Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу

125

Сабақтың тақырыбы: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен таныстыру және оны компьютерде кескіндей білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ой қорту және іздену дағдыларын дамыту.
  3. Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, бірін – бірі түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ ( информатика және геометрия)

Сабақтың әдісі:  топтастыру, ой толғау, ой қорту

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастырушылық кезең: Оқушыларды түгендеу. Шаттық шеңберін құру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  математикалық диктант:

Информатика пәнінен сұрақтар:

  • Графикалық редакторды іске қосу.
  • Графикалық редакторда неше түспен сурет салуға болады?
  • Жұмыс аумағы дегеніміз не?
  • Геометриялық фигураларды салу жолдары қандай?
  • Графикалық редакторда қандай саймандар бар?

Геометрия пәнінен сұрақтар:

  • Үшбұрыш дегеніміз не?
  • Қандай әріптер мен белгіленеді?
  • Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар?
  • Үшбұрыштың периметрі неге тең?
  • Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

  1. Ой шақыру.

                                                       үш қабырғалы

      Теңбүйірлі  

      үшбұрыш

 

 

үш бұрышты                                                           үш төбесі бар

 

 бүйір қабырғалары тең                                                                  Р = а+в+с

 

 

 

биіктігі, медианасы,

биссектрисасы                                                                   табаны бар

сүйір бұрышты

 

  1. Мағынаны ажырату.

 

             V            +             ?        —
       

 

Теорема: Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.

Дәлелдеу:           В

ΔABC — теңбүйірлі

Дәлелдеу керек:  <A=<C

BD биссектрисасын жүргізсек

<1=<2  ΔABD,   ΔDBC    BD- ортақ қабырға

AB = DC    <1=<2

ΔABD = ΔDBC   <A =<C

Теорема дәлелденді.

А                           D                      С

 

Теорема: Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы

                  үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады.

Дәлелдеу:  

                      B                               ΔABC — теңбүйірлі

                                                       AB=BC  BD – медиана болғандықтан

AD=DC   <A =<C

Үшбұрыштар теңдігінің І белгісі бойынша

ΔABD = ΔDBC  <1=<2  BD — биссектриса

<ABD = <DBC  — сыбайлас бұрыштар

BD —    биіктік

       A                   D                     C           Теорема дәлелденді.                                                

  1. Ой толғаныс. Оқушыларды үш топқа бөлу. Үш топқа үш түрлі тапсырма беру.

   І топ тапсырмасы:

Компьютердің Paintграфикалық редакторында орындау:

  • Төбесі В нүктесі болатын бұрыш салыңдар.
  • Бұрыш төбесінен бастап, оның қабырғаларына тең кесінділер салыңдар ВС = BD болсын
  • B мен D – ні қосыңдар
  • Пайда болған DBС үшбұрышының медианасын, биіктігін, биссектрисасын жүргізіңдер.
  • Қортынды жасаңдар.

ІІ топ тапсырмасы: №46, № 48 есепті плакатқа орындап, қорғау.

                   B

№46

берілгені: ΔABC

P=18cm

AC=8cm

A                              C            AB=BC=?

P=AB+BC+AC

AB=BC         P=2AB+AC

18=2AB+8

2AB=18-8

AB=10 : 2

AB= 5 cm        AB=BC      BC=5 cm

 

B                             № 48

ΔABC

AC=9cm

AB=BC=2AC

P=?

A                                  C          P=AB+BC+AC

P=2AB+AC

P=4AC+AC=4*9+9=36+9=45

ІІІ топ тапсырмасы:     Сөзжұмбақ шешу.

  1. Үшбұрыштың түрі
  2. Графикалық редактордың сайманы
  3. Үшбұрыштың табанына түсірілген перпендикуляр
  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеті
  5. Графикалық редактордың түстер жиынтығы
  6. Үшбұрыштың төбелерін қосатын кесінді
  7. Графикалық редактордың сайманы

ІV. Бағалау,

  1. Үйге тапсырма беру: №49,№50