — sin (1800 – 20) = — sin20 = — cos 780.

в) sin 6800 = sin (7200 – 400) = — sin 400.

г) cos (-10000) = cos (10800 – 800) = cos 800.

2-тапсырма. Өрнектің мәнін табыңдар.

а) sin 240o = sin (180o+60o)= — sin 600 = — .

в) tg 300o = tg (360o — 60o) = — tg 600 = — .

с) ctg (- 225o) = — ctg (180o +45o) = — ctg 45o = -1.

д)  соs(-210) = cos(1800+300) = — cos 30= — 0.5

ІҮ. Бекіту бөлімі.

1.Оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі (жұптық тапсырма).

 

tg(π-α)cos α
ctg(π+α)cos α
sin(360-α)tgα
cos(360-α)ctgα
ctg(360-α)— sinα
tg(360+α)— ctgα

 

tg (π+α)cos α
ctg (π-α)cos α
sin(360+(-α))tgα
cos(360+α)ctgα
ctg(360+α)— tgα
tg(360-α)ctgα

 

1.Қандай жағдайда функция өзгермейді? 

2.Қай уақытта тригонометриялықфункциялардың аттары өзгереді?

3.Келтіру формуласының оң жағындағы  функцияның таңбасын қалай анықтауға болады?

Ү. Бағалау. Оқушыларды деңгейлік тапсырмаларын орындағанына қарай бағаланады.Әрбір тапсырманың  сырт жағында білім  және оқу туралы мақал-мәтелдер жазылған Яғни барлық деңгейді орындаған оқушыға «5» баға, екі деңгейді орындаған оқушыға «4» баға, тек бірінші деңгейді орындағаны үшін «3» бағамен бағаланады.

ҮІ. Үйге  тапсырма:

  1. §21- оқу.
  2. №335