«Қыз Жібек» жыры.Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі

247
Пән: қазақ тілі,

 8 «Г» сынып

Күні:28.09.2013
Сабақтың тақырыбы «Қыз Жібек» жыры.Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі.
Мақсаты

 

«Қыз Жібек» жырының жалпы мазмұнымен танысып, жырды талдап үйрену.
Күтілетін нәтижелер

 

А)Жырдың жалпы мазмұнын түсініп,батырлар жырынан ерекшеліктерін айта алады.

В)Жырдағы кейіпкерлерге баға береді.

С)Жырды композициялық құрылысы, сюжеттік желісіне байланысты талдайды.

Керекті жабдықтар

 

Оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркерлер,АКТ
 

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

1.Амандасу, түгелдеу. Тренинг: «Шаттық шеңбері».

 

2. «Жұбыңды тап» әдісі бойынша топқа бөлу.

 

 

 

 

 

«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

1.      «Қыз Жібек» жырының 500

жылдығын тойлау жөрніндегі шешім қай жылы қабылданды?

2.Грек және қырғыз халқының қандай жырларын білесіңдер?

3.Жырдың туған жері қай жер?

4.Жыр қай қалада, қай жылы басылып шықты?

5. «Қыз Жібек» фильмінің режиссері кім?

6. . «Қыз Жібек» фильмі әлемнің неше елінде көрсетілді?

7.Базарбайдың ұлының аты кім?

8.Жырдың соңында Жібек пен Төлеген қосыла ма?

9.  «Қыз Жібек» , «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырлары 2003ж қандай топтамаға енді?

Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді.

Оқушылардың арқасына әдеби кейіпкерлердің аты жазылады, Өз жұбын сұрақтар қою арқылы табады.Менің арқамда кімнің аты жазылған деген сұрақ қоюға болмайды.Өз жұптарымен топқа барып отырады.

 

1.  1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2.  Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

Тұсаукесер

 

 

 

 

«Қыз Жібек» жыры қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?  Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Негізгі бөлім

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

БББТ кестесінің 1,2-ші бөлігін толтыру.

 

 

1.Мәтінмен жұмыс

«ЖИГСО» әдісі бойынша жырды оқыту.

 

 

Сюжет, композиция, портреттің не екенін түсіндіріп, жырды талдату.

 

2. Дәптермен жұмыс.

Венн диаграммасы арқылы . «Қыз Жібек» жыры мен «Қобыланды батыр» жырларын салыстыру.

 

Сөздікпен жұмыс

Оқушылар  «Қыз Жібек» туралы өздерінің не білетінін, не білгісі келетінін алдымен жұппен, сонан соң топпен талқылай отырып жазады.

 

Оқушылар жырды бөліктерге бөліп оқып, бір-біріне түсіндіреді.Бағдаршам арқылы бағалайды.

 

Оқушылар жырдың сюжеті мен композициясын айтып, Жібектің портретін тауып оқиды.

 

Жырлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырады.Топпен орындайды.

 

 

Қортынды

 

 

 

 

БББТ кестесінің 3,4-ші бөлігін толтыру. Білдім, тағы да білгім келеді бөліктерін алдымен жұппен, содан соң топпен орындайды.

 

Үйге тапсырма «Қыз Жібек» жырын оқып, Жібектің портретін жаттау. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау

 

Кері байланыс.Сэндвич Кері байланыс парағын толтырады.