«Білімді жас ғалым» зияткерлік сайыс

100

Тақырыбы: «Білімді жас ғалым»  зияткерлік сайыс

Мақсаты: Оқушылардың ауызша  есептеу қабілетін ойын арқылы   жетілдіре отырып  пәнге деген қызығушылығын арттыру.  Оқушылардың  қисын ,есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін   дамыту.Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке байқампаздыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық  сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Қатысушылармен оқушылармен амандасып сайыстың шарттарымен таныстыру.Әділқазыларды тағайындау.
  2. Таныстыру.

          2.Бәйге./Мақалды толықтыру/

  1. Тіл- өнер \жасырылған сөз үш тілге аудару\
  2. Дода \ұяшықтар таңдау\

         6.Кім нағыз лидер? \есеп кім тез әрі жылдам табады\

  1. 3. Бәйге бөлімі мақал-мәтелді толықтыру. Кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауап бес ұпай.
  2. Ер 1    рет өледі,  Қорқақ   1000    рет өледі
  3. 7    рет өлшеп,1 рет кес.
  4. 2     құзғын таласса,  1     қарғаға жем болар.
  5. . 1   кісі    қазған құдықтан,1000    кісі су ішеді.
  6. Жақсыны 7    жыл  жетелесең адам болар, Жаманды     7     жыл жетелесең надан болар.
  7. Тіл өнер

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка,  a ruler )

 

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, tweive )
  2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.( қалам, ручка, pen)
  3. Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fivty)
  4. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды?( отыз, тридцать, soty )
  5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book )
  6. Дода
  7. Аспанда үш түйеқұс ұшып бара жатыр еді аңшы екеуін атып түсірді неше түйеқұс қалды? Түйеқұс ұшпайды 20
  8. 12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? барлык
  9. Геометрияның негізін салушы “Негіздер” кітабының авторы кім? Евклид
  10. Қандай санда жазылуында қанша әріп болса сонша цифр бар? 10   100
  11. «Арифметика математиканың ал математика ғылымдардың патшасы”— деген кім? Гаусс
  12. Қосарланып шегілген екі ат бір сағатта
  13. 14 км жол жүреді. Осы уақыттың бір ат қанша км жол жүреді? 14
  14. Немересі атасынан: «Жасың нешеде?» деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді депті. Атасының жасы нешеде? 66
  15. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? 10 коян 5 тауык
  16. Айдар қағаз парағын 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? 32
  17. Кім нағыз лидер

 Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)

  1. Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топ марапатталады. Назарларыңызға көп рахмет амандықпен жүздесейік.