Ойлы болсаң, озып көр

100

Ойлы  болсаң, озып  көр

Білімділік:       Оқушылардың  алған білімдерін жинақтау, пәнге  деген

қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:  Ой-өрісін кеңейту, логикалық  сауаттылыған  дамыту.

Белсенділігін  арттыру.

Тәрбиелік:           Оқушыларды  алғырлыққа, тапқырлыққа,  ұқыптылыққа ,

төзімділікке баулу.

Түрі:   сайыс сабақ.

Әдісі:   сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс

Көрнекілік:  тест, судоку,  карточкалық тапсырмалар, нақыл сөздер

Барысы:

  1. Математика  ғылымдар патшасы деп,

        Мойындаған бар ғылым жер  шарында

        Сол қағида  тағы да дәленденбек

         Бүгінгі  сайыс  жоспарында.

Жоспар:

1.Таныстыру

2.Мықты болсаң,  тауып көр. /Логикалық  есептер/

  1. Біліктілік сайысы /есептер шығару/

4.Кім жылдам   /тест/

5.Жүйрік  болсаң,  шауып  көр  /математикалық  сұрақтар/

  1. Ойлы болсаң, озып көр  /дарындылар сайысы/
  2. Судоку сандар тізбегі

 

Әділ-қазы   алқаларын  таныстыру.

  1. Топтардың таныстыруы

         1/   Үлгілі  тәртіп  жақсы  оқу

             Алдыға  қойған мақсаты

             Әрқашанда  мектепте

            Шығып  жүрер  жақсы  аты  деп,  ортаға «Алғырлар» тобын  шақырайық.

Ұраны:. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды  жығады»

    Сәлемдесуі:    Бұл сайысты  көптен біздер күткенбіз,

                           Жалындаған  жастармыз біз  көктембіз.

                          Мақсатымыз биіктерден көріну,

                        Сол үшін де  маңдай  терді  төккенбіз.

Есептерді теңдеулермен шығарған,

Қыздар біздің көрініп жүр  шыңдардан.

Пропорцияны тез  шешетін  жолын  тауып,

Бақылауда  тестілеуді таңдаған.

         Біз дайынбыз  бұл сайысқа  достарым,

        Көрсетеміз бізде қандай күш  барын.

       Алға қойған  мақсатымыз  бір  екен,

      Сәтті  болсын  сапарымыз  әрдайым.

                          

      2/   Жиналған  ылғи  мықтылар

          Жүректе от, көздерінде жалын  бар.

         «Тапқырлар» тобын  халайық,

          Қол соғып қарсы  алайық.

Ұраны: «Білімдінің  күні  жарық, білімсіздің  күні  кәріп»

Сәлемдесуі:        Жарыс  десе  алғырлықты ұштаймыз,

                           Қиялдарға  самғап ұщқан  құстаймыз.

                          Білімменен  қаруланған  тобымыз,

                         Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Прогрессияны  өрнектеуді меңгерген,

Есептерде дәрежені теңгерген.

Ұлдарымыз  сызба  тілін  сөйлетіп,

Амалдаумен  сан  есепті  түрлеген.

        Осындай  тапқыр  достар кез келгенде,

        Жетсін-ау  жарыстарда  жеңгенге не.

       Қарсылас  болғанменен  құрбысыңдар,

      Тілейміз  ізгі  тілек сендерге  де.

  1. Мықты болсаң, тауып  көр.

«Мектеп кеме, білім  теңіз»  дегендей «Мықты  болсаң  шауып көр»  бөлімі бойынша   желкендердегі   сұрақтарға  жауап бере  отырып, кемеге  отырып теңізге  шығамыз. 

  1. Қандай цифрлардың  көбейтіндісі де,қосындысы да  6-ға тең.  /1,2,3/
  2. Екі саннның  қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке  тең. Ол қандай сандар  /5 пен 3/
  3. Бір жанұяның   5 ер  баласы  бар, олардың  әрқайсысының  қарындастары  бар. Жанұяда   қанша  бала  бар. /6 бала/
  4. 1 цифрын 5 рет пайдаланып, 100 қалай жазуға  болады./111-11=100/
  5. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық.  Барлығы неше  мысық /4 мысық/
  6. 2 цифрын 4 рет пайдаланып 1-ді қалай жазуға  болады./2+2:2*2=1/
  7. Ұлу ағаштың басына  шығуға  күніне 5 м жоғары  көтеріледі, түнде  3 м сырғанап  төмен түседі. Ағаштың  биіктігі  25 м  болса, ұлу ағаш  басына  неше күнде жетеді. /11-ші  күні  кешке/
  8. Он литрлік бидон  сүтке толы. 3 л бидонды  пайдаланып, 7 л бидонға 5 л  сүтті  қалай құйып алуға  болады.
  9. Бағбанның 24 ақ, 42 қызыл,36 сары раушан гүлдері қалды. Ол барлық  қалған  гүлдерді пайдаланып, ең  көп  дегенде қанша гүл  шоқтарын жасай  алады.        /6 гүл шоғы/
  10. 6 кенгуру 6 дорба  шөпті  6 минутта жеп  тауысады. 100 дорба  шөпті 100 минутта  қанша  кенгуру тауысады. /100 кенгуру/
*    *    *

*    *    *

      *    *

  • Суреттегі нүктелерді кесінділермен қоса  отырып, қанша  квадрат шығаруға  болады. /4/      

                                        

 

 

 

 

 

 х 4 3
5 20 15
7 28 21
х 5  
  35 63
  30 ?
  1. Суретте көбейту кестесінің  бір  бөлігі  кескінделген. 2-ші суретте көбейту  кестесінің  бір  бөлігі  кескінделген , бірақ  біраз  цифрлары  көрсетілмеген. Тордағы  цифрларды  тап. 

 

3.Біліктілік  сайысы.  /Деңгейлік  тапсырмалар, баллдық жүйеде/

10 балл    

  Арифметикалық  прогрессияның болса, жиырма бесінші мүшесін тап.

Геометриялық прогрессияның болса, алтыншы  мүшесін тап.

    20 балл         

                                          

   30 балл 

 және векторының  координаттарын , көбейтіндіні  табыңдар.

және және  векторларының  арасындағы бұрышты   табыңдар.

  1. Кім жылдам /тест тапсырмалары МАБ бойынша/
  2. Жүйрік болсаң, шауып көр.

І топ

  1. Сызықтық функция графигі /түзу сызық/
  2. Дәлелдеуді қажет етпейтін  сөйлем/аксиома/
  3. Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының  қосындысы /180 /
  4. түріндегі теңдеу /квадрат/
  5. Алгебра оқулығының авторы /
  6. Бір жазықтықта қиылыспайтын түзулер /параллеь/
  7. Ромбының ауданы
  8. Трапецияның орта сызығы /табандарының жарым қосындысына тең/
  9. мәні
  10. неге тең /1/
  11. кімнің теоремасы /Пифагор/
  12. 15 санының квадраты /225/
  13. Ұзындықтары және  бағыттары тең векторлар /тең/
  14. Теңдеулер жүйесін шешудің  неше әдісі бар /3/
  15. Ұшбұрыштың тік бұрышына қарсы  жатқан  қабырға /гипотенуза/
  16. Тік төртбұрыштың неше  симметрия осі  бар/2/

 

ІІ топ.

  1. Квадрат функция графигі /параболла/
  2. Дәлелдеуді қажет етпетін  сөйлем /теорема/
  3. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы /360 /
  4. түріндегі  теңдеу /биквадрат/
  5. Геометрия оқулығының авторы
  6. Тік бұрыш  жасап қиылысатын  түзулер /перпендикуляр/
  7. Параллелограмм ауданы /
  8. Ұшбұрыштың орта  сызығы /
  9. мәні
  10. неге тең /1/
  11. Квадрат жазықтықты енгізген  ғалым / Рене  Декарт/
  12. 25 санының квадраты /625/
  13. Бір түзудің н/е параллель түзудің  бойында жататын векторлар /коллиенар/
  14. Теңсіздіктерді шешудің неше әдісі  бар /екі/
  15. –қа қарсы  жатқан  катет неге тең /гипотенузаның  жартысына  тең/
  16. Шаршының неше  симметрия неше  осі  бар /4/
  17. Ойлы болсаң озып көр. /дарындылар сайысы/

Малахит, Кенгуру интеллектуалды сайыстарының  тапсырмалары.

Теңдеуді  шешіңдер.

 

  1. Судоку сандар тізбегі. /жапон  тілінен аударғанда су-цифр, доку-сандар тізбегі деген мағынаны білдіреді/
1  9  8  3  7  6  5  2  4
 5  4  7  9  1  2  8  6  3
 6  3  2  5 8  4  1  9  7
 8  1  9  7  6  3  4  5  2
 2  6  4  1  5  8  3  7  9
 7  5 3  4  2  9  6  8  1
 4 8  5  2  3  7  9  1  6
 9  2  6  8  4  1  7  3  5
 3  7  1  6  9  5  2  4  8

 

  1. Жанкүйерлерге сұрақтар.
  2. Қорытынды.

Білім  деген  биік  шың,

Бақытқа  сені  жеткізер.

Білім  деген  ақылшың,

Қиындықтан  өткізер- деп  сайыс  сабағымызды  аяқтаймыз.