100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар

78

100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар

Мақсаты:

 

1.       Интеллектуалдық ойын арқылы ептілікке, өз ара сайыс түрінде қарапайым болса да логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды есеп, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу;

2.       Оқуышларды пәнге деген сүйспеншілікке, білімге, құштарлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

3.       Ойын арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.

 

«Өмір деген көк  мұхиттың  толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі  гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»-деп Төлеген Айбергенов жырлағандай  өмірдің өзі сайыс.

 

Құрметті  ұстаздар,  оқушылар! Бүгін  7 сынып  оқушылары  арасында  математикадан  «100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар» атты  білім сынағының куәгері боласыздар. Оқушылар тапқырлығымен көзге түсер деп  ойлаймын. Ортаға  ойынға қатысушы оқушыларды  шақырамыз. Оқушылармен танстыру.

1.      Сағитжанова Айым

Ұнататын сабағы тарих, ағылшын тілі, алгебра, болашақта дәрігер болғысы келеді. Бүгінгі жарыста  соңғы кезеңге дейін сүрінбей өтсем дейді.

2.      Болатбек Алина

Сүйікті ойыны тоғызқұмалақ. Ұнататын пәні ағылшын тілі, математика және телеарнадан интелектуалды ойындарды үзбей көреді. Болашақта ұстаз болғысы келеді.

3.      Ыбырай Бекзат

Өскенде  әскери қызметкер болғысы келеді. Бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады.  Еркін күреспен шұғылданады. Бүгінгі жарыста жеңіске жету.

4.       Жұмабай Назгүл

Бос уақытында  сабағын оқып, теледидар көріп, далаға шығып достарымен ойнағанды ұнатады.Мақсаты дәрәгер болу.

5.Өсер Бақберген

Өскенде футболист болғысы келеді. Күреспен шұғылданады. Ұнататын пәндері алгебра, әдебиет, ағылшын. Бүгінгі жарыста қарсыластарына қуаныш,  өзіне жеңіс тілейді.

6.Мухамерова Жұлдыз

Болашақта дизайнер болғысы келеді. Сүйіп оқитын пәндері алгебра, технология, ағылшын. Бүгінгі  жарыста жеңіске ие болу.

7.Карипов Асылан

Мақсаты жоғарғы оқу орнына түсу. Еркін күреспен шұғылданады. Бос уақытында қызықты кітаптар оқығанды ұнатады.

8. Ермек Әсет

Өскенде футболист болғысы келеді. Күреспен шұғылданады. Ұнататын пәндері алгебра, әдебиет, ағылшын. Мақсаты жеңіске жету.

Енді  әділқазылар алқасымен  танысайқ.

1.

2.

3.

Құрметті  жиылған қауым, мен сіздерге  мына бір  мақалды  айтқым  келіп тұр.  «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші,  ойыншыларға  сәттілік  тілеп, ойынды бастаймыз. Ойын 5 кезеңнен тұрады.

Ø  Бәйге (10б)

Ø  Тілөнері (30б)

Ø  Сүйікті  тақырып (30б)

Ø  Көкпар (30б)

Ø  Жорға (10б)

Әр кезеңнен кейін ұпайы төмен і оқушы шығып отырады.

Осындай  дүбірмен күй  ақтарған,

Бәйгеден озып келу сияқты арман.

Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,

Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.

 

І кезең

Бәйге  жарысын бастаймыз.

 

1.      Отырардан  шыққан  ұлы   ойшыл,  данышпан, ғалым математик. (Әл-Фараби)

2.      Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3.      Геометрияның негізін қалаған  математик. (Евклид)

4.      Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1сағат 20 минут  ұшады, ал кері қарай  80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай  түсінуге  болады? (1сағат 20 минут = 80 минут)

5.      Әріпті  өрнектің алдындағы  сандық көбейткіш қалай аталады? (Коэффициент)

6.      Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап. (х)

7.      Күшіне сенген бір мықты, жығып алып  сегізді барайын қайда дегізді? (шексіздік)

8.      25 пайыз жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен қалай аталады?

¼;  0,25;

Ұпайы төмен бір оқушы шығып отырады.

 

Бұл кезеңнің сұрағы,

Көпшілікке  ұнайды.

Көп сұрақтың  орнында,

Қандай сөздер тұрады.

Ойланайық азырақ,

Уақытты үнемдеп.

Кім айтады кәнеки?,

Жауабын  мен білем деп.

 

ІІ кезең

Тіл өнері

 

1.      Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

2.      Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді.

Шыққан тегі білсін де. (түзу)

3.      Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап)

4.      Егер Т-дан бастасаң, санмын.

Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт, өрт)

Ұұпайы төмен бір оқушы шығып отырады.

Тұяқтан құйын-перін шаңды ойнатып,

Бұл жолы дарындардан сыймайды аты.

