Түзулердің өзара орналасуы

140

 

 

Сабақ тақырыбы: «Түзулердің өзара орналасуы».

Сабақ мақсаты: Білімділігі:Түзулердің өзара орналасуы тарауы бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.                                                                   Дамытушылығы:Оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру,танымдық дағдыларын дамыту.                                                                                                                                              Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                    Сабақтың ұстанымы:

Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та,дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу.        /М. Дулатов/

Сабақтың түрі:білім, білік,дағдыныжүйелеу.                     Сабақтың әдісі: жобалау әдісі                                                                                            І.Ұйымдастыру кезеңі. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

Жобаны орындауға дайындық кезеңі.(сынып 3 топқа бөлінеді)

Жұмысты жоспарлау. (1- топ. Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгілері.                        2-топ. Параллель түзулердің қасиеттері.   

3- топ. Қиылысқан түзулер.Перпендикуляр.)

Ақпараттық ізденіс кезеңдері.

Нәтижені қорытындылау.

Жобаны қорғау.

Жоба жүмысының нәтижесін және қорытындысын бағалау.

  І –топ.Параллель түзулер.

1.(Жалпылама теориялық тапсырма.) Оқулықтан параллель түзулер анықтамасын табыңыз. Өзіңіздің анықтамаңызды ұсынып көріңіз.

ІІ-топ.Параллель түзулердің қасиеттері                                                                             1.(Жалпылама теориялық тапсырма).  Параллель түзулерге қатысты теоремаларды тұжырымдаңыздар.

ІІ-топ.Параллель түзулердің қасиеттері

  1. (Жалпылама теориялық тапсырма). Параллель түзулерге қатысты теоремаларды тұжырымдаңыздар.

ІІІ-топ.Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр.

1.( Жалпылама теориялық тапсырма).

Перпендикуляр  түзулер және қиылысқан түзулер анықтамаларын беріңіздер.

І -топ. 2.(Проблемалық сұрақ).

М нүктесі арқылы берілген b түзуіне параллель қанша түзу жүргізуге болады? Ал  осы тұжырымдаманы   дәлелдеуге бола ма?

ІІ-топ.  2. (Проблемалық сұрақ).

Қандай    жағдайда  екі түзу өзара   параллель болады?

ІІІ-топ. 2.(Практикалық тапсырма).

Оқулықпен жұмыс  №119-44 бет.

І-топ.  3.(Жалпылама теориялық тапсырма).                 

 Сөйлемді толықтыр.

1.с түзуі  а және b түзулеріне қатысты қиюшы деп аталады, егер…

  1. Параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде … бұрыш пайда болады.
  2. Егер АВ және СD түзулерін ВD түзуі қиып өтсе, онда ВD …деп аталады.

4.с түзуіне   қарағанда   әртүрлі  жарты жазықтықта жатқан <3 пен <5, <4 пен <6- …, <2 пен <8,<1 пен <7 -… деп аталады .

  1. с түзуіне қарағанда бір жарты жазықтықта жататын <4 пен <5, <3 пен<6-…,     <2 пен<7, <1 пен < 8- … деп аталады.
  2. … бұрыштар   өзара   тең.

Дұрыстығын тексеру

1.…егер ол оларды екі нүкте арқылы қиып өтсе

  1. 8

3.…қиюшы

4.…ішкі айқыш және сыртқы айқыш бұрыштар

5.…ішкі тұстас және сыртқы тұстас бұрыштар

6.сәйкес

ІІ-топ.  3. Жалпылама теориялық  тапсырма.

Сәйкестендіру.

1) a | | b, өйткені ішкі  айқыш  бұрыштары өзара тең

2) a | | b, өйткені сәйкес бұрыштары өзара тең                                                                                             3) a | | b, өйткені ішкі тұстас  бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең.

ІІІ-топ.
3.(Проблемалық сұрақтар).                  

Сатылай комплексті талдау.                        

  1. Анықтама;
  2. Тану: 2.1 жазылуы;    2.2 оқылуы;           2.3 мағынасы.
  3. Қасиеттері;
  4. маңызды түйін;
  5. қолданылуы.

І-топ.   4.Есеп шығару

Оқулықпен жұмыс

1)№97 -35 бет;

2)№98 (1,2)-38 бет.

ІІ-топ.4.Есеп шығару  оқулықпен жұмыс
№111-41 бет;
№117-41 бет. 

ІІІ-топ.  4.Есеп шығару   оқулықпен жұмысы

№123 -44 бет;  №126-44 бет.

Қорытындылау.

Тест тапсырмалары

Жоба жұмысын бағалау.