Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу

 

Сабақтың атауыКоординаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу
СілтемеМатематика  6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты

 

Оқушыларға координаталық түзудің анықтамасын түсіндіру, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алуға, координаталық түзу шкаласын салуға үйрету, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін  ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттер

 

·         Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

·         Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

·         Координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алуға үйрету

Мұғалім үшін оқу нәтижелері·         Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

·         Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы
  •  математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдерітоппен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі
Сабақтың көрнекілігіпроектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар

 

Күтілетін нәтижеОқушылар координаталық түзудің анықтамасын, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін білуге тиіс. Координаталық түзудің шкаласын жасауды және координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алулары керек. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру

кезеңі

Бағдаршам тренингі, музыка ойнап тұрады

Жасыл түсті қол (амандасады қол алысып)Сары түсті қол (иықтарынан қағады)Қызыл түсті қол (құшақтасады).

Оқушылар соңғы қызыл түсті бағдаршам түсін көрсеткенде екеуден құшақтасып қалады,сол жұптар болады. Солайша 3жұп құрамыз.

Бағалау критерийлері

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Математикалық білімі

•      Математикалық тілі

•      Бағалауы

 

р/сОқушының тегі-атыБілу

(жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы)

Түсіну

(жаңа тақырыпты түсінуі)

Талдау

(жаңа тақырып бойынша ойларын айту )

Қолдану

(алған білімдерін есеп шығаруда қолдану)

Жинақтау (жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)Бағалау (алған білімдеріне бір-біріне баға беру)Қорытынды баға
1Беріктас Жақсылық
2Болатова Гауһар
3Құрахбаева Айжан
4Манатова Мадина
5Сағитов Қуаныш
6Сейтенов Алмас

 

2 мин

Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті       Оқушының іс-әрекеті               36  мин
 Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында Бағдаршам тренингін, музыка әуенімен орындаймыз.

Білу- 5 мин

Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу. Алдымен интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама-қарсы жүріп бара жатқан суреті бойынша түсініктеме беріледі. Яғни Асан мен Үсен бір жерден бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүгірді. Асан 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, Үсен 5м/с жылдамдықпен жүгірді. Балалардың әрқайсысының1 секундтан кейінгі орындарын табайық.

1)      Координаталық сәуле сызамыз

2)      Координаталық сәуленің санақ басы болатын О нүктесі-балалардың жүгіруді бастайтын орны.

3)      Асанның жүгіру бағыты «оң бағыт» деп есептеп, оның 1с –та жеткен қашықтығына сәйкес нүктені табамыз.

4)      Үсеннің жүгіру бағыты Асанның жүгіру бағытына қарама-қарсы болғандықтан, координалатық сәулемен бір түзудің бойында жататын, басталу нүктесі ортақ сәулені сызамыз.

5)      Сызылған сәуленің бойынан Үсеннің 1 с-тағы жүгірген қашықтығына сәйкес нүктені тауып, сол нүктенің координатасын теріс санмен жазамыз. Сонда түзу бойындағы О нүктесінен оң бағытта оң санды, оған қарама-қарсы бағытта теріс санды кескіндеуді үйрендік.

 

Оқушылар мұғаліммен бірге сурет бойынша жұмыс жасайды. Суретке қарап отырып барлығы сыныппен жауап беріп отырады.

ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту

Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.

 

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.

ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту

Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.

  1. Түзу сызамын, оның бойынан О нүктесін белгіле, осы нүктені санақ басы ретінде қабылау керек.
  2. Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек.
  3. Оң бағытты көрсету керек.

 

О             А

 
0              1

Мүндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсетілген түзу.

О нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.

 

Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.

 

Кезекті тапсырма жұпта мәтінмен жұмыс. Қажетті есте сақтайтын мағлұматтарды қайталап оқытып, оқушыларға кейбір әріптері жоғалған мәтінді таратамын.

 

Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл мәтінді тақтадан балалар кезектесіп оқып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жұпта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

ҚОЛДАНУ-15мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

А деңгейінің есебі-ақ түсті

№307, №308, №311

В деңгейінің есебі- сары түсті

№313, №315,

С деңгейінің есебі-көк түсті

№320, №321

Қосымша тапсырма- күлгін түсті

 

Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.

 

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.

 

 

 

 

Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.

ЖИНАҚТАУ-6мин

 Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Жұптарға тапсырма.

