Білекті бірді, білімді мыңды жығады

125

Тақырыбы:      «Білекті бірді,білімді мыңды жығады»

Мақсаты :     Оқушылар арасында өзара көмек  ұғымын, достықты  тәрбиелеу

Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру .

Әр оқушының шығармашылық ізденімпаздығын ояту,ойлау

қабілеттерін дамыту,әр оқушының шығармашылығын жетілдіру.

Оқушылардың жан-жақты білімдерін, математикалық тілдерін және

біліктілігін дамыту.

Көрнекіліктер: Сөзжұмбақтар,карточкалар,сызбалар,фигупалар,слайдтар,тапсырмалар.

Түрі: Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

      Жоспары:  1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  1. Кім жүйрік  (тапсырма карточка бойынша беріледі)
  2. Ойлан тап (тапсырма карточка бойынша беріледі
  3. Білімділер сайысы (әр топқа карточка беріледі)
  4. Ғажайып төрттік (10,20,30,40 ұпайлық тапсырма беріледі)
  5. Математикалық терминдер (таңдаған әріптеріне математикалық

терминдер айту )

  1. Жанкүйерлермен ойын сайысы(жанкүйер тапсырмаларын орындау)

     Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

  1. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,

қажет те.                                                                                          (Р.Бэкон)

     Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білекті бірді,білімді

мыңды жығады» атты 8-ші және 9-шы сыныптар арасында өтетін сайысқа

қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Олай болса ортаға  «Архимед» және

«Пифагор», командаларын  шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің                                             білімі мен тапқырлығына баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

І. Кезекте амандасу рәсімі :   І  «Архимед» командасына.

                                                  ІІ «Пифагор» командасына сөз беріледі.

ІІ. Кім жүйрік  (тапсырма карточка бойынша беріледі).

  1. Егер 3-саны шықса 1-ден 30-ға дейінгі сандарды санап шығады.Бірақ сандарды атағанда 3-ке еселік сандарды айтпайды.
  2. Егер 4-саны шықса 1-ден 40-ға дейінгі сандарды санап шығады.Бірақ сандарды атағанда 4-ке еселік сандарды айтпайды.

ІІІ. Ойлан тап (тапсырма карточка бойынша беріледі).

1)  Бес үштің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс                 орындалатындай  арифметикалық амалдар қойып шығыңдар.Жақша да пайдалануға болады.

3-(3:3+3:3)=1

3-33:33=2

3×33:33=3

(3+3+3+3):3=4

3+(3:3+3:3)=5

(3×3-3)+(3-3)=6

  2)     Төрт екінің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс                 орындалатындай арифметикалық амалдар қойып шығыңдар.Жақша да пайдалануға болады.

(2+2):(2+2)=1

2:2+2:2=2

(2+2+2):2=3

2×2+(2-2)=4

2×2+2:2=5

 2x2x2-2=6  

  1. Білімділер сайысы (әр топқа есеп жазылған карточка беріледі)

№1  Бір адам өзінің досына: «Маған 100 доллар бер, сонда мен сенен екі есе бай боламын» — депті. Досы былай деп жауап береді: «Сен маған тек 10 доллар бер, сонда мен сенен  6 есе бай боламын». Әрқайсысында қанша доллар болған?

Жауабы: және

 

№2. Үш адам  24000 теңгеге үй сатып алғысы келді. Олар былай келісті: біріншісі жарты ақшасын береді; екіншісі үштен бірін береді, ал үшіншісі қалған бөлігін береді. Әрқайсысы қанша бермек?

Жауабы: 12000, 8000, 4000

 

№3   «Бақташы 30 түйе айдап келеді. Оған мынадай сұрақ берілген: Қорадағы  түйенің қаншасын айдап келе жатырсың?

Бақташының жауабы:

− Қорадағы түйенің жартысының  үштен бірін айдап келе жатырмын. Барлық түйенің саны қанша?.

Жауабы: 180

  1. «Көпес 540 сомға 138 дана  алтын және күміс сақина сатып алды. Егер бір алтын сақина 5 сом, ал күміс сақина 3 сом тұрса, әрқайсысынан неше сақина сатып алған?»

Жауабы: 63,  75

  1. Әкесі қызынан 4 есе үлкен.Бұдан 5 жыл бұрын әкесі қызынан 9 есе үлкен

еді.Қазір әрқайсысы неше жаста?.

Жауабы: 32,  8

6.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше?

Жауабы:   8

 

  1. Ғажайып төрттік (10,20,30,40 ұпайлық тапсырма беріледі)

 

  1. VI. Математикалық терминдер (таңдаған әріптеріне математикалық

терминдер жазу)

VII. Жанкүйерлермен ойын сайысы(жанкүйер тапсырмаларын орындау)

 

Жүргізуші: «Білекті бірді,білімді мыңды жығады» атты сайысымыздың

қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.

 

Жүргізуші қорытындылайды:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! — дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.