Сабақтың тақырыбы: Параллелограмның ауданы

65

Сабақтың тақырыбы:  Параллелограмның ауданы

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушының параллелограммның ауданы тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.

2.Тәрбиелік мақсаты:  Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге,ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту .

Сабақтың типі: қайталау,бекіту

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны дамыту, жүйелеу сабағы.

Оқыту әдістері: репродуктивті, көрсете – суреттеу, ауызша баяндау, сұрақ – жауап алу.          Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық  материалдар, бағалау фигуралары (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: салемдесу, зейіндерін сабаққа аудару; сабақтың мақсатымен таныстыру;

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.     

Интерактивті тақтада ’’Пифагор шалбары’’ көрсетіліп ’’ой шақыру стратегиясы ’’бойынша аудан ұғымы еске түсіріліп, фигуралардың ауданын »палетка» көмегімен өлшеуді орындау.

 ІІІ. Мағынаны тану.

1.Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары, тірек сызбалар слайд арқылы көрсетіледі; тіре параллелограмның анықтамасы, қасиеттері және олардың математикалық тілде жазылуы  пысықталады,топтастырылады. Төртбұрыш түрлері, қасиеттері өлең жолдарымен өрнектеліп қорытындыланады.

2.Ауызша есептер шығару . (интер. тақтада есептердің мазмұны, суреті көрсетіледі. Жауаптары жасырын түрде беріліп, тексеріледі. )

В                                 С            В                            С        В                             С

4 см

500                                                                                         300

А                              Д               А       10 см          Д        А         6 см          Д

 

 

№1.Параллелограмның бір бұрышы 50 градусқа тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.

Жауабы: 500, 1300 , 1300

№2. Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.                                                         Жауабы: 60 см2 .

№3. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 300. Параллелограмм ауданын тап.                            Жауабы: 12 см2

  1. Алгоритмдік және практикалық мазмұнды қолданбалы есептер шығару(жекелеген оқушылар тақтада шығарып түсіндіреді, дәптерге түсіріледі)

№1. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 2  см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.                                  Жауабы: 600

№2. Параллелограмның қабырғалары 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.                              Жауабы: 10 см

№3. Тіктөтбұрыш пішінді жер телімінің периметрі 1224 м. Оның бір қабырғасы екіншісінен 240 метр ұзын. Егер бір ағаш отырғызуға 2м2 жер керек болса, берілген жер теліміне қанша ағаш отырғызуға болады?                                                                                    Жауабы: 39618 ағаш

  1. Өлшемі 6 м х 5,5 м болатын бөлменің еденін әрқайсысының өлшемі 30 см х 5см тіктөртбұрыш пішіндес паркетпен жабу керек. Еденді жабу үшін осындай қанша паркет тақтай керек?

Жауабы: 2200 тақтай  

  1. Іскерлік – зерттеу тапсырмасы:

1 .Периметрлері бірдей фигуралардың аудандары бірдей бола ма?

Оқушыларға ұзындықтары бірдей үш  жіп беріледі, одан квадрат, ромб, тіктөртбұрыш құрастырады (магнит тақтада ). Жетелеу сұрақтары арқылы осы фигуралар жайында пікірлерін ұсынып   “периметрлері бірдей” деген тұжырым жасайды. Өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, олардың аудандарының тең болмайтындығына көз жеткізеді. Мынадай қорытынды жасалады:

“Периметрлері бірдей әр түрлі геометриялық фигуралардың аудандары әртүрлі болады”.

  1. Тіктөртбұрыш пішінді 7х9 см өлшемдегі плитка арқылы ұзындығы 1 см кесіндіні қалай сызуға болады?

9см

 

 

7см            Жауабы: 1) 9см ұзындықпен  3 рет өлшегенде 27 см болады.

2) 7 см ұзындықпен 4 рет өлшегенде  28 см болады , айырмашылығы 1см кесінді  болады.

 

  1. ”Артық болмас білгенің ” (аудандарды ауызша есептеу тәсілдері көрсетіліп, талдау жасалады.)

a

a                                 а = 205м

a                    S = a2 = 2052 = (20 x 21) + 5 х 5 = 42025м2 = 4,2 га

 

S = a x b

 

b            a = 48м , b = 42м

S = 48×42 = (4х5) жүздік +8х2 = 2016 м2 ≈ 20,2 а

a

а = 88м, h = 82м       S = а х h

S = 88×82 = (8×9) жүздік + 8×2 = 7216 м2 ≈ 72а

a

2.Атақты қытай квадраты, оның құрамындағы жеті фигура, «танграм»  (бас қатыру есебі) туралы мағлұмат беріледі. Жеті фигура арқылы түрлі адамның, заттардың бейнесін құрастыруға болатындығын көрсету.

 

ІV. Қорытынды.

1.Төртбұрыштар аудандарын табу формулалары не үшін қажет болды? (оқушы пікірлерін тыңдап, толықтыру).

2.Оқушылар сабақ барысында алған фигураларына сәйкес бағаланады.

— өте жақсы (қызыл түсті)             — жақсы (көк түсті )         — орташа (сары түсті)

  1. V. Үйге тапсырма:Венн диаграммасын құру (квадрат, ромб)
  2. Өз үйінің немесе бөлмесінің ауданын есептеу.
  3. Тақырып бойынша әр жылғы тест жинағынан кемінде үш әр түрлі есептер шығару.
  4. Қытай квадратының түрлі фигураларынан суреттер салу (аттылы адам, цифр, әріптер т.б )