Сызықтық функцияның қасиеттері

87

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функцияның қасиеттері

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға тура пропорционалдықтың формуласы мен графигін түсіндіру, графигін салуға үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: тура пропорционалдықтың графигін салуды және графигі бойынша формуласын жазуды, сызықтық функцияның  графигін салу дағдысын қалыптастыру.

 Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Математикалық сауаттылыққа, шыдамдылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Cаяхат сабағы

Сабақ әдісі: Сұрақ жауап

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сәлемдесу, түгелдеу;

2) Сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 1362(4,5,6), №1372 есептер

Өткен сабақты еске түсіру:

Сұрақтар: 1. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі? Мысал келтіріңдер.

  1. у=kx функциясының графигі қандай сызық?
  2. y=l функциясы қалай аталады?

Бүгінгі сабағымыз ерекше, біз «Хайуанаттар паркіне» саяхатқа шығамыз. Бірақ паркке кіру үшін біздер берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

  1. «Ой толғау» кезеңі: Ауызша тапсырамыз: есепті қатармен орындаймыз

1) 26-40               2) -7-8                  3) -5*3

: (-7)                 *(-1/5)                  *1/15

— 1/3                   -2,5                       +3/4

* 3                    * 2                                *(-4)

-1,8                   -7/8                        -2/7

 

 

3,2                      1/8                        5/7

  1. «Жұбын тап» – ойыны:
Функция Дұрыс жауап Жауаптар
 

1)       f(x)=

 

а) 0 санынан басқа барлық сандар;

в) -1 және 1 сандарынан басқа сандар;

с) 6-дан басқа барлық сандар;

d) барлық сандар.

 

 

2)       f(x)=

 

 

 

3)       f(x)=

 

 

 

4)       f(x)=

 

 

 

  1. «Өзіңді тексер» кезеңі: алдымызда жануарлар тұр, қарапайым жануарлар емес, сұрақтар қоятын. Әрбір жануарларда жасырын сұрақтар бар.
  • Қандай айнымалы аргумент деп аталады?
  • Сызықтық функцияның графигі қандай?
  • у=kx+l функциясында l=0 болса, қандай функция шығады?

 

 

 

  • 8) 9)

 

  1. Ал, балалар енді бізге саябақ әкімшілігі бір сыйлық дайындап қойыпты, ол сыйлықты алу үшін бізге оқулықта берілген белгілі бір есептерді шығаруымыз керек.

Оқулықпен жұмыс: № 1375,  №1369, №1377, №1378, № 1380 (ауызша), № 1381, №1384 есептер, қосымша № 1376 есеп

Сабақты қорытындылау.

  1. Сызықтық функцияның графигі қандай болады?
  2. у=kх+b функциясында b=0 болса, қандай функция шығады?
  3. Сызықтық функция бұрыштық коэффициенттері бірдей болса қалай орналасады?
  4. Тура пропорционалдық графигінде k>0 болса қандай ординаталарда? (І, III ширекте).
  5. Тура пропорционалдық графигінде k<0 болса қандай ординаталарда? (ІІ, IV ширекте).
  6. Егер k=0 болғандағы функция қалай аталады?

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: № 1373 (1,2,3), №1374, № 1379