Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

309

Сабақтың тақырыбы:  Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру (бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін айыру) біліктілігін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, есептер шығару

Жаңа технология: деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (теледидер), слайдтар

Сабақтың барысы: 1.  Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту).

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№416, 421 (1,2).

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қандай жай бөлшекті дұрыс бөлшектер деп атайды?
  2. Қандай жай бөлшекті бұрыс бөлшектер деп атайды?
  3. Қай уақытта бөлшек 1-ге тең болады?
  4. Қандай санды аралас сан дейді

Жауаптарыңды мысал арқылы негіздеңдер.

  1. Жаңа сабақ:

Қане балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, қалдықпен бөлуді еске түсірейік.

Мысалы,

29:7=4(1 қалд.)          127:100=1 (27 қалд.)

 

29 7                             127  100

28  4                            100   1

  • 27

 

Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру

 

Мысалы,        

 

59 9                 бөлімі өзгермейді

54  6                бүтін бөлігі

5                    қалдығы алымына жазылады.

 

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру үшін:

1)       Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәнін бөлшек бөлігінің алымына қосамыз да, шыққан қосындының мәнін бұрыс жай бөлшектің алымына жазамыз;

2)       Бұрыс жай бөлшектің бөлімін аралас санның бөліміндей етіп қалдырамыз.

                  Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру үшін:

1)       Алымын бөліміне қалдықпен бөлеміз;

2)       Бөліндінің мәні аралас санның бүтін бөлігін, қалдық аралас санның бөлшек бөлігінің алымын береді, ал бөлімін бұрыс бөлшектің бөліміндей етіп қалдырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру

 

Мысалы,        немесе

 

Ауызша №430, 431.

 

  1. Есептер шығару:

Деңгейлік тапсырма

             

     І деңгей

№432

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырыңдар:

 

1)         2)      3)        4)       5)   

 

6)     7)     8)    9)    10)

 

№435(1)

Мәтінді есеп.

   Құрғақ қарағайдың 1 м3 көлеміндегі массасы 650 кг, ал дымқыл қарағайдікі -750 кг. Дымқыл қарағайдың массасы құрғақ қарағайдың массасынан қанше есе артық.

Шешуі:
Жауабы:

 

              ІІ деңгей

№439

Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдырыңдар:

 

 

     

       

 

 

 

 

           Тең сандардың арасын сызықпен қос:

               

                                  

 

                              

                        Сергіту сәті:

Оң қолым алға, сол қолым алға,

Оң аяғым алға, сол аяғым алға.

Біз  билейміз  ча-ча-ча,

Бізде бәрі тамаша!

  1. Логикалық сұрақ.

Алтытаңбалы санның соңғы цифры 7. Егер оның орнын біріншіге ауыстырса,  жаңадан құрылған сан берілген саннан 4 есе үлкен болады. Санды тап.

Берілген сан abcde7,  жаңа сан 7abcde.

Шарт (7abcde) : (abcde7)=4.

abcde7                            abcd87                          abc487

x       4       e=8                x        4        d=4           x         4

7abcd8                            7abc48                          7ab948

 

 

ab9487                            a79487                          179487

x       4       c=9                x        4        b=7           x         4

7a7948                            717948                          717948

 

Жауабы: 179487.      Тексеру:717948: 179487=4.

 

  1. Қорытындылау.

— Бүгін тақырып бойынша алдымызға қойған мақсатқа жете алдық па?

— Сабақ несімен ұнады?

  1. Оқушыларды бағалау.
  2. Үйге тапсырма: §22, №433(тақтарын), 434 (жұптарын), 443 (қ).

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, Математика, 5 – сынып, 2010 жыл.
  2. А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, Әдістемелік нұсқау, 5 – сынып, 2009 жыл.
  3. Қызықты математика. Логикалық есептер жинағы. 5- 6 сыныптар. АЛМАТЫКІТАП, 2014 жыл