Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесіндегі Тұрар бейнесі

80
ІІІ тоқсан

Сабақ 12- сабақ

Сабақ өтілетін уақыт: 3-сағат

Орны: 10-кабинет

Барлық оқушы саны:18

Қатысқаны: 18

Мұғалім Болаева Айнур Кантайкызы Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кенті Р.Мәрсеков ат. орта мектеп
Сабақ тақырыбы Ш.Мұртазаның  «Тұтқын бала» әңгімесіндегі Тұрар бейнесі
Жалпы мақсаттар Кейіпкер бейнесін ашу.  Оқушыларды мәнерлеп оқуға, рөлде ойнауға машықтандыру.
Оқыту нәтижелері Тұрар бейнесін ашады. Т.Рысқұловтың тарихи тұлғасын біледі.
Көрнекіліктер мен дереккөздері, құралдар Т.Рысқұлов  туралы слайд,  кесте, постер, маркер, стикер
Сабақ барысы Оқу белсенділігін арттыруда қолданыла

тын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

(формативті суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

ұйымдастыру

 

— үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

— белсенді әрекетке жұмылдырылады;

— ойлау жұмысына ынталандырылады

Топқа бөлу Шығарма кейіпкерлері арқылы 3 топқа бөлемін. Кейіпкерлерді тауып топтасады.

 

Бағалау критериилерін ұсынамын.

 

Сахналау 3 топқа әңгіме мазмұны негізінде жазылған шағын сценарий ұсынылады. Берілген сценарий бойынша топ мүшелері рөлдерді бөліп алып сахналайды. Бір-бірін қолдайды.

Пікір білдіреді.

2-кезең: Мағынаны ажырату:

— оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

— жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

Сұрақ-жауап Әр топқа әңгіме мазмұны бойынша 6 сұрақ қойылады Топ мүшелері қойылған сұрақтарға кезекпен жауап береді. Фишка
Баяндау Тұрар Рысқұлов туралы деректер беремін Қажет мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.
3-кезең: Ой-толғаныс:

—        анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

—        синтез, бір-бірімен ой бөліседі

—        сабақ  қорытындысы

Кластер

 

Тