Ұстаз – ұлы тұлға

303

Ұстаз – ұлы  тұлға

Сабақтың   мақсаты:
а)Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру.Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.
б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары, шарлар.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.ҚР мемлекеттік Әнұраны.
Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар
тілейміз.
Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»— деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз—ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.
Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы  ұстаздардың  бұл  мерекесін
Барлығымыз  қуанып  қарсы  алайық!
-Қанекей оқушылар ұстаздарға арналған тақпақтарды кім айтады?
Амангелді:
Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.
Айғаным:
Ізгілікті өн бойына жинаған ,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Қалап берген ірге тасын білімнің,
Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
Нұрия:
Әр жүйенің еңбекте   тірегісің,
Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Хор: «Ұстазым»
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
Суарып білім шәрбетпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Мұғалім:
Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!—
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдіре келе бүгінгі сынып сағатымыз аяқталды.