Жарық жұлдыз

110

Тақырыбы: Жарық жұлдыз

Шараны өткізу түрі: Жарыс сабақ

 

Шараның  мақсаты Білімділік: Білімгерлердің математикалық білімдерін кеңейту және
тереңдету, дүниеге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыруға үйрету
Дамытушылық: Білімгерлердің пәнге деген ынтасын қалыптастырып,
танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Білімгерлердің дүниетанымын кеңейту, шығармашылық
қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу
 

 

Шараны жабдықтау

 

А. Көрнекі құралдар: плакаттар, интербелсенді тақта.

Ә. Таратылатын материалдар: карточкалар, ұпай санау парағы, жауап парағы.

Б. Пайдаланатын әдебиеттер: қызықты математикалық есептер туралы оқулықтар, жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық, «Физика және математика» журналдары.

 

Шараның мазмұны

 

Барысы: «Жарық жұлдыз» интеллектуалды ойыны жан-жақты білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары, әр түрлі мәселелерге талдау жасап, пікірін қорғай алатын білімгерді анықтауға бағытталған. Жалпы, ойын V тур бойынша жүргізіледі. Әр турдың өзіне сай ережелері мен шарт, талаптары бар. І турдан ІV турға дейін білімгерлер екі топ болып жарысады, ал ІІІ турдың соңында ұпай саны аз топ ойыннан шығарылады. IV турда жеңіп шыққан топтың білімгерлері бір-бірімен сайысқа түседі, ең соңында жеңімпаз анықталады. Ойынға ІІ курс білімгерлері қатысып, бақ сыңасады. Бақ сыңаушылардың саны – 10 білімгерді құрайды.

«Жарық жұлдыз» интеллектуалды ойынының жеңімпазын арнайы сайланған әділ-қазылар алқасы анықтайды. Әділқазылар алдына ойын ережесі, жауап парақтары мен ұпай санау парақтары таратылып беріледі.

 

1-жүргізуші:  Армысыздар ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

 

2-жүргізуші:  Сәлеметсіздер  оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін естіп тұрып

Оқығанын миға тоқушылар.

 

1-жүргізуші:  Бүгінігі “Жарық жұлдыз” интеллектуалды шоуға,

                      Қош келдіңіздер! (2-еуі бірге)

2-жүргізуші:  Алдарыңызда отырған,

Әділқазы алқасы.

Сіздерден әділ шешімді,

Күтеді бүгін баршасы.

 

Жүргізушілер әділқазы алқасымен таныстырып өтеді.

 

1-жүргізуші:  — Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық,

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын, ей достар,

Осылайша шабытпен

Қане енді бастайық.

 

2-жүргізуші: Шақырымыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Қанеки, кім шығады сайысуға.

 

Ортаға жарысқа қатысушы топтар шығып, өздерін таныстырады.

 

1-топ  “Алғырлар”

Өнер қуған математик жастармыз,

Есебіңді шапшаң шешіп тастармыз.

Тобымыз өңшең алғыр, қырандар,

Ерен қуған вундеркинд бастармыз.

 

2-топ  “Тапқырлар”

Келешекте өміріміз талапты

Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр

Сегіз қырлы өнер асып туғандар

Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.

 

1-жүргізуші: Қарап тұрмай есеп шешіп еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бірінші тур “Сен білесің бе?” көріңіз.

                   

 І – тур.

 

Ережесі: Ойынға екі топ білімгерлері қатысады. Сұрақтар білімгерлерге математика тарихы бойынша дайындалады. Сұрақ топ басшыларына жеребе тастау арқылы басталады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында жазылады. Берілген әрбір дұрыс жауап үшін сәйкесінше ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді.

«Сен білесің бе?» турының сұрақтар:

 

10 ұпайлық сұрақтар:

1) Процент дегеніміз не?  (100-дің бір үлесі)

2) Бұрышты өлшеуге арналған құрал?  (транспортир)

3) Шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу?  (диаметр)

 

20 ұпайлық сұрақтар:

1) Архимедтің «Еврика» сөзінің мағынасы қазақша қалай?  (таптым)

2) Аты координаталық жүйемен байланысты француз математигі кім?  (Р. Декарт)

3) Тік бұрышты үшбұрыштарға қатысты теореманың авторы кім?  (Пифагор)

 

30 ұпайлық сұрақтар:

1) «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім?  (М.В. Ломоносов)

2) «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім?  (К. Гаусс)

3) Отырардан шыққан ұлы ойшыл, математик.  (әль-Фараби)

 

1-жүргізуші: Әділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?

 

2-жүргізуші: Қойылған сұрақ есепке

Ойланып жауап іздейік

Уақытты текке өткізбей

Лезде шешіп тастайық.

 

1- жүргізуші: Келесі тур – “Сандық ребустар”.

 

ІІ – тур.

 

Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де қатысады. Әрбір топқа жеке-жеке үш ребустан беріледі. Бұл ребустарда сандық есептер жасырылған. Әрбір дұрыс шешілген ребусқа 20 ұпай беріледі. Топтарға 7 минут уақыт белгіленеді.

 

«Сандық ребустар» турының сұрақтары:

 

№ 1 ребус                                                   № 2 ребус

 

 

 

№ 3 ребус                                                   № 4 ребус

 

 

 

 

 

 

 

№ 5 ребус                                                   № 6 ребус

 

 

 

2-жүргізуші:  Көрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер

О, оларсыз көңілдерде күй бітпер!

Математика жайлы сұрақтар бар аздаған

Ал, көрермен жауабын айт, билік бер!

 

Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.

 

1)  Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.  (апта күндері)

2) Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)

3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай?   (1сағ 30мин=90 мин)

4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты?  (15 км/сағ)

5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

 

2-жүргізуші: Әділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?

 

1-жүргізуші: Біздің білімгерлерімізді ойландыратын келесі тур – «Математикалық эстафета».

 

ІІІ – тур.

 

Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де бірдей уақытта қатысады. Тақтадағы плакатта екі топқа арналған әртүрлі бес-бестен он карточкалар ілінген. Әрбір карточканың артында шешімдері бір-бірімен байланысқан қарапайым теңдеулер жасырылған.  Егер топ берілген бір теңдеуді дұрыс шешсе, онда олардың қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер теңдеу дұрыс шешілмесе, онда ұпай топ қоржынына қосылмайды. Егер екі топтың да ұпай сандары бірдей болса, онда екі топта бір-бір сұраққа жауап береді. Бұл турдан кейін ұпай саны аз топ жарыстан шығарылады.

 

 

«Математикалық эстафета» турының теңдеулері:

 

І-нұсқа

 

1)    2)      3)     4)     5)

 

                                                   

                                                   Жауаптары:  ;     ;    ;     ;

 

ІІ-нұсқа

 

1)    2)     3)     4)      5)

 

 

                                                Жауаптары:  ;     ;    ;     ;

 

«Математикалық эстафета» турының сұрақтары:

 

1) Бес тоғыздың көмегімен 1000 санын қалай шығарып алуға болады? ()

2) 1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз?  (5050)

3) Шахмат турниріне 10 адам қатысқан. Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан. Барлығы неше партия болған?  (9*10=90)

4) Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса бір бұтақ артық қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша?  (4 торғай, 3 бұтақ)

5) Бір жанұяның бес ер баласы бар, және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

2-жүргізуші: Әділқазы алқасы топ ұпайларымен таныстырса.

— Ал енді ұпай саны аз топты қошеметпен шығарып салайық, олармен біз қоштаспаймыз, біз оларға келесі кездескенше дейміз.

 

1-жүргізуші: Біздің келесі турымыз – «Әдемі графиктер».

 

ІV – тур.

 

Ережесі: Бұл турда ойында қалған топтың білімгерлері бір-бірімен сайысқа түседі. Қалған бес білімгерлерге әртүрлі сандық функциялар беріледі. Олар өздеріне берілген функциялардың графиктерін екі өлшемді координаталар жазықтығына салады. Жауабы дұрыс екі білімгер ойында қалады, ал қалған білімгерлер ойыннан шығарылады. Білімгерлерге 5 минут уақыт беріледі.

 

«Әдемі графиктер» турының сұрақтары:

 

1)  функциясының графигін салыңыз.

2)  функциясының графигін салыңыз.

3)  функциясының графигін салыңыз.

4)  функциясының графигін салыңыз.

5)  функциясының графигін салыңыз.

 

2-жүргізуші: Әділқазы алқасы білімгерлердің  жұмыстарын бағаласа.

— Ал енді ұпай саны аз білімгерлерді қошеметпен шығарып салайық.

 

1-жүргізуші: Біздің келесі асыға күткен турымыз – «Кім жылдам».

 

V – тур.

 

Ережесі: Бұл турда қалған екі білімгерге әріптері адасқан жеті математикалық ұғымдар жазылған екі плакат қойылады. Осы плакаттағы математикалық ұғымдарды білімгерлердің қайсысы бірінші болып дұрыс ретімен жазып шықса, онда сол білімгер осы турдың жеңімпазы болады және осы ұйымдастырылған шараның «Жарық жұлдызы» деген атаққа ие болады.

 

 

І-нұсқа                                                       ІІ-нұсқа

       
       

 

 

АНС                   САН                                  УБК                   КУБ

БРОМ                РОМБ                               ЗҮУТ                 ТҮЗУ

ЛЕСУӘ              СӘУЛЕ                              ҰРШЫБ            БҰРЫШ

РОТКЕВ            ВЕКТОР                            ӨЛКЕШБ          БӨЛШЕК

КИРЬЛУЦ          ЦИРКУЛЬ                         НУКЯИФЦ        ФУНКЦИЯ

АДАПИРИМ      ПИРАМИДА                     ТЕРАЛГИН       ИНТЕГРАЛ

ЦИПОРЯРОП   ПРОПОРЦИЯ                  АПРЕЛЬЛЛА    ПАРАЛЛЕЛЬ

 

 

 

1-жүргізуші: Сонымен көптен күткен “Жарық жұлдыздай” жарқыраған білімгерді анықтадық. Ең ақылды білімгерді марапаттау мәртебесі әділқазы алқасына беріледі.