Сын тұрғысынан ойлауды дамытудыға бағытталған сабақ жоспары

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудыға бағытталған сабақ жоспары

Сабаққа дейін.

  1. Мотивация (қозғаушы күш):

Жоғары сынып есептерін шешу барысында өрнекті ықшамдауды, тепеөтең түрлендірулерді қатесіз орындау үшін бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту амалдарын жетік меңгеруі өте маңызды.

  1. Мақсаттары:

Оқушы білуі тиіс: 1) ортақ көбейткішті жақша сыптына шығаруды; 2) қысқаша көбейту формулаларын қолдана білуі, рационал көбейткіштерді қосу және азайтуды; 3) өрнекті тепеөтең түрлендіруді.

 

Сын тұрғысынан ойлауға сабақта мынандай мүмкіндіктер бар:

1)жеке ойланады, өз ойын жинақтап қорытындылап ойын нақты айтады; 2) өз білімін өзі бағалайды; 3) басқалармен салыстырады; 4) іс-әрекет жасауға ұмтылады.

 

  1. Алғы шаттар:

а) мазмұнды бұрыннан біліуі

б) сыни ойлау мен үйрену тәсілдерін қолдана алады.

 

  1. Бағалау: ойын дәлелді, ұғынықты жеткізе білуі;

Шағын топ әрекетіне қатысуы;

Тест жұмысын орындауы арқылы бағаланады;

Өзін-өзі бағалайды.

 

  1. Қажетті материалдар және уақытты меңгеру карточка тесттер қолданылады.

Уақытты меңгеру: тест жазу арқылы уақытты үнемдеймін, топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы жүйелі қайталауда уақытты үнемдеймін.

 

Сабақ кезеңдері.

  1. Қызуғышылықты ояту (12 мин.)
  2. Мағынаны ажырату (10 мин.)
  3. Ой толғаныс (20 мин.)
  4. Қортындылау (3 мин.)

 

Алгебра пәні. 7 сынып

Тақырыбы: Бөлшектерді қосу және азайту

Мақсаты: 1) Рационал өрнек; рационал бөлшектердің негізгі қасиеті, ММЖ және оларды қысқарту, бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді және бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу және азайтуды еске түсіріп қайталайды, жүйелейді.

2) Топта жұмыс жасау дағдысын, нақты сөйлеу дағдысын дамытады. Қыйындығы жоғары есептерді шешуде білімін қолдану дағдысын дамытады.

3) Сапалы білім алуға, жауапкершілікке баулыймын.

 

Өту барысы.

Сабақ кезеңдеріМұғалімнің әрекетіОқушының әрекетіҚұзіреттік (пәндік, тұлға)Б. Блум таксономиясының түрі
Қызығушылықты оятамын—                     Ұйымдастырамын

—                     Сәйкестендіру тестісін орындауды ұсынамын

—                     Сабақ тақырыбын хабарлап әр оқушыға бүгінгі сабаққа алдына мақсат қоюды ұсынамын

—                     Бір геометриялық формуланы таңдап (топ жұмысының мақсатын көрсету үшін) өз мақсатыңды топ мақсатымен ұштастыруға тапсырма беремін

—                    Сабаққа әзірленеді

—                    Жеке орындап, топта ой бөлісіпшешім қабылдайды.

—                    Жеке мақсат қояды.

—                    Топпен талдайды, орындайды, ойларын сыныпта ортаға салады.

Өзін-өзі басқару.

Пән негізін білуі.

Қарапайым мәселені математикалық аудара алу

Есте сақтау (Т.Д.)

Түсіну

Мағынасын үйкестіріп идеяны таныс жүйеге аудару

Мағынаны ажыратады—                     Кластер құруды тапсырамын

—                     Әр топтан оқушылар ережелерді айтады. Сұраймын

—                    Жеке құрады, өз топтарына ой бөліседі, еске түсіреді

—                    Ережелерді қайталап отырады

Әр түрлі формада ақпаратты іріктеу

Пән негізін білуі.

Түсіну

(О.Д.)

Түсіну

(О.Д.)

Ой толғаныс—                     Әр ұғымды қолдануда көрсетуді тапсырамын

—                     Бағалау: «Мақсатың орындалды ма?»

—                    Жеке, мысал ойлап жазады

—                    Жеке есепті шығарады тест шешеді

—                    Жеке ой толғаныс (Рефлексия)

Практикалық есепті орындау біліктілігі, түсіндіре білуі

Білім, әртүрлі формадаақпараттарды іріктеу өзінің әрекетін бағалау

Талдау

(Ж.Д.)

Қолдану

(О.Д.)

Талдау

(Ж.Д.)

 

 

 

 

Сабақтан кейін.

Сабақты толықтыру;

Қандай күрделі есептерді шығаруға ынталандырады. Оларды орындау арқылы білімін жетілдіре алады.

 

Сабақтан кейінгі ізденіс:

Модель құру, өз жүйелерін басқа мысалдар арқылы көрсету, эссе.