2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері

386

Сабақ тақырыбы:      2-ге, 5-ке, 10-ға  бөлінгіштік белгілері

 

Тақырыпты меңгерту мақсаттары:

 

1.Білімділік:  Оқушыларды

  • Жұп, тақ цифрларды ажырата білуге үйрету;
  • Жұп, тақ сандармен таныстыру;
  • Санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету;
  • 10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге, 5-ке бөлінетіндігін пайдалана білуге үйрету

 

  1. Дамытушылық: Оқушылардың
  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
  • Ауызша және тез есептеу дағдыларын жетілдіру;
  1. Тәрбиелік: Оқушыларды
  • Еңбекқорлыққа;
  • Өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:

Техникалық құралдар; Ауызша журнал; Жұмыс дәптерлері

 

Тақырыпты меңгерту кезеңдері:

 

І – кезең:     Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық / 5 минут /

а) Ұйымдастыру

  1. Мақсаты: ұйымдастыру сәтін өткізу.
  2. Мазмұны: сыныпта жоқ оқушыларды және сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

б) Үй жұмыстарын тексеру

  1. Мақсаты: кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі тексеріледі. Оқушылар бір – бірімен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып «+» немесе «-» белгілерін қояды.

№ 252 —  есеп / үлестірмелі бетке жазылады/

Жұлдызшаның орнына  тиісті цифрларды қойып, 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар:

5*9* — 5091;  971* — 9711; **51 – 1251;  6*7* — 6072; 30*41 – 30141;   2*721 – 20721; *4121 – 14121;  6*233 – 61233;

  1. Мазмұны: кешегі өткен тақырыптың ІІІ кезеңінің деңгейлік тапсырмалары
  2. Әдісі: Оқушылар бірін – бірі тексереді.

4.Ұйымдастыру формасы. фронталды

5.Пайдаланылатын құрал: Жұмыс дәптері

  1. Оқушының танымдық іс — әрекеті: оқушылар кезек – кезек өткен тақырып бойынша кеше сыныпта және үйде жинаған ұпайларының қосындысын айтады. Жұмыс дәптерінің соңындағы мониторингке тиісті нүктесін қояды.

7.Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: Ұпайларды тақтадағы ашық журналға жазу. Соңынан, осы сабақтың ішінде, 2-кесте бойынша бағаға аударып журналға қою.

8.Нәтижені бағалау: алдында өткен тақырып бойынша қабілетіне, еңбегіне сәйкес әділ бағасын қою.

 

в) «Көпір тапсырмалары» / үйге берілген болатын/ тексеріледі.

Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар.

1.Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдардан қайталау тапсырмаларын үйден орындап келгендігін тексеру.

2.Мазмұны:

  1. Өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазып кел. Олар сендерге бүгін өтетін тақырыпты меңгеруге негіз болатын қажетті мәліметтер бола алады.

а) Жұп цифрларды жаз:    / 0; 2; 4; 6; 8 /

ә)Тақ цифрларды жаз:   / 1; 3; 5; 7; 9 /

б) Қандай сандар жұп сандар деп аталады ,мысал келтір / жұп цифрлармен аяқталатын сандар жұп сандар деп аталады. Мысалы: 18; 96; 100; 2964; /

в)Қандай сандар тақ сандар деп аталады ,мысал келтір / тақ цифрлармен аяқталатын сандар тақ сандар деп аталады. Мысалы: 23; 85; 1931; 8963;/

г)Санның  бөлгіші дегеніміз не? Мысал келтір / а санын қалдықсыз бөлетін сандар сол санның бөлгіштері деп аталады. Мысалы: 12-ң бөлгіштері – 1; 2; 3; 4; 6; 12; Ең кіші бөлгіш 1-гетең, ең үлкен бөлгіш сол санның өзіне тең.

в) Ссанның еселігі дегеніміз не? Мысал келтір / а санына

д) 10-нан 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар? / 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28; 30;  соңғы цифрлары – жұп цифрлар

Е) 10-нан 40-қа дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың сонғы цифрлары қандай? / 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; бұл сандардың соңғы цтфрлары 0 және 5 /

Ж) 146,160,213,230,281,450 сандардың қайсысы 10-ға бөлінеді? Қайсысы 10-ға бөлінбейді? Айырмалары неде?  / 10-ға бөлінетіндері: 160; 230; 450; бөлінбейтіндері: 146; 213; 281; Сонда 10-ға бөлінетіндер тек 0 цифрімен аяқталады./

  1. Әдісі: Сұрақ – жауап

4.Ұйымдастыру формасы: жеке, фронталды

  1. Пайдаланатын құрал: Жұмыс дәптері

6.Оқушының танымдық іс — әрекеті: Тапсырмалардың жауабын айтады.

7.Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: Сұрайды

8.Нәтижені бағалау: Тек ауызша марапатталады.

 

ІІ – кезең: Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту

 

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру

 

  1. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу
  2. Мазмұны:

                 а) «Білу» мақсатына сәйкес :  Тақ сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір

Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір

б) «Түсіну» мақсатына сәйкес:

                                                                                        а) 2-ге еселік сандардың астын сыз:

17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804

б)5-ке,10-ға еселі сандарды бөлек теріп жаз:

45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.

в) «Жинақтау» әрекетіне сәйкес:

.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін жаз:

  1. Әдісі: Мені түсін
  2. Формасы:  тапсырмаларды жұппен орындарында орындау
  3. Пайдаланатын құрал: оқулық, жұмыс дәптері, техникалық құрал, көрнекіліктер
  4. Оқушының танымдық іс — әрекеті: барлық оқушы қатысады. Қабілетіне қарай , олардың әрқайсысы өз үлесін қосады.
  5. Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: оқушылар жұпта дайындалып болғанша журналға кешегі тақырыптың бағасын қою.
  6. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.

 

б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау

 

  1. Мақсаты: оқушыға өзіндік ой – пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру, ой ояту. Тақырыпты қаншалықты меңгергенін қадағалау. Танымдық қызметін басқарып, бағыт бағдар беру.
  2. Мазмұны:  1. Тақ сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір

Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір

  1. 2. а) 2-ге еселік сандардың астын сыз: 17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804

б)5-ке,10-ға еселі сандарды бөлек теріп жаз: 45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.

                                       3.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін жаз:

  1. Әдісі:  Сұрақ – жауап
  2. Формасы: фронталды
  3. Пайдаланатын құрал: оқулық, көрнекіліктер.
  4. Оқушының танымдық іс — әрекеті: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды.
  5. Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: ең нашар оқушыға дейін талдау жұмысына қатысуын қадағалау
  6. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.

 

в) Алған теориялық білімін практика жүзінде пысықтау

 

  1. Мақсаты: 2-ші кезеңде меңгерген теориялық білімдерін практикада бекіту
  2. Мазмұны:  №213; № 214; №219; №22; №223; №226
  3. Әджісі: Есептер шығару
  4. Формасы: жеке тақтада, жұппен орындарында
  5. Пайдаланатын құрал: оқулық, тақта.
  6. Оқушының танымдық іс — әрекеті: бірнеше оқушы тақтамен, қалғандары өз беттерімен жұмыс жасайды.
  7. Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: оқушылардың бекіту жұмысын дұрыс орындау дәрежесін қадағалау, көмектесу.
  8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша марапатталады немесе ескертулер алады.

 

ІІІ-кезең.

Кері байланыс / технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім /

І деңгей

  1. Мақс аты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғардағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау. Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі.
  2. Мазмұны: 1 – ші деңгей  / өнімсіз – репродуктивтік деңгей – мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.
    • Екінші кезеңде қарастырылған ережелерді білу талап етіледі.
    • Оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады.
    • Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы – біліктілігін анықтау.Бірінші деңгейдің қорытындысы: «есептелінде» алады, ол 5 баллмен бағаланады.

1.а 1)90-нан үлкен 100-ден кіші барлық 2-ге бөлінетін сандарды өсу ретімен жаз:  92; 94;  96; 98;

б)80-нен кіші 70-тен үлкен барлық тақ сандарды кему ретімен жаз:   79; 77; 75; 73; 71;

2.144,171,184,278,391,415,520,997,990,646,825,975 сандарының ішінен 2-ге,5-ке,10ға бөлінетін сандарды бөлек теріп жаз:

2-ге бөлінетін: 144; 184; 278; 520; 990; 646;

5 – ке бөлінетін:  415; 520; 990;

10 – ға бөлінетін: 520; 990;

  1. Дәптердің бағасы 35 тг. Оқушы бірнеше дәптер сатып алды. Дәптерге неше тенге төледі. 83 тг, 105 тг, 126тг . Оқушы неше дәптер сатып алды?

Шешуі: Дәптерге 105 теңге төледі .Өйткені 105 саны 35 – ке қалдықсыз бөлінеді. 105:35 = 3 .

Ж/бы:  Оқушы 3 дәптер сатып алды.

 

  1. Әдіңсі:  Репродуктив әдіс
  2. Формасы: Жекеше
  3. 5. Падаланатын құрал: Жұмыс дәптері
  4. Оқушының танымдық іс — әрекеті: Барлық оқушы орындауға міндетті. Үздік оқушылар автомат – зачет алуға құқылы
  5. Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: өзім бақылап тексерем. Ең нашар оқушыға дейін кем дегенде осы деңгейге жетуін

қамтамасыз ету.

  1. Нәтижені бағалау: «есептелінді» , «есептелмеді» бағалау арқылы екіліксіз оқуға кепілдік беру. Зачет алған оқушы / 5 ұпай/

келесі деңгейге көшеді. / «3» журналға қойылады./

 

 ІІ денгей

  1. Мақсаты:
    • алғашқы білімдерін түрлендіріп қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін жетілдіру;
    • тапсырмаларды талдау біліктілігін тексеру;
  1. Мазмұны:
  • 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп – салдарын анықтайтын тапсырмалар орындайды
  • өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі; оқу материалдарын талдау іскерлігі талап етіледі;
  • 4 балдық жүйемен бағаланады; 2-ші деңгей + 4 балл — 9 балл
  1. 1. Х‹56 теңсіздігі тура болатын х-тін мәндерін ішінен

а)10-ға еселік сандарды жаз:  /10;  20; 30; 40; 50;/

б)5-ке еселік сандарды жаз: / 5; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; 50; 55;/

в)2-ге еселік сандарды жаз:  / 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28; 30; 32; 34; 36; 38; 40; 42; 44; 46; 48; 50; 52; 54; /

  1. 9,5,2,0 цифрларын пайдаланып:

10-ға еселік сандарды жаз:  2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520;

5-ке еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 2905; 2095; 9205; 9025;

2-ге еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 5902; 9052; 9502;

 

  1. Әдісі: Өз бетімен жұмыстану
  2. Формасы: Жекеше, жұптық
  3. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптерлері
  4. Оқушының танымдық іс — әрекеті: Бірін – біріне көмек ұйымдастырады
  5. Нәтижені бағалау: Әр оқушы өз ұпайын санайды. 9 балл жинаса «4» журналға қойылады.

 

ІІІ деңгей

  1. Мақсаты:
    • Алғашқы екі деңгейде алған білімдерін жетілдіріп жинақтау, қорытынды жасау
    • Тақырыптың мазмұнына баға бере білу

 

  1. Мазмұны.
    • Алғашқы 10 жұп санды, 10 тақ санды жазып көрсетіңдер, жұп және тақ сандардың жалпы түрін әріпті өрнек түрінде жаз.

Жұп сандар: 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20;  жалпы түрі: 2а, а-натурал сан;

Тақ сандар: 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 19; жалпы түрі: 2а + 1, а-натурал сан.

  • 1 020, 6 500, 1 100, 5 001, 6 000, 704 000, 6 800, 690 500 сандарының қайсысы 100-ге, қайсысы 1 000 – ға бөленеді?  100- ге және 1 000-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар.

100-ге бөлінетіндер:  1100;  6500; 6000; 704000; 6800; 690500;

1000-ға бөлінетіндер:  6000; 704000;  690500;

Соңғы цифры 2 нолмен аяқталатын сандар 100-ге бөлінеді; соңғы цифры 3 нолмен аяқталатын сандар 1000- ға бөлінеді.

  • 3.403, 322, 505, 940, 87, 708, 609 999 сандарын 10-ға бөлгенде: а) қандай қалдық қалады; 2) 10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек?

 

  1. Әдісі: іздену, өз бетімен жұмыстану;
  2. Формасы: жекеше, жұптық
  3. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптері, көрнекіліктер
  4. Оқушының танымдық іс — әрекеті: іздену, қасындағы оқушыға көмектесу;
  5. Мұғалімнің басқарушылық іс — әрекеті: оқушының өзін — өзі тексеріп басқаруға үйрене бастауына бағыт беру, қадағалау; оқушының қорытынды ұпай санына сәйкес бағаларын келесі сабақта журналға қою.
  6. Нәтижені бағалау: Үйде жалғастырып орындағаннан кейін 3 ұпай қосып, барлығы 12 ұпай жинаса журналға «5» қою. Келесі шығармашылық деңгейдің нәтижесі бөлек 12 ұпаймен бағаланады.

 

Үйге тапсырма: № 218; 221; 223;