Үшбұрыштар тақырыбын пысықтау

105

Тақырыбы: «Үшбұрыштар тақырыбын пысықтау»                                                  Мақсаты:                                                                                                                   

Білімділік: Оқушылардың үшбұрыштар тақырыбы бойынша алған білімдерін    пысықтап, есеп шығаруды меңгерту;

Дамытушылық: есеп шығару дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, пәнге қызығушылықтарын  арттыру;

Тәрбиелік: шапшаң есептеуге, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ                                                                           Көрнекіліктері:  презентация, плакаттар, кеспе қағаздар                                                                                                       Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру
  2. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
  2. Үшбұрыштың негізгі элементтеріне нелер жатады?
  3. Үшбұрыштың қосалқы элементтеріне нелер жатады?
  4. Биссектриса дегеніміз не?
  5. Медиана дегеніміз не?
  6. Биіктік дегеніміз не?
  7. Үшбұрыштың қандай түрлері бар?
  8. Теңбүйірлі үшбұрыш деп қандай үшбұрышты айтамыз?
  9. Тең қабырғалы үшбұрыш деп қандай үшбұрышты айтамыз?
  10. Тікбұрышты үшбұрыш деп қандай үшбұрышты айтамыз?
  11. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?
  12. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар?

ІІІ. Негізгі кезең.

Оқушыларды топқа бөлу. Бүгінгі сабағымызда біздер алған білімдерімізді пайдаланып, «білім қаласына» баруымыз керек. Ол үшін ең алдымен пойызға билет алайық. Билетті қандай вагонға алатынымызды білу үшін мен сендерге тест тапсырмаларын беремін. Сол тапсырмаларды кім «5»-ке орындаса, сол оқушы пойыздың купесінен орын алады, ал кім «4»-ке орындаса, плацкарттан орын алады, ал кім «3»-ке орындаса, онда ол оқушы жалпы вагоннан орын алады.

Тест тапсырмалары

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

А) 90º  В)180º  С)360º  Д) 150º

  1. Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлері:

А) Теңқабырғалы, тікбұрышты, теңбүйірлі

В) Тікбұрышты, сүйірбұрышты, әр қабырғалы

С) доғал бұрышты, тікбұрышты, сүйірбұрышты.

Д)Сүйірбұрышты, теңбүйірлі, доғалбұрышты.

  1. Берілген шамалардың қай нұсқасы үшбұрыштың қабырғалары бола алмайды?

А) 5см, 8см, 6см;  В) 10см, 9см, 8см; С) 30см, 2дм, 15см; Д) 4см, 8см, 13см.

  1. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндіні қалай атаймыз?

А) биіктік В) медиана С) биссектриса Д) дұрыс жауап жоқ

  1. Қандай үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектриса оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады?

А) тікбұрышты үшбұрыш В)Теңбүйірлі үшбұрыш С)доғал бұрышты үшбұрыш Д) Сүйір бұрышты үшбұрыш

Тест тапсырмаларындағы жауаптары бойынша оқушылар, 3 топқа бөлінеді.

Билетімізді алып, орындарымызға жайғасып болсақ, пойызымыз орынынан қозғалады. «Білім қаласына» жеткенше жолда бірнеше бекеттер кездеседі. Солардың ең алғашқысы, яғни бірінші бекет «Топтастыру» бекеті.

Жалпы вагоннан орын алған оқушыларға үшбұрыштың негізгі және қосалқы элементтерін жазу.

Плацкарттан орын алған оқушылар үшбұрыштың үшбұрыштың түрлерін, және анықтамаларын жазады.

Купеден орын алған оқушылар үшбұрыштың барлық қасиеттерін толық жазады. (анықтамалары мен теоремаларын қоса)

«Топтастыру бекетінде» үшбұрыштар туралы білімімізді еске түсірсек, енді соларды пайдаланып келесі тапсырмаларды орындаймыз. Келесі бекетіміз «Деңгейлік тапсырмалар» деп аталады.

Жалпы вагоннан орын алғандарға ІІІ деңгейдің тапсырмалары, плацкарттан орын алғандарға ІІ деңгейдің тапсырмалары, купеден орын алғандарға І деңгейдің тапсырмалары беріледі.

І деңгейдің тапсырмалары:

№1 есеп

АВС тікбұрышты  үшбұрышының ішкі бұрыштарының бірі 40º. Қалған бұрыштарын тап.

ІІ деңгейдің тапсырмалары:

№2 есеп

Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 1:2:3 қатынасындай. Осы үшбұрыштың барлық бұрышын тауып, қандай үшбұрыш екенін анықтаңдар.

ІІІ деңгейдің тапсырмалары:

№3 есеп

АВС үшбұрышының В және С төбелеріндегі сыртқы бұрыштарының қосындысы 250º-қа тең. Үшбұрыштың А төбесіндегі ішкі бұрышын табыңдар.

3 бекет «Сергіту»

Тренинг «Адам есімінің түстері»

Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез — келген үшбұрыштың түрін салады.

Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.

Қызыл — өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар

Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар

Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар

Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар

Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар

Тең бүйірлі үшбұрыш — әрқашан әділдікті қолдайтын жандар

Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар

4 бекет «Ой толғаныс»

 

  • Кубизм әдісі

Салыстырыңыз: Берілген үшбұрыштарды

Зерттеңіз: Мына суретті бүктеу  арқылы қандай фигураны алуға болады?

Суреттеңіз: Үшбұрыштың катеттерін, гипотенузасын көрсет

 

 «Семантикалық карта»

 

а в с р Үшбұрыштың түрлері
1 2см 3 см 7 см ? ?
2 3 см 3 см 3 см ? ?
3 6 см 6 см 2 см ? ?
4 ? ? ? 9 см Тең қабырғалы
5 3 см ? ? 11 см Тең бүйірлі
6 3 см 4 см ? 10 см ?
7 4 см ? 2 см 10 см ?

 

ІV. Сабақты бекіту

  • Венн диаграмммасы

 

Тең бүйірлі үшбұрыш                                       ұқсастықтары

Тік бұрышты үшбұрыш

Әр қабырғалы үшбұрыш                                  айырмашылықтары

 

! – сабақ ұнады, бар мүмкіндігімді пайдаландым.

!? – сабақ ұнады, бар мүмкіндігімше қатыстым.

? – тарау бойынша әлі де жұмыс жасауым керек.

  1. Үйге тапсырма

Оқулықтағы «Өзіңді тексер!» тест тапсырмалары 68-бет

VІ. Бағалау