Математика әлеміне саяхат

67

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің математика  мұғалімі

Налибаева Қарлығаш Шамсудинқызы

Сабақтың тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру,математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Мұғалім:   Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай

Армысыздар,құрметті қонақтар,оқушылар! Бүгінгі 7 «А»-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған «математика әлеміне саяхат» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі шарттары 1.Таныстыру

2.Бәйге

  1.   «Ой сергіту сайысы»   Жұмбақ шешу.

4.Логикалық есептер

5.Топ басшылар сайысы

6.Жорға

Бүгінгі сайысымызға қазылық ететін әділ-қазылармен таныс болыңыздар:

  1. Палымбетова Гүлбахар №8 орта мектептің математика пәні мұғалімі
  2. Серікбаева Гаухар №8 орта мектептің математика пәні мұғалімі

Әділ қазылармен танысып болсақ сайысымызды бастайық!

 

1 тур. Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады,яғни топтың аты, ұраны

 

1-топ Тапқырлар

Ұраны: Нақты жауап,сапалы шешім таба біл

Осындай алғыр достар кез – келгенде,

Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?

Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

2-топ  Алғырлар

Ұраны:Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашан да ұмтыла біл жеңіске

Шақырып жарыстарды сан – салалы,

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достық пенен татулықты

Тапқырлар командасын қарсы алады

 

2 тур Бәйге

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік біліміңді.

 

Бұл сайыстың ережесімен таныстырып өтсек:2 топқа жалпылама 10 сұрақ беріледі,қай топ бірінші болып белгі берсе, сол топ жауап береді.Әрбір сұраққа дұрыс жауап берсе, 1 ұпайдан беріледі

 

  1. Бұрышты өлшейтін құрал?
  2. 17 саны жай сан ба, құрама сан ба?
  3. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  4. Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?
  5. Параллель түзулер дегеніміз не?
  6. Қандай бөлшектер дұрыс бөлшектер деп аталады?
  7. 1 бүтіннің ¼ бөлігі қалай аталады?
  8. Қандай сандар 0-ден үлкен?
  9. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш?
  10. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

 

3 тур «Ой сергіту сайысы»   Жұмбақ шешу.

            Математикалық атаулар мен ұғымдар,

            Есте болар, оқушылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

 

Сайысымыздың бұл бөлімінде әр топқа математикаға байланысты жұмбақтар жасырылады.Әрбір жұмбақтың шешіміне 5 ұпайдан беріледі

 

 

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында                (Сызғыш)

 

 

  1. Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсін де               (Түзу)

 

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай                   (Натурал сан)

 

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары?       (6)

 

4 тур Логикалық есептер

Бұл бөлімде 2 топқа ортақ есеп беріледі.Есепті топпен шығарады.

Дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

 

  1. Үш әке, үш бала бес орынды жеңіл машинамен қала сыртына демалысқа шығады.Жолда оларды МАИ қызметкері тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексереді.Ол жүргізушіге еш шара қолданбай жібереді.Машинада артық адам бар сияқты емес пе?МАИ қызметкері нені байқамады? (Әкесі, баласы, немересі, шөбересі)

 

  1. Мына фигурада неше үшбұрыш бар?

 

 

 

 

  • шбұрыш бар)

 

 

 

3.Мына суреттегі 7 дөңгелекке 1,2,3,4,5,6,7 сандарын орналастыр. Бір сан екі рет қайталанбасын.Сонда түзулер бойындағы үш дөңгелектегі сандардың қосындысы барлық бағытта болу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар, сонда әкемнің неше баласы болған?             ( сегіз баласы бар)

 

5 тур.Топ басшылар сайысы.

Бұл бөлімде 2 топтың топбасшылары бір-бірлеп ортаға шығып, «Математиканы не үшін оқимыз?» тақырыбы бойынша шешендік шеберліктерін көрсетеді.Ойын терең жеткізе білген ойыншымыз 10 ұпайға ие болады.

 

 

 

6 тур  Жорға

Сайысымыздың соңғы бөлімінде 2 топқа бірдей екі есеп беріледі қай топ бірінші дұрыс шығарып болса, сол топ ұпайды еншіленеді. Есепті дұрыс шығарған топқа 5 ұпай беріледі

 

 

 

1 топқа:

Есептеңдер:

 

2 топқа:

Берілген 728021 : 7 бөліндісінің қанша цифры бар?    (6)

 

1 топқа:

Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста.Неше жылдан кейін шешесінің жасы, қызының жасынан үш есе артық болады?               (12 жылдан кейін)

 

2 топқа:

Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды.Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда отырды.Поезда неше вагон болған?                (13 вагон)

 

 

Мұғалім: Жарыс  заңы  ежелден,

Жеңімпазды  анықтау.

Жеңімпаз  болу  шарты  сол,

Еңбектену  жалықпау,-деп сөз кезегін әділ-қазыларға берсек.

(Әділ-қазылар ойынды қорытындылап, женген топты марапаттайды)

 

Сонымен, бүгінгі «Математика әлеміне саяхат» атты сайысымыз аяқталды.Сау болыңыздар.