Бір айнымалысы бар сызықтың таңдау тақырыбына есептер шығару

79

Сабақтың тақырыбы:  Бір айнымалысы бар сызықтың таңдау тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау,

білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті

деңгейін бақылау.

Дамытушылық:              Алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру,

дарындылығын анықтау.

Тәрбиелік:                      Оқушылардың теориялық білімін практикалық

шеберлікпен ұштастыру,  ұйымшылдыққа,

жинақылыққа еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың әдісі:              Деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың түрі:               Саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі:    Интерактивті тақта, карточкалар, таблицалар,

суреттер, слайдтар.

Сабақтың жоспары:         І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

ГИМН ХОР

сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

І. Бәйтерекке саяхат

ІІ. Ақ ордаға саяхат

ІІІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат

ІV. Мұхит аралына саяхат

  1. Нұр-Астана мешітіне саяхат жасау

Үйге тапсырма

Қорытынды

Бағалау.

 

Балалар, біз бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне байланыстырып өткіземіз.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Бәйтерекке саяхат жасаймыз.

 

2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

 

 

 

 

Балалар, сіздерге тапсырма

«Қайталау – оқу анасы»

  1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу деп атайды?
  2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
  3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  4. Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?

 

ІІ. Ақ ордаға саяхат.

Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.

«Білім — басты мұрат»

 

Оқулықпен жұмыс.  (А,В,С деңгейлік тапсырмалар)

 

А-тобы.

№ 840

3)

 

4)

 

 

В-тобы

№855

1)

 

 

№856

3)

 

С-тобы

№854

2)

 

ІІІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы.

Осыдан бір жыл бұрын, Астананың туған күнінде сәулеттік тұрғыдан бірегей құрылыс – «Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер.

«Білім-таусылмайтын кен»

Тест есептер.

  1. Теңдеуді шешу.

а)  0;                                       в)  5;                                  с) түбірі жоқ*

 

 

 

а)  2,25;                                  в)  2;*                                 с)  3

 

а)  0;                                      в)  1;                                     с)  х- кез-келген сан

 

а)  2;                                      в)                                    с) -4

 

а)  3;                                       в)                                       с) 1

 

ІV. Мұхит аралы.

Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады.

 

Бұл кім?

Математикалық лото ойыны.

Жауаптары:

1.

2.

7.

8.

1.

2.

7.

8.

3.

4.

9.

10.

3.

4.

9.

10.

5.

6.

11.

12.

5.

6.

11.

12.

 

 

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.  Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.

  1. Нұр – Астана мешітіне саяхат.

 

Монумент түнде керемет жарқырайды. Айналасына келсек, бір жағында Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істерминистрлігі ғимараты орналасқан. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды.

 

Шығармашылық жұмыс.

Тәуелсіздіктің 20 – жылдық мерекесіне байланысты оқушылардың шығармасын тыңдау.

 

Сөз жұмбақ.

«Қазақстан»

 

Қ А З А Қ С Т А Н

 

  • Математикалық 4 амалдың біреуі. (Қосу)
  • 6-сынып. Математика оқулығының авторы.  (Алдамұратова)
  • Қосу амалына кері амал. (Азайту)
  • Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан. (Аралас)
  • Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар? (Қарама-қарсы)
  • Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады? (Бұрыс)
  • Әріпті өрнектің теңдігін не дейміз? (Теңдеу)
  • Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз? (Рационал)
  • Ретімен саналатын сандар (Натурал сандар)

 

 

 

 

Карточкамен жұмыс.

 

  1. а) Жауабы:

ә)                         Жауабы:

 

  1. а) Жауабы:

ә)                               Жауабы:

 

  1.   а)                       Жауабы:

ә)                              Жауабы:

 

  1. а)                                 Жауабы:

ә)                                    Жауабы:

 

 

Үйге тапсырма. №844 (3,4),  №856 (1,2)

 

Қорытынды.

 

Бағалау.