Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Есептер шығару

157

 

  Сынып 8  
Сабақтың атауы Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Есептер шығару
Сілтеме Оқулықтағы
Сабақтың мақсаты

 

Білімділік: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруді қолданып, есептер шығаруды үйрену

 Дамытушылық: Есте сақтау, ынтымақтастық  қасиеттерін қалыптастыру, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ынтымақтастық, достық қарым-қатынасқа, топтық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу,белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып   арифметикалық квадрат түбірі бар өрнектермен жұмыс жасауға дағдылануы.
Сабақта туындаған негізгі идеялар «Қиын» есептің шешу барысында тиімді тәсілін іздеуді дағдыландыру логикалық  ой-қабілеттерін дамыту.
Дереккөздер және жабдықтар: Флипчарт , қима қағаздар, топ мүшелердің аттары, топқа арналған есептер жазылған қағаздар,бағалау кестесі

 

Сабақ типі

Сабақ түрі

Сабақ әдісі

 

Жаңа білім беру сабағы

Аралас

Топтастыру, СТО  бағдарламасының стратегиялары, практикалық тапсырма

Тапсырмалар Мұғалімнің  іс-әрекеті

1.      Ұйымдастыру кезеңі

2.      Үй тапсырмасын сұрау

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

4.      Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары

5.      Сабақты бекіту

6.      Қорытындылау, бағалау

Оқушының  іс-әрекеті

1.Топқа бөлу

2. Топтық жұмыс

3.«Жұптасып –ойлан- бөліс

» стратегиясы, қасиеттерді және қысқаша көбейту формулаларды қолдану

4.Топтар жаңа тақырыпты өздері түсіндіреді

5.Есептер шығару

6.Топтың мүшелерін бағалау

Сабақ бойынша жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларының деңгейі бойынша топқа бөлемін.

 

ІІ. Үй тапсырмасы Қызығушылықты ояту сатысы

Өткенді қайталау:

1.      Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару:

Мысал:  = 6

2.      Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу:

Мысал: =

3.      Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату:

а)

ә)  = =-

Топтастыру стратегиясымен жұмыс.

Топтасып қасиеттерді қолданады, пікірлерін ортаға салады. №149 (1-6)

1.      «Жұптасып –ойлан- бөліс» стратегиясы.

Идеялар мен ойларды  дамытудың  құрылымдық әдісі

Топ мүшелерімен шешу жолдарының өз ойымен бөлісу, талқылау.

ІІІ.Мағынаны тану.

Жаңа білім беру. Мұғалім түсінігі.

ІV Бекіту кезеңі: В тобы

Тақтада жұмыс жасау: №№170 анализ жасау-түйіндес өрнекті анықтау

Өздігінен:№175,178А тобы

V. Анализ жасау№164

VІ.Қорытынды Рефлексия «Ыстық орындық» әдісі

 

—          Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?

—          Қысқаша көбейту формулалардың қайсысын қолдандың?қашаң?

—          Нені білгің келеді?

VIІ Бағалау

Бағалау парағы. Топ басшысы топ мүшелерін білім рейтингісі бойынша бағалайды

 

Оқушы Мысал түсіндіру №1 есеп №2 есеп Жалпы Баға

 

Білім рейтингісі                                                                 Баға мониторингісі

Мысал түсіндіру. 1*3 ұпай = 3 ұпай                                 11-12 ұпай  — «5»

№1 есеп.  1*4ұпай = 4 ұпай                                                           9-10 ұпай – «4»

№2 есеп . 1*5 ұпай =5 ұпай                                                           7-8 ұпай – «3»

6-0 ұпай – «2»

 

Тапсырмалар, кейінгі оқу  №№215,217,210 Квадрат түбірдің қасиеттерін қайталау