Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек

46

Тақырыбы : Өткенімізге  үңілсек, сыр  тартар бізге  келешек

Мақсаты: оқушылардың қабілетін дамытып, өй – өрісін кеңейту,

математика  пәніне қызығушылығын  арттыру.

Көрнекілігі : интерактивті  тақта, электронды оқулық, тестілеу пульті,

сымсыз планшент, үлестірме  қағаздар.

Барысы: Ұйымдастыру.

Қош  келдіңдер құрметті  ұстаздар. Оқушылардың  қабілетін дамытып пәнге  деген қызығушылығын   арттыруға сабақтан тыс  уақытта өткен әр түрлі  математикалық сайыстар оқушылардың естерінде  ұзақ  сақталады.

Сондай  сайыстың  бірі  бүгінгі «Өткенімізге  үңілсек,  сыр тартар бізге  келешек» атты  сайысымыз. Ендеше сайысымызды  бастайық.

1 кезең. « Өз  белгіңді  тап».

Сайысқа  екі  топ  қатысып отыр. Олардың  аттарын  анықтау  үшін  бірінші  кезеңіміздің  шартымен таныстырайын: әр топқа алты  сұрақ беріледі, сол  сұрақтардың  жауаптарынан  топтың  атын  құрастыру керек,  сәйкес  әріптерін  алып. Егер шарт түсінікті болса, тақтадағы  сұрақтарға назар аударамыз.

Бірінші  топтың сұрақтары:

  1. Дәлелдеуді қажет ететін  ұғым (екінші  әріпті ал)  теорема
  2. Бағытталған кесінді (бірінші әріпті  ал)  вектор
  3. Тригонометриялық фунциялардың  қайсысы жұп (бірінші әріпті  ал) косинус
  4. Төртбұрыштың қайсысы  түріне  сырттай да , іштей  де  шеңбер  салуға  болмайды (бесінші әрібін ал) параллелограмм
  5. у функциясының  графигі (екінші  әрібін  ал) гипербола
  6. Ең үлкен  хорда ( бірінші әрібін  ал) диаметр

Сонымен  бірінші  топтың  аты  Евклид, топқа  тапсырма  Евклид  туралы  қысқаша  мағлұмат  беруіңіз  керек.

Екінші  топтың  сұрақтарына  назар  аударайық:

  1. Шеңбердің екі  нүктесін қосатын  кесінді (төртінші  әріпті ал) хорда
  2. Синустың косинусқа  қатынасы(бесінші  әріпті ал) тангенс
  3. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым (екінші әріпті  ал) аксиоама
  4. Егер үшбұрыштың  бұрыштары  тең, ал қабырғалары  өзара  пропорционал  болса, онда ол үшбұрыштар  өзара…(төртінші әріпті ал) ұқсас
  5. у= х² функциясының  графигі (үшінші әріпті ал) парабола
  6. Прогрессияның қайсы  түрінде  кез келген  мүшесі  өзінің алдындағы  мүшені   нөлден  өзгеше  тұрақты санға  көбейткеннен шығады.(алтыншы әріпті ал) геометриялық

Екінші  топтың  аты  «Декарт»,бұл  топқада  сондай  тапсырма.

Ал біздер  «Евклид»  тобының  беретін   тарихи  мағлуматын  тыңдайық.(Бір оқушы шығып қысқаша мағлумат  береді)

Жақсы ,енді екінші  топ  өздерінің  аттары  туралы қандай  құнды  мағлуматтар береді  екен.

Сонымен  бірінші  кезеңіміз  аяқталды, сіздердің жиған  ұпайларыңызға  есеп  жүргізіп  отырған  болашақ  математика  пәні оқытушысы  Айгерім. Әр  дұрыс  жауапқа бір ұпай  беріледі  және  мағлүматтың  құндылығына қарай үш  ұпай  беріледі.

Екінші  кезеңіміздің  аты «Жүйрік  екеніңді көрсете біл!»

Бұл  кезеңнің  шарты: әр топтан төрт оқушы  шығады, қолдарына  тестілік пультті  алып  берілген  тестің  жаубын береді. Әр дұрыс жауапқа  бір ұпай және  кім сұраққа  аз  уақыт  жұмсаған болса, оғанда бір  ұпай  қосылады.

Сұрақтары :

  1. Косинус 90 неге тең: А)  -1                 В) 0                  С) 1/2                D) 1

2.неше  градустық  бұрыштың  синусы  мен  косинусы  тең

А)  30                В) 45                  С) 60               D) 90

  1. Бесбұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының  қөсындысы

А)  900                 В)  720                С)  540              D)  450

  1. Үшбұрыштың қабырғалары 3,4,5. Іштей  сызылған  шеңбердің  радиусын  табыңдар.    А) 1                 В) 2                  С) 3                D) 4

5.Геометрияда  қозғалыс деп  аталады

А) Фигураны  түрлендіруде  ара  қашықтық  сақталса

В) Фигураны  түрлендіруде  ара  қашықтық  өзгерсе

С)  Фигураны  түрлендіруде  пішіні өзгерсе

  1. D) Фигураны түрлендіруде өзара  орналасуы  өзгерсе

6.19,15…  арифметикалық  прогрессияда  бесінші  мүшесін  табыңдар

А) 11                 В) 9                 С) 6               D) 3

  1. Фигураның симметрия центрі  болады

А) сызық                 В) жазықтық               С) радиус               D) нүкте

8.cos 300 неге  тең?

А)  -1/2                 В)  1/2                С)  √3/2              D) -√3/2

9.Алтыбұрышты дұрыс  көпбұрыштың  бір  ішкі бұрышы  неше  градус  болады. А) 140                 В) 135                 С)  120              D) 90

10.Қайсы  ширекте  синус пен тангенстің  таңбалары  бірдей  болады.

А) бірінші және  екінші  ширекте

В) бірінші  және  үшінші  ширекте

С) бірінші  және  төртінші  ширекте

  1. D) екінші және  төртінші ширекте

 

 

 

 

    3 кезең . « Дәл жауапты  бергейсің» 

Сайыс   топтық  болғасын  әр топтың басшысы  болады, ендеше  келесі  кезеңде  топ басшылары  өз  білімдерімен  күш  сынасыды. Тақтада  геометрия пәнінің  үш  түрлі  тақырыбы  берілген:

  1. Жазықтығы векторлар
  2. Жазықтағы фигуралардың түрлендіруі
  3. Көпбұрыштар

Сол  тарырыптың  біреуін    таңдайсыңыз,  сол  бойынша электронды   оқулыктағы    тест  тапсырмаларына   жауап   беру  керек . Тестен жинаған    ұпайларыңыз   тобыңыздың    қорына   құйылады . Ал сәттілік тілей  отырып   бастаймыз, сайысты  ұпай  саны  аз топ бастайды.

  1. кезең «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»

«Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал білгенімен ұтады» — деп Белинский

айтпақшы, бүл кезеңде екі топқа  үш есеп беріледі.

1-қызықты есеп. (2 минут)

2-алгебра пәнінен  есеп. (10 минут)

3-геометрия пәні есептері (10  минут)

Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, тапсырмаларын алыңдар.

1-қызықты есеп:

  1. Бір теңгеге не алуға болады? Сіріңкенің тоғыз қорабы тиындарымен 9 теңге тұрады, ал сондай он қорап – тиындарымен 11 теңге. Бір қорап неше теңге тұрады? (Сіріңкенің  бағасы 1 теңге 11 тиын)
  2. Дүкендегі сауда. Егер бірінші сорт кәмпиттің бағасы килограмы үшін 10 теңге, екіншісінікі килограмы үшін 15 теңге тұрса, ал бірінші сорт кәмпиттің салмағы екіншісінен үш есе көп болса, осы кәмпиттің екі сортының қоспасын қандай бағамен сату керек? (Кәмпиттің бағасы 11 теңге 25 тиын болуы керек)

2-алгебра пәні есептері

Тепе  теңдікті  ділелде

Тепе  теңдікті  ділелде:

3-геометрия пәні есептері

 векторларының  арасындағы  бұрыштың  косинусын  тап.

Ж:

 векторларының  арасындағы  бұрыштың  косинусын  тап.

Ж:

5.кезең  «Ойымды  жалғастыр»

Ендігі   кезеңіміз «Ойымды  жалғастыр»  ,кезеңнің  шартын  түсіндірейін, тақтада   үш  тапсырманың  төрт  түрлі  жауабы   берілген . Сендердің  мақсатыңыз     сол  тапсырмаларды   құрастыру   және  дұрыс  жауап беру.

Жауаптар :

  1. А. ромб     В. шаршы          С.трапеция                Д.параллелограмм
  2. А.36см В. 6см               С. 12см                      Д. 48см
  3. А .косинус В.синус             С.тангенс                  Д. котангенс

 

Осымен  бізің  бүгінгі  сайысымыз  өз мәресіне  жетті, ендігі  сөзді  есепшіміз  Айгерімге  береміз.

Сайыс   болғандықтан  бірі  ұтылады ,бірі  жеңеді . Жеңген  топқа жеңісін  құтты болсын деп, ал жеңілген  топқа  келесі  сайстарда  жеңіс тілеймін.