Сабақтың тақырыбы: Бөлу

84

Сабақтың тақырыбы: Бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:          Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді

қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік:                    Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс

шығаруға, нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ұлттық ойындармен байланыстыру арқылы білім

дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі:  Ойын сабақ

Сабақтың типі: Өткен тақырыпты қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлттық ойындар («Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар», «Бәйге жарыс», «Алтын сақа»),  формулалар, кеспе қағаздар (жігіт, қыз, тұлпар, теңге бейнесінде), «Математика – ғылымдар патшасы» нақыл сөзі, «Рационал сандар тарихы» плакаты.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Берілген үй тапсырмасын жеке-жеке жауап беру арқылы дәптерден

тексеру.

  1. Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлемін: «Оң сандар» және «Теріс сандар» топтары. Топбасшыларын сайлаймын. Әр дұрыс әрі қатесіз шығарылған есептер асықтар санымен бағаланып отырады.

 

  1. Өтілген тақырыпты қайталау.

а) «Қыз қуу» ойыны.

 

Бұл — ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. Бұл — жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігіт пен оның атын қамшының астына алады. Бұл — қыздың жеңгені. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда алғаш қыз қуу спорттық жарыс ретінде 1923 жылы өткізілді. Содан бері оқта-текте мерекелік бағдарламаларға енгізіліп келеді.

Екі топтан бір ұл, бір қыз шығып, үлестірме қағаздар бойынша жауап береді.

1-есеп.                                                     1-есеп.

2-есеп.                                             2-есеп.

3-сеп.                              3-есеп.

 

ә) «Теңге алу» ойыны.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу — үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып, қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып, көкке лақ­тырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге шауып түсіретін болған.

Қорапшада қағаздан қиылған дөңгелек тиындар. Әр топтан кезекпе-кезек оқушылар шығып формулаларды түсіндіру керек.

  1.                                         4.
  2.                                                5.
  3. 6. Пропорцияның негізгі қасиетін

айт.

 

б) «Көкпар» ойыны.

Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған. Көкпар — әсіресе, қазақтардың, Орта Азия халықтарының сүйікті ойыны. Бұл ойын — жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Әдетте, көкпарда басы кесілген серке тартылады.

«Математика» сөзінің әріптерінен әр топтан 3 оқушыдан шығып, тақтаға бірнеше сөздер құрастыру керек.

 

 

 

 

в) «Бәйге жарыс».

 

Бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

Топ басшылары тақтаға есеп шығарып жарысады.

Теңдеуді шешіңдер:

 

 

III. Оқулықпен жұмыс.

г) «Асық ойыны» . №569-есеп, №570-есеп.

 

Бұл — балалардың ежелгі спорттық ойыны. Тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Асық ойынының үш табан, бір табан, шығу, шеңбер секілді бірқатар түрлері бар. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері де асық ойнаған. Олар ойнаған асық ойындары қора хан, құмар, т.б. аталған. Асықтың «Хан талапай», «Төрт асық», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Омпы», «Сасыр» секілді түрлері де бар.

«Оң сандар» тобы тақ таңбалы, «Теріс сандар» тобы жұп таңбалы есептерін тақтаға шығарып жарысады.

 

  1. Бекіту кезеңі.

а) Рационал сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар.

ә) Координаталық сәуледе рационал сандардың орналасу реті қалай?

 

  1. Үйге тапсырма. №571, №574, №576 есептер.

 

  1. Бағалау.