ХХI ғасырдың жас математигі

Тақырыбы: ХХI  ғасырдың  жас  математигі

Мақсаты: 1. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын  ояту. Есептерді оңай тәсілдермен , логикалық ойынды есептерді шешу жолдарын үйрету;

  1. Оқушылардың сана-сезімін жан-жақты ояту;
  2. Оқушыларды шынайы қасиеттер мен адамгершілікке, құнттылық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын-жарыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жазылған ұлағатты сөздер, ойын шарттары, портреттер және шырпылар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

   -Ғылымдар патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,

Жасықтан емессің сен  қаталдансың.

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән – математика атанғансың! –деп , бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Енді бәріміз бір адамдай өнімді жұмыс жасайық. Осы сабақта оқушыларды  екі топқа бөлеміз. Ал сабағымызды бес топқа бөлеміз, әр топқа топ басшысын сайлаймыз. Топ басшыларын ортаға шақыра отырып, олармен танысайық.

  • топ: Дәреже
  • топ: Функция
  • топтың топ басшысы:

шақырамыз, келіңдер жарысуға

Күш, өнер, білімменен алысуға,

Бар өнерді салайық арамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға.

  • Топтың топ басшысы:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

  1. Негізгі бөлім

1-бөлім. Арқан тарту

Ойынның шарты: тақтаға арқан бекітіледі. Екі жағына екі оқушы тұрады  да, әрқайсысына жеке-жеке үлестірмелер беріледі. Үлестірмедегі есептерді шығарады. Қайсы ойыншы есепті тез шығарған  сайын арқан сол оқушыға қарай жылжытыла береді. Ойынның соңында арқан кімнің жағында көп болса, сол ойыншы жеңеді.

Есептер:

1-топ                                                                        2-топ

  1. «Дәреже» дегеніміз не? «Функция» дегеніміз не?
  2. 3/3; а=2 болғандағы мәнін тап.           у=х2 функциясының графигін сал.
  3. Есепте: (-2×1/4)3 (3/5)2=9/25

2-бөлім. Математикалық көкпар

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Көкпар» .Бұл ойынды жүргізудегі мақсат- ұлттық ойынмен таныса отырып, сол ойынды математикалық тұрғыда ойнап көру.

Ойынның шарты: екі топтың басшылары келіп қоржынынан асықтар алады. Сол асықтағы нөмірге байланысты сұрақтарға топтың шабандоздарымен ақылдасып жауап береді.

1-асық. Ұзындықтары бірдей бес таяқшадан 2 тең қабырғалы үшбұрыш құрастыр.

2-асық.10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал 13,5 таяқшаның неше ұшы бар?

3-асық.Қатар тұрған үш санның қосындысының мәні олардың көбейтіндісіне тең. Ол қандай сандар?

4-асық.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, ал 1,5 кірпіштің салмағын тап.

 

Енді ойыншыларымыз аз уақыт ойланып есеп шығарғанша жанкүйерлерменсайыс өткізелік.

 Жанкүйерлер сайысы: Сұрақтар:

  1. Қазақтың өлшемдерінің мағынасын түсіндір: бір елі, бір сүйем, бір қарыс, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
  2. Бір күні автобуста 17 адам болды. Автобус қозғалды,одан ол тоқтады. Бірінші аялдамада 6 кісі кірді, 8 адам шықты. Келесі аялдамада 10 адам кірді, ешкім шықпады, кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Соңғы аялдамада1 кісі кірді. Автобуста барлығы неше адам бар? Неше аялдама бар?

3-бөлім. Жорға  

  Жорғада жорға бар

  Жүйрік аттай жорғалар.

  Жарыстарда жүлдені,

  Желдей жүйрік жорғалар.

Сұрақтар: 

  1. Қазақтың үш биін ата?
  2. Ең үлкен 3 таңбалы сан?
  3. 390 минут неше сағат?
  4. Ең тұзды мұхит?
  5. Мұсылмандардың қасиетті айы?
  6. Кесіндіні өлшейтін құрал?
  7. 19 құрама санба?
  8. Ең кіші 3 таңбалы сан?
  9. Екі теріс санның қосындысы неге тең?
  10. 50 саусақ көрсету үшін неше баланың қолы керек?

4-бөлім. Математикалық мақал-мәтелдер

Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа жан салмайсың.

Бөлшекке келсең бұғынып,

Жауабын таба алмайсың.

Сайысты да білімді меңгереді

Есепті білгендер тез шешеді.

Тез ойлауда тамаша қасиет қой,

Ұшқыр ойың осыдан білінеді.

Сұрақтар:

  1. Қанша саусақ жиналса жұдырық болады?
  2. Білекті… жығады, білімді … жығады
  3. … елі ауызға, … елі қақпақ керек
  4. … ала болса ауыздағы кетеді, … түгел болса төбедегі келеді
  5. … теңгең болғанша, … досың болсын
  6. Қызға … үйден тыю
  7. … рет өлшеп, … рет кес
  8. Қыздың қырсығы … есекке жүк
  9. … жүзді пышақтан сақтанба, … жүзді адамнан сақтан
  • . … жаудан, … жансыз жаман.

 

5-бөлім.  Сиқырлы шырпылар

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді.

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бабыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолыңда.

 

  1. Шырпыдан құралған 5 шаршыдан 3 шырпыны алып тастап, дәл осындай өлшемдегі 3 шаршыны қалдыру керек.
  2. 17 шырпы 6 шаршы құрайды. 5 шырпыны алып тастап, 3 шаршы қалдыр
  3. 6 шаршы құрап тұрған 18 шырпының 2-ін алып тастап, 4 шаршы шығуы тиіс
  4. 24 шырпы 9 шаршы құрап тұр. 8 шырпыны алғанда, 2 шаршы шығуы тиіс.

 

 

3.Сабақты қорытындылау.