Мәреге бұрын жетіп бос жусанда,

Шаттықтан аунап жату қандай бақыт.

ІІІ кезең

«Ғажайып үштік»

Логикалық есептер

 

1.                  8кг  алмадан  тосап қайнату үшін оған оған 4 кг қант қосады. 24кг алмадан  тосап қайнату үшін оған қанша кг қант қосу керек?

(12 кг) 20 б

2.                  Медеуге  бара  жатқан  Бауржанға қарсы  4 адам  кездесті.Әр қайсысының қасында 1 баладан бар.  Медеуге қанша адам бара жатыр?  (Бауржан) 30б

3.                  Жанар қағазға  86 теңгені жазып, өзінің жолдасына  айтты. Ешқандай жазу жазбай  осы қолындағы қағазды 12-ге арттыруды өтінді. Ол қалай?

(86-98) 40б

Формулалар

1.      (a +b)+с = a +(b+с)

а) Қосудың ауыстырымдылық заңы.

б) Қосудың терімділік заңы.            20б

в) Көбейтудің терімділік заңы.

2. a п= a a a …a

а) Натурал көрсеткішті дәреже       30б

б)  Бүтін теріс көрсеткішті дәреже

в) Дәреженің қасиеттері

3. am: bn =

а) am-n   40б

б)  a a

в) am+n

Ауызша есептер

1.      Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шумақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты, қос ешкі.

Тор қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой. (17 бас мал)

2.      Атам, әжем, ағаммен.

Әкем, інім және мен, анам және енесі

Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.

Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.

Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің? (11 адам) 30б

3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде   барлығы неше мысық отыр. (4 мысық) 40 б

Ұпайы төмен екі оқушы шығып отырады.

 

Таза мінсізі  асыл тас,

Су түбінде  жатады.

Таза  мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

 

IV кезең

Көкпар

 

Компьютердің  зияны мен пайдасы.

Балы төмен оқушы қарама-қарсы тұжырым айтады.

1.Зияны

— Компьютер баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді;

— Компьютерде ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп жұтады;

-Көз көру қабілеті нашарлайды;

-Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді. Т.б.

2.Пайдасы

— Баланың ойлау қабілетін күшейтеді;

— Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады;

— Компьютермен қорықпай жұмыс жасауға үйретеді;

— Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді;

— Білімге құштарлығын оятады. Т.б.

 

Ұпайы төмен екі оқушы шығып отырады.

 

 

Алдағы біз  баратын бағыт анық

Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.

Жорғада аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық.

 

V кезең

Жорға

А-нұсқасы

 

1.Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус

2. Сәуленің ұшы бола ма? Иә

3. Барлық қабырғалары  тең төртбұрыш. Шаршы

4. Тік бұрыштан кіші  бұрыш. Сүйір

5. Қосудың теңдігі. Қосынды

6. Ең кіші үш таңбалы  сан. Жүз

7.Санның жүзден бір бөлігі. Процент

8.Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.

9. Метрде қанша сантаметр. Жүз

10. Ең кіші жай сан. 2

11. Тік бұрыштың шамасы . 900

12. Көбейтінді  қай  кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең  болғанда

13. Бір минутта қанша секунд. 60

14. Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан

15. Екі санның бөліндісі. Қатынас

16. Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік

17. Математика патшасы. Арифметика

18.7 мен 8-дің  арасына қандай таңба қойғанда, 7-ден  үлкен, 8-ден кіші сан шығады. 7,8

19. Диаметрдің жартысы. Радиус

20. 7*9 = 63

 

Б-нұсқасы

1. Бір жылда неше тәулік бар? 365

2. Кесінді тұйықталған ба? Иә

3. Берілген фигураның қабырғаларының қосындысы. Периметр

4. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. Диаметр

5. Азайтудың теңдігі .  Азайтынды

6. Қай санды бөлуге болмайды. 0

7. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

8. Шеңберді сызатын құрал. Циркуль

9. 1кг-да қанша грамм бар. 1000гм

10. Ең кіші натурал сан. 1

11.Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800

12. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең? 4м

13.Екіні қандай санға  бөлгенде 4 шығады. 0,5

14. Алымы мен бөлімін бірдей санға бөлуді. Қысқарту

15.8 бен 6-ң көбейтіндісі. 48

16. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар. 6 бала

17. Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? Тең

18.Түзудің ұштары бола ма? Жоқ

19. Қиылыспайтын екі түзуді қалай  атайды? Параллель

20. Екіден артық бөлінгіші бар сан. Құрама сан.

 

Әділқазы армысыздар, алқалар,

Талай-талай шындық сізде бар табар!

Бағаларын балалардың беріңіз,

Қымбат бізге-билігі бар орталар.

 

Көшбасшысы жеңімпазы анықталып соңында тілегін айтады. Әділқазы алқасы жеңімпазы сый-сыяпатын тапсырады.

 

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе ойынымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!