Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

75

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы №443 қаулысымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын»  іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарының 5 тармағын орындау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Мұқағали Мақатаев шығармашылығына үздік сабақ үлгілерін тағайындау Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық конкурсында 1-орынға ие болған Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаласова Ұлнардың ашық сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.

Сабақтың мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ғасыр ақына атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға,  өленді өміріне  серік еткен ақынға  еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Зерттеу шеберханасы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген  слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Құрметті оқушылар және сабаққа қатысып отырған қонақтар ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың туған күніне орай аудан көлемінде жыл сайын өткізіліп жүрген іс – шаралар аясында бүгін сіздерге ашық сабақ өткізгелі тұрмын.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтын махаббатына бөленген М. Мақатаев 78 жасқа толып отыр.

Халықтың рухани бай әдеби мұрасына күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзисына  шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.

Слайд №1.

Сабақтың эпиграфы.

Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың.

Есіңе мені алғайсың! – міне ақын рухын еске алып ұрпақтары ақын шығармаларын жаттап өсіп келеді.

Слайд №2

Зерттеу шеберханасы.

І – топ. Зерттеу тобы «Ақынның жұмбақ әлемі»

  • Біз бұрында ақынның тұрған жерін өскен ортасын білеміз. Біз білмейтін тұстары да көп. Сондықтан біз білмейтін жұмбақ сырларына үңілесіздер.
  • Ақиық ақын жырларында біздерге қалдырған зор қазынасын зерттеуді, түсінуді аманат етеді.
  • Қысқа ғана өмірде артына ғасырдан – ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М.Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның жырларының әулиелік, көріпкелдік, данышпандық керемет бір қасиеті бар.
  • Әулие ақын өзінің қайтыс болар күнінде дәл болжап жазған екен.
  • Ауруханада жазылған «Арманым» атты өлеңін інісі Тоқтарбайға ұсынған.

ІІ – топ. Суреттеу тобы «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

  • Ақын өмірді жырлары арқылы суреттесе, сіздер ақын жырларын суретпен бейнелеп өз ойларынызды ортаға саласыздар.

ІІІ – топ. Сұхбат тобы «Сен мені білесің бе?»

  • «Сен мені білесің бе?» айдарымен жұмыс жасайсыздар. Бұдан бұрынғы сабағымызда әлеуметпен ақын өміріне қатысты сұхбат алған болатынсыздар. Сол сұхбат алған жауаптарынызды ортаға саласыздар.

Қойылған сұрақтар:

  • Сіз Мұқағалиды білесіз бе?
  • «Есіңе мені алғайсың» өлеңі сізге қалай әсер етеді?
  • Мұқағалиды тірісінде бағалай алдық па?
  • Мұқағали ақынды неліктен көріпкел ақын дейміз?
  • Ақиық ақын Мұқағалидың сары уайымға салынып, қапаланған кездері болды ма?

ІҮ топ. Қойылым тобы «Аққулар ұйықтағанда»  

  • Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді ала отырып «Көлдің сәні — аққуулар» айдарымен көрініс көрсетесіздер.
  • Сіздерге жұмыстарынызға сәттілік тілеймін.

Слайд №3. Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны.

  • Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтындаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» — деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық.                                                                                                                                                  Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің  күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ.

Слайд №4. «Есіңе мені алғайсың» әнінің бейнеклипі (караоке).

Хор: «Есіңе мені алғайсың»

Психологиялық тренинг «Аяқталмаған сөйлем».

 Қаласова Ұлнар

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі