Жай бөлшектерді қосу

80

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу.

Сабақтың түрі : Бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Жай бөлшектердің негізгі қасиетін, түрлерін анықтай отырып оларды қосу ережесін орындау дағдыларын арттыру.
  2. Тәрбиелік: Ұлы ақындарды құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Ойша есептеу, есепті талдау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың өту әдісі: Әдебиетпен, табиғатпен байланыстыра отырып есептер шығару.

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, музыка.

Қолданылатын әдебиеттер, көрнекілігі: Портрет, кесте, топшамалар.

Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектерді қоса білу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Ауызша есептеулер.

ІІІ. Есептер шығару.

ІҮ. Іздегенің не болса сол табылар.

Ү. Әнді сүйсең менше сүй.

ҮІ. Қортынды.

І. Сәламатсыздарма, отырыңдар.

Үй тапсырмасын бәріміз орындадық па? Дәптерлерімізді жинап тапсыра қояйық.

Балалар біз қандай тақырыпты оқып жатырмыз? Бүгін осы тақырыпты әрі қарай жалғастырып, осы тақырыпқа есептер шығарамыз.

ІІ. Тақтада бірнеше жай бөлшектер ілініп тұрғанын көріп тұрсыздар. Мен  есептер оқимын жауабын ойша есептеп, тақтадан жауабын тауып, ашамыз, ал артында сиқырлы әріптермен жасырынып тұрған сөзді анықтаймыз.

 

Ұ
Қ
Н
А
Н
Б
А
Е
В

 

 

 

 

 

;  ;    Жай бөлшектерін қысқартыңдар. ЕКОЕ(10, 15) ,  ЕКОЕ(22, 33).

7 натурал санын бөлімі 4 болатын бұрыс бөлшек түріне келтір.

11 натурал санын бөлімі 5 болатын аралас сан түріне келтір.

Белгісіз санды тап: +      =1        +      =1

Сонымен қандай сөз шықты? А. Құнанбаев кім білеміз бе? Өте жақсы.

ІІІ. Балалар біз бүгін Абай атамыздың қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығының бірімен танысамыз. Ол табиғат лирикасы. Абай жыл мезгілдерінің әрқайсысына тоқталып, ондағы табиғат құбылыстарын көркем шеберлікпен бере білген.

Абай атамыздың табиғат тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер: (Қыс, Күз, Жаз, Жазғұтыры, Желсіз түнде жарық – ай, Қан сонарда бүркітші шығады аңға, т. б. )

№651.

  1. (+)+=+=+=
  2. (+)+=+==
  3. (+)+(+)=+=
  4. (+)+(+)=+=

 

Тақтада есепті шығарып болған оқушы өзінің дайындаған Абайдың табиғат төрт мезгіліне арнаған өлеңдерінің бірін оқып береді. ( Төрт есепке төрт өлең дайындалады.)

Өлең «Қыс»

Ақ киімді денелі ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Осы қыс мезгілінің белгілері қандай? Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығын айтып шықшы.

Өлең «Күз».

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дамқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.

Күздің өзіндік белгілері.

Өлең «Жазғытұры».

Көктемнің өзіндік белгілері.

Өлең «Жаз».

Жаздың өзіндік белгілері.

ІҮ. Жұмбақтар, ережелер.

  1. Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
  2. Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
  3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
  4. Жай бөлшектерді қалай қосамыз?

 

  • Мүлгіп тұрған ақ күміс

Ораныпты ақ күміс.                  (қырау)

  • Етек жеңі жиналмай

Дауыл тұрса дым қалмай

Түйбектеліп көшеді

Тоз – тоз болып өшеді.             (бұлт)

  • Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жерімейтін.                (ауа)

  • Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас.         (шық)

Ү. Әнді сүйсең менше сүй.

Абайдың композиторлығын айта отырып, табиғат лирикасына арнаған әні «Желсіз түнде жарық — ай» әнін айтайық. Алдымен қостайтын музыкалық аспап домыраны алайық, ол №653 есепте.

 

№ 653. Домбыраның басы (құлағы) м, мойыны м, шанағы м. Домбыраның ұзындығы неше метр?

 

 

 

Б — м.

М — м.                          ? м         ++===1

Ш — м.

Жауабы:  Домбыраның ұзындығы 1 м.

Желсіз түнде жарық – ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп.

Қосымша есеп, уақыт қалса:

Келесі енді мына  №655 есепті кім бірінші шығарып болады сол оқушы табиғат туралы жұмбақ жасыруға немесе мақал – мәтел айтуға мүмкіндік алады.

№655.

АВС үшбұрышының АВ қабырғасы  дм, ВС қабырғасы АВ қабырғасынан  дм ұзын, ал АС қабырғасы ВС қабырғасынан  дм ұзын. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

АВ — дм                                           +==    (ВС)

ВС — дм ұзын.                                +==     (АС)

АС — дм ұзын.                               ++==1

РАВС — ?

Жауабы: АВС үшбұрышының периметрі 1 дм.

ҮІ. Қортынды:  Бағалау.

Үйге тапсырма: №652, 650, 646, 648.