Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»

93

Қазақ әдебиеті 6 В  5.10.13

Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»

 

Деңгей Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Топқа бөлу Қазақ халқының ертегілері  бойынша 3 топқа бөлінеді.
Білім 1. Әдеби ертегі, Ә.Тәжібаев, «Толағай» ертегісі туралы оқушы санасына жеткізу.

2. Қазақ ертегілерінің мазмұнына байланысты түрлерін естеріне түсіру.

3. Қазіргі заман жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқандығын көрсету.

Түсіну 1. Орыс әдебиетінде қандай әдеби ертегілер бар? Мысалдар келтіріңдер.

2. Ә.Тәжібаев кім? Оның қандай әдеби ертегісі бар? Ақынның шығармашылығы?

3. Толағай қандай ерлік істер жасады?

Қолдану 1. Ертегі мазмұны бойынша әрқайсыларың жеке параққ сұрақ жазып, оны өз ішеріңнен сайланған жүргізушіге беріңдер. Жүргізушінің белгісімен кез келген парақты алып, жауап беріңдер. Барлық сұрақтарға жауап алған соң, бірі-біріңмен талдасып, мәтін құрап, әңгімелеңдер. Түпнұсқамен салыстырыңдар. Ең белсеңді оқушы анықталады.
Талдау 1.Ертегі мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

2. Қазіргі заман ертегісін құрастырып көріңдер. Кімнің ертегісі қызықты шығар екен?

Жинақтау 1.Венн диаграммасын толтырыңдар:

Кәдімгі ертегі                                 Әдеби ертегі

2.Толағайға қандай хат жазар едіңдер?

Бағалау 1. Толағай ертегісін мазмұндау

2. Толағайдың істеген ерлігі туралы суретін салу.