Туындыны табу ережелері

125

 

Сабақ атауы: Туындыны табу ережелері.
Сілтеме: Блум таксономиясы, оқулық
Жалпы мақсаттар: а) оқулық: оқушыларға туынды табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, функциялардың туындыларын табу есептерін шешуді үйрету.

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;

б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: — Туындыны табу ережелерін жазып бере алады;

— Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі;

— функциялардың туындыларын таба алады;

— есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады;

Негізгі идеялар: -туынды табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау;

-уәжді ынталандыру,  бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;

— өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың кезеңдері:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;   ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;

Оқушыларды  5 топқа бөлу және топ көшбасшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау.

 

ІІ.1.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өту.

 

ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:

1)      Аргументтің өсімшесі деп нені айтамыз?

2)      Функцияның өсімшесін өрнектеп жазып беріңдер?

3)      Функцияның х нүктесіндегі туындысының анықтамасын айтыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.

 Білу.  Функцияны табу ережелерімен таныстыру.

1-ереже: (u+v)’=u’+v’

2-ереже: (uv)’=u’v+uv’

(Cf(x))’=C f’(x)

3-ереже: ( )’=

4-ереже: (u+v)’=u’+v’

Дәрежелік функцияның туындсының формуласы:

y=xn  функциясы берілсе, мұндағы nÎN, онда бұл дәрежелік функцияның туындысы мына формуламен есептелінеді:

(xn)’=nxn-1

Функциялардың туындыларын табуға мысал есептерді  шығарып түсіндіру.

1-мысал:  g(x)=5x2+9x-4

g ’(x)=(5x2+9x-4)’= (5x2)’+ (9x)’-(4)’=5 (x2)’+ 9(x)’-0=5 2x2-1 +9·1=10x+9 ;

 

Жалпы топтарға ортақ тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну.  Қарапайым функциялардың туындысын табуға тапсырма орындау.

 

Жалпы сыныпппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы  келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату.

 

№175. Функцияның туындысын табыңдар:

а) f(x)=x2-3x+1

f ’(x)=(x2-3x+1)’= (x2)’- (3x)’+(1)’=2x2-1-3·1+0=2x-3 ;

 

ә) f(x)=2x7+ 5

f’(x)=(2x7+ 5 )’= (2x7)’+ (5 )’=(2x7)’+ (5 )’=2·7x7-1 +5 =

=14x6 +  =14x6 +  =14x6 +  ;

 

Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу.

 

№176. y=f(x) функциясының туындысын табыңдар.

 

а) f(x)=2x2+3x

f ’(x)=(2x2+3x)’= (2x2)’+ (3x)’=2(x2)’+3 (x)’=2·2x2-1+3·1=4x+3 ;

 

ә) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді.

Басқа топтар өз ойларын айтады.

1-тапсырма Синтездеу

Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер:

№177  есептің a) нұсқаcын топтаса отырып орындату.

Қиындықтар кездескен  жағдайда  бағыт бағдар беру.
2-тапсырма Қолдану:

Төрт топқа есептер:  №178   а) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу.

№178  в) нұсқасын жалпы сынып болып орындау.

—                 жаттығуларды топ болып  жұмыс дәптерлеріне орындау;

—  бір-біріне сұрақ қою.

Қорыту: IV. Сабақты қорытындылау.

V. Бағалау.

·         Топ көшбасшысының бағалауы;

·         Оқушылардың оқытуды бағалауы;

·        Оқушыларға бағалар қою

  Үйге тапсырма беру: ІІ тарау, §14,  №175 (б,в), №176  (б,в), №177 (б)

 

 

 

Мұғалім:                     Сапарғалиев М.Т.