 

  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?
  2. Жауабы:
  3. Оң сандар координаталық түзудің қай жағында орналасқан?
  4. Жауабы:
  5. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
  6. Жауабы:
  7. Оң сандарға мысал келтір
  8. Жауабы:

 

  1. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?
  2. Жауабы:
  3. Теріс сандар координаталық түзудің қай жағында орналасады?
  4. Жауабы:
  5. Теріс сандарға мысал келтір.
  6. Жауабы:
  7. 5, 8, 9, 10, 12 сандарының қарама-қарсы бағыттағы сандарын атап бер
  8. Жауабы:

 

  1. Координаталық түзу дегеніміз не?
  2. Жауабы:
  3. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?
  4. Жауабы:
  5. Координаталық түзудің оң бағыты қай жақта орналасқан?
  6. Жауабы:
  7. Координаталық түзудің теріс бағытьы дегеніміз не?
  8. Жауабы:
 

 

 

 

1-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

 

                           Бекіту                                                                             5 мин               
3.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 

«БББ» кестесін таратып беремін

БІЛЕМІНБІЛДІМБІЛГІМ КЕЛЕДІ
   
 

Оқушылар кестені толтырады.

 

 

 

 

 

 

                                                         Бағалау                                  3мин
4.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды

 

Үйге тапсырма                         30 секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
№310, №316 73бетБерілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия                   30 секунд
Оқушыларға смайликтер таратамын.Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеуге есептер шығару

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөніАлимгазина Асел Балғабайқызы6 сынып 6 оқушы

 

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Кен орта мектебі

2Апта15.10.2012ж3-сабақ      11:35-12:20     № 9 кабинет
Сабақтың атауыКоординаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеуге есептер шығару
СілтемеМатематика  6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты

 

Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде рационал сандарды суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; Оқушыларды белсендiлiкке, дербестiкке, жан-жақтылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу; Өзіндік жұмыстарын талдауға, салыстыруға мүмкіндік туғызу; байқағыштығын, тапқырлығын, достарын бағалай білуін қалыптастыру.
Міндеттер

 

  • Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білу
  • Тақырыпты жан-жақты қамту, күнделікті өмірімен байланыстыру
  • Координаталық түзу бойында рационал сандарды дұрыс орнлатастыра алу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
  • Оқуға бағыт-бағдар беру;
  • Топта жұмыс істеу  арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдерімиға шабуыл, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, дарынды оқушылармен жұмыс
Сабақтың көрнекілігіслайдтар, үлестірме парақтар, суреттер, видеопроектор, видеокамера, фотоаппарат
Күтілетін нәтижеОқушылар координаталық түзудің бойында кез-келген санды кескіндей алулары керек. Оң бағыт пен теріс бағытты шатыстырмау қажет. Координаталық түзу шкаласы бойынша жұмыс істей алу керек
Ұйымдастыру

кезеңі

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қолды бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін үстел үстінен теріс қарап жатқан «басшы-1, басшы-2, хатшы-1, хатшы-2, баяндамашы-1, баяндамашы-2» сөздерін таңдатқызамын. 1 деген жазуы бар қағаздарды алғандар 1-топқа, 2 деген жазуы бар қағаздарды алғандар 2-топқа отырады.

2 топқа оқушылар топтасады. Әр топтың басшысы, хатшысы және баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен  таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.

Бағалау парағы

р/сОқушының тегі-атыМиға шабуыл (сұрақ-жауап)Деңгейлік тапсырмаларҚосымша тапсырмаТоппен жұмыс

 

БекітуҚорытынды баға
1Беріктас Жаксылык
2Болатова Гауһар
3Курахбаева Айжан
4Манатова Мадина
5Сагитов Куаныш
6Сейтенов Алмас

 

2 мин

                                            Сабақтың барысы                               
2. Мұғалімнің іс-әрекеті       Оқушының іс-әрекеті           35мин
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.

Миға шабуыл 6 мин

—          Координаталық түзу дегеніміз не?

—          Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

—          Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

—          Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталры қандай сандар?

—          Оң сандарға мысал келтір

—          Теріс сандарға мысал келтір

—          Мына суреттердің қайсысы координаталық түзу?

(Сурет тақтада слайдта көрсетіліп тұрады.)

 

Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жылдам жауап қайтарады. Қажет жерінде тақтада кескіндеп көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерге қарап жауаптарын айтады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Деңгейлік тапсырмалар 20мин

А деңгейінің есебі

№308, №311

В деңгейінің есебі

№314, 317

С деңгейінің есебі

№322, №323

Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.

Қосымша тапсырма

Координаталық түзу сызып, оның бойынан А(-3), В(-4), С(2) нүктелерін және оларға теріс нүктелерді кескінде. Санақ басынан бірдей қашықтықтағы нүктелерді бірдей түспен боя. Олардың айырмашылықтары неде?

Оқушылар өз деңйгелерін таңдап есептер шығарады.

 

 

 

 

 

 

Дарынды оқушыға арналған қосымша тапсырма. Гауһар барлық деңгей есептерін және қосымша тапсырманы да орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану.

Топпен жұмыс 7 мин

Әр топқа тапсырма беріледі 1-топқа қаланың және ауа-райы бейнелері кескінделген суреттер беріледі. 2-топқа жеміс –жидектер суреттері беріледі. Топтардың міндеттері координаталық түзуде осы суреттерді орналастыру, кескіндеу.

 

 

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Басшылар басқарып, хатшылар толтырып, баяндамашылар презентацияларын қорғайды.

 

Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады.

                           Бекіту                                                                             5 мин               
3.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Сыни 5 минуттық эссе жазу

 

Оқушылар 5-минуттық эссе жазады. Басшының шешімімен әр топтан бір эссе тыңдалады.

 

 

                                                         Бағалау                                   3 мин
4. Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Басшылардың бағаларын тыңдауӘр топ басшысы топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.
Үйге тапсырма                       1 мин
5.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
№312, №319 73,74 бетте

 

Рефлексия         1 мин
Оқушыларға смайликтер таратамын.Әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты смайликті жапсырып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік                     тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөніАлимгазина Асел Балғабайқызы6 сынып 6 оқушы

 

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Кен негізгі мектебі

2Апта16.10.2012ж4-сабақ      9:25-10:10     № 9 кабинет
Сабақтың атауыҚарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.
СілтемеМатематика  6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты

 

Оқушылрға қарама-қарсы сандар туралы, бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын, рационал сандар жиынын қандай сандар  құрайтыны туралы түсінік беру; таңбалар ережесімен таныстыру, берілген санның қарама-қарсы санын тауып үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

 

Міндеттер

 

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бір қалыпқа келтіру
  • Жаңа тақырып бойынша қорытындылар жасау
  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
  • Оқуға бағыт-бағдар беру;
  • Топта жұмыс істеу  арқылы  тақырыпты меңгеріп шығу;
  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдерітоппен жұмыс, топтастыру, салыстыру, саралап-бағалау, толғаныс, болжау,
Сабақтың көрнекілігіүлестірме парақшалар, слайдтар, сөздер, суреттер, сызғыш, қосымша тапсырмалар

 

Күтілетін нәтижеОқушылар қарама-қарсы сандар туралы түсінікті, қандай да бір санға қарама-қарсы сан болатынын,бүтін сандар жиынын, рационал сандар жиынын, таңбалар ережесін білулері керек. Берілген санның қарама-қарсы санын таба білуге тиіс. Натурал сандар, бүтін сандар және рационал сандар жиынының Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделуін білулері тиіс.
Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн-туған жер,

Қайырлы күн –туған ел!

Қайырлы күн-ұстазым

Салем бердік достарым!

Сәтті өтсін бұл сабақ

Сәтті болсын күніміз!

Оқушыларды топқа бөлу үшін жапырақ суретін қиындыларға бөліп таратамын, олар жапырақты құрастырып  топ болып отыра қалады.

 

Бағалау критерийлері:

·         Өз бетімен тақырыпты түсінуі

·         Топта жұмыс істеуі

·         Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі

·         Математикалық білімі

·         Математикалық сауаттылығы;

·         Өз ойын жинақтауы

·         Өзін-өзі бағалауы

2 мин

                                            Сабақтың барысы                               
2. Мұғалімнің іс-әрекеті       Оқушының іс-әрекеті             34 мин
Жаңа тақырыпты өз бетімен түсіну (6мин)

Топтық тапсырма.

1-топ: Координаталық түзудің бойынан мына суреттерді тиісті орындарға бейнелеңдер. (суреттер)

2-топ: Координаталық түзудің бойынан барлық натурал сандар және 0 санын белгілеңдер.

1)      Автобус тоқтап тұр

2)      Барлық оқушы 1 ойыншықтан әкелді

3)      Айжан 2 алма сатып алды

4)      Алмастың жасы  3-те

5)      Мадина қазақ тілден  4 деген баға алды

6)      Гауһарда 5 қалам бар

7)      Қуаныш 6-да мектепке барды

8)      Жақсылықтың дене қызуы 7-градусқа көтерілді

9)      Кеше 1 градус салқын болды

10)  Құдықтың тереңдігі 2метр

11)  Өзен ағысының қарсы жүзгендегі жылдамдығы 3км/сағ

12)  Қайрат командасы 4 ұпай ұтыспен аяқтады

13)  Асем қаламын сатамын деп 5тг шығындалды

14)  Мектептің сағаты 6мин артта

15)  Ертең 7градус салқын болады

 

 

1-топ оқушылары берілген суреттерді өз ойларымен шешіп, координаталық түзу бойынан тиісті орындарға орналастырады.

2-топ оқушылары координаталық түзу бойына сөздерді тиісті орындарына орналастырады.

 

Әр топ ортаға шығып қорғайды.

 

 

Мағынаны түсіну (7 мин)

1)      Сұрақтарға жауап беру

·         Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?

·         Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан?

·         Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан?

·         Оң сандар және теріс сандар не құрайды?

2)      Түсінік беру

·         Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

·         Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.

·         Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады

·         0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан.

·         Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар деп аталады.

·         Бүтін сандар, бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.

Q-рационал сандар жиыны, Z- бүтін сандар жиыны, N-натурал сандар жиыны. Эйлер-Венн диаграммасы арқылы өрнектелуі

Q
Z
N

 

 

 

 

 
N Z Q (Натурал сандар бүтін сандар жиынының ішкі жиыны, бүтін сандар рационал сандар жиынының ішкі жиыны ).

Таңбалар ережесі

+ (+) = +

—          (+)= —

+ ( — ) = —

—          ( — ) = +

 

Сұрақтарға оқушылар жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің көрсеткенін қабылдап, ат салысып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар да сурет бойынша мұғаліммен бірге қайталап отырады.

 

 

 

 

 

Қолдану 15мин.

Есептер шығару

№328, №330, №332, №334, №338, №339

 

Дарынды оқушымен жұмыс

№1

Мына теңдіктерден тура теңдіктерді теріп жаз:

 

№2

Қай тұжырымдама тура:

1.      Кез келген натурал сан-бүтін сандар жиынының элементі

2.      Кез келген бүтін сан-натурал сандар жиынының элементі;

3.      Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті;

4.      Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

5.      0 саны рационал сандар жиынына тиісті

№3

1)      –х+4,5=7  2) –y+3,9=6   3) –m+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2

 

1.      Кез келген натурал сан-бүтін сандар жиынының элементі

 

4.      Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

 

 

 

 

 

№3

1)      –х+4,5=7  2) –y+3,9=6   3) –m+

-x=7-4,5       -y=6-3,9           -m=4-

-x=2,5      -y=2,1         -m=3

x=-2,5          y=-2,1    -m=

m=- .

 

Математикалық диктант- 3мин

 

 

 

2 санына қарама-қарсы сан …  Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан …

Кез-келген бүтін сан … сандар жиынының ішкі жиыны. … саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар … сандардың ішкі жиыны. Бүтін сандар мен бөлшек сандар … сандар деп аталады.

 

Оқушылар диктанттың бос жерлерін толықтырып жазуы қажет.

 

2 санына қарама-қарсы сан -2.  Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан теріс сан.

Кез-келген бүтін сан рационал сандар жиынының ішкі жиыны. 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар рационалсандардың ішкі жиыны. Бүтін сандар мен бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.

Топтастыру стратегиясы-3мин

НАТУРАЛ САНДАР
РАЦИОНАЛ САНДАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Бекіту                                                                             5 мин               
3.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Семантикалық карта (дарынды оқушыға)

р/сава+в=52a+в=55а+в=-99а+в=-30
14012
2–5-25
3100-45
4-990
560-8

 

 

ТЕСТ

1.      5 санына қарама-қарсы сан

А) 0;         В) -5         С)5

2. Теріс санның қарама-қарсы саны

А) натурал сан;  В) оң сан;   С) бүтін сан

3. О санының қарама –қарсы саны

А) теріс сан;       В) оң сан;   С) 0

4. –(-4)А) 4            В)-4               С) 0

5. –(+5,2)А) 5,2          В) -5,2          С) 0

6. +(-8)А) -8             В) 8              С) – (-8)

7. – ( — 7) А) (-7)          В) -7            С) 7

 

 

Семантикалық картаны дарынды оқушы толтырады.

 

 

 

Оқушылар тест сұрақтарына жауапты дәптерлеріне жазады, сосын тақтамен тексереміз.

 

                                                         Бағалау                                  3 мин
4.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Мен барлық кезеңдер бойынша қысқаша айтып өтіп, жалпы бағаны түрлі түсті қағаздармен қоямын.Бірін-бірі бағалайды тақтада жұмыс жасағанда, тест тапрсырмасын орындағанда әркім өзін-өзі бағалайды.

 

Үйге тапсырма                     40секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 

№329, №331

Рефлексия 20 секунд