Қосындыны санға бөлу

52

Сабақтың тақырыбы : Қосындыны санға бөлу

Мақсаты:Білімділік.Оқушыларды қосындыны бөлудің жолдарымен

таныстыру

Дамытушылық.Оқушылардың ақыл-ойын,логикалық ойлауы

мен шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойын түрлерін

пайдалану арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік.Оқушыларды шапшандыққа,тапқырлыққа,нақты

жауап беруге тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі:теориялық;ойын сабақ

Әдіс- тәсілдері : сұрақ-жауап әңгімелесу       үйрету,баяндау,көрсету,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта,цифрлар,

 

 

  1. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым.

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

2.Үй тапсырмасы

Үйге берілген №12 тапсырманы ауызша оқу арқылы тексеру

«Ой ашар»

Гүл теру ойны.

— Балалар қыстан соң қай мезгіл келеді?

-Көктем  келеді.

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күн жылынады,қар ериді,жан-жануарлар ұйқысынан оянады,….

Әне қар астынан  алғашқы бәйшешектер көрінуде . Олай болса «Бәйшешек теру» ойынын ойнайық.Әр гүлдің артында тапсырмалар берілген. Сол тапсырманы дұрыс орындасақ табиғатың әсем сыйын өзіңе тарту етеді,және сол гүлдердің артында жаңа сабақтың аты шығады.

1.Көбейтудің компаненттерін ата

2.Бөлудің компонентерін ата

3.1 дм неше см бар?

  1. 1 тәулікте неше сағат бар?

5.1сағатта неше минут бар?

6.Көлемді қалай табамыз?

7.2-нің кубы нешеге тең?

Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы.

«Қосындыны санға бөлу»

Түсіндіру итнербелсенді тақтадағы өрнекті оқу

(6+9);3 *6:3+9:3өрнекті  салыстырамыз.Нәтижесінде өрнектің оң және сол жағы тең.Демек өрнек тең.

Қосындыны санға бөлудің екі тәсілі бар

1-тәсіл Бірінші қосылғыш 6-ны 3-ке бөлеміз,екінші қошылғыш 9-ды 3-кебөлеміз.Нәтижелерін қосамыз.6:3+9:3=2+3=5

2-тәсіл Ең алдымен жақшаның ішін орындаймыз.Шыққан нәтижені санға бөлеміз

(6+9):3=15:3=5

Демек,қоосындыны санға бөлу үшін,әр қосылғышты осы санға бөліп,нәтижелерін қосуға;қосындының мәнін тауып,оны осы санға бөлуге болады.

Тақтамен жұмыс.Бөлу қалай орындалған?Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді падаланып түсіндіру

1)(10+6):2=16:2=8

2)(10+6):2=10:2+6:2=8

№3.Әр өрнектің мәнін екі тәсілмен тап

(14+16):2         (25+15):5        (36+18):6

(24+12):4         (40+16):8         (21+9):3

 

№4.Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Теңдік тура ма ,тексер:

Тақтадан оқу,ауызша орындау

4=4*4*4       2=2*2*3         3=2*2      1=1*1

№5.Интербелсенді тақтадан мына фигуралардың көлемін тап

 

 

 

 

№6 «Сиқырлы сөз» ойыны.

Ойынның шарты:мына өрнектің мәнін тауып сол санға сәйкес әріптерді кестеге орналастыру

90:3+9:3  ы           600:10+60:10 ж                  60*6+60   а

40:4+4:4  с            900:3+90:3    а                    50*3+50    й

80:2+8:2   р           1000:5+100:5    ң                40*2+40    !

КЕСТЕ

№7.Оқулықпен жұмыс

Есепті шығару.

«Думан»океанариумына теңіз балықтары 24 пиранья мен36 тұтасқанат әкелінді.Олар 6 аквариумға орналастырылды.Әр аквариумға неше балықтан орналастырылды?

-Есеп не жайында?

-Балықтар жайында.

-Есепте не белгілі?

24 пиранья мен 36 тұтасқанат.

Оларды не істеді?

Оларды 6 аквариумғаға орналастырды.

Пиранья-24                ?6 аквариумға орналастырылды

Тұтасқанат-36

Әр аквариумда неше балық бар?

Ш:(24+36):6=10 (б)

Ж:әр аквариумда 10 балық бар

Сергіту сәті

Логикалық тапсырма

-Балалар оқулықтағы №8 есепке назар аударайық.

Океанариумның көрме залында 14 натюрморт,одан 3 есе артық пейзаждар және натюрморттар мен пейзаждардың жалпы  санының жетіден бір бөлігіндей портреттер қойылған.Көрмеге неше портрет қойылған?

Шарты:Натюрморт-14       ?1/7 портрет

Пейзаж-? 3 есе арт.

Портрет-?

Ш:14+14*3=56      56:7=8(п)

Ж:8 портрет

№9 тапсырма.Салыстыру

Өз бетінше жұмыс

30дм 2см=302cм           1 сағ 10мин    80мин

5м 5см<550cм                3тәул.24сағ=96сағ

32см<30дм 2см              2м3дм>203см

«Миға шабуыл

Сынық сызық үш буыннан тұрады.Бірінші буынның ұзындығы 15см.Екінші буын біріншісіне

Қарағанда 3 есе ұзын,ал үшінші буын ұзындығы бірінші мен екінші буындардың  ұзындықтарының қосындысының мәнінің бестен бір бөлігіндей.Сынық сызықтың ұзындығын тап.

Шешуі:1 15*3=45(см)             3)  60:5=12  (cм)

2)  45+15=60(см)                   15+45+12=72(cм)

Жауабы:72см

Жаңа  сабақты бекіту

-Сонымен балалар, қосындыны санға қалай бөлеміз?

1-тәсіл Қосындының мәнін тауып,оны сол санға бөлеміз.

2-тәсіл Әр қосылғышты санға бөліп,нәтижелерін қосамыз.

III Cабақты қорыту

Логикалық тапсырма

IV Үйге тапсырма

№11 Бөліндіні қосынды түрінде жазу және есептеу

Үлгі:(15+30):5=15:5+30:5=3+6=9

Бағалау