Сан аралықтары

55

Сабақтың тақырыбы:  Сан аралықтары

       Сабақтың мақсаты:

  1. Сан аралықтарын түсіне  отырып есептер шығару,

тақырыптың маңыздылығын анықтау.

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта

отырып,тақырыпты толық меңгерту..

Ұжымдық, топтық, жұптық, жекелеген жұмыстар

жүргізу.

  1. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

       Сабақтың типі: Жаңа  сабақ

       Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.

       Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа кешені, кесте, үлестірмелі қағаздар.

Сабағымыз мақсатына жетсін, жақсы өтсін деп , өзімізді  жақсы көңіл күйге келтіріп алайық.

«Сабағымыз жақсы өтсін, бірімізге-біріміз сәттілік тілейміз »

         Үй жұмысы:     № 980 Қос теңсіздікті мүшелеп бөліп,бөліндісін бағалап, кестені толтырыңдар. 2 мин

                            Жауаптары :  1. 2<XY<5

  1. 2<XY<6
  2. 2<XY<7
  3. 0,4<XY<0,9

       Блум таксономиясын қолдану.

 

       1 Білу. / бүгінгі тақырыпқа байланысты ережелерді еске түсіру./       5-мин

1.Өтілген материалдар бойынша сұрақ –жауап

а) Санды теңсіздіктердің қасиеттері (5 қасиет)

б) Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.

в) Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

                

     2 Түсіну. СТО технологиясының элементтерін қолдану .Жаңа тақырып « Сан аралықтары»    Жаңа тақырыпты оқушыларға бөлініп беріледі, өздері 3 топпен  жұмыс  жасайды. Басқа топқа түсіндіреді . 15-мин

 

       3 Қолдану. Есептер шығару  /Практикалық жұмыстар/    ұжымдық жұмыс

ауызша    №986 есеп   Берілген сан аралығын оқыңдар  2 мин

1)  (7; 15)   2) [ -5;5]     3) ( 6; +∞)    4) ( -∞ ;9)    5)  [2; +∞)     6)  [0 ; +∞)

жазбаша №987 есеп Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер

       4 Талдау . Ережелерді пайдалана отырып жұптық  жұмыс №988   7 мин

«интервал», «кесінді», «жартылай интервал», «сәуле», «ашық сәуле» карточкалардың таңдап алып, өз жұптарымен бірлесіп тапсырманы орындайды .

 

 

 

-6                                       3,7

1)

 

 

1)

 

 

 

1)

 

 

 

5 Топтау.  а) № 989есеп  1- топ X> 7,5

                                                  2-топ   Y<3

                                                 3-топ    т≥−3 теңсіздіктердің шешімдерін координаталық           

                                                түзуде  қалай сызуға  болады?

                         ә) №996есеп     1- топ −4,5≤X≤2

                                                  2-топ   −8<Y≤3

                                                 3-топ    0,4≤Y<3  Қос теңсіздіктің шешімдерінің жиынын координаталық түзуде кескіндеп,сан аралығын кескіндеп  қарастыруға болама?   /Проблемалық сұрақ- есеп/

топтық жұмыс. 5-мин

Бекіту  кезеңі   а) №997 есеп кестедегі сан аралықтарына тиісті ең үлкен бүтін санды,ең кіші бүтін санды тауып кестені толтырыңдар

Сан аралықтары [  -10; 8] ( -2; 8 )   [  -3; 3 ) ( -5; 4]
Ең үлкен бүтін сан
Ең кіші бүтін сан

 

6 Бағалау. Рефлекция

Сіздердің ойларыңызша бүгінгі тақырып қаншалықты маңызды, осы тақырып болашақта сіздердің өмірлеріңізде қажеті бар ма?

Пайымдау 5-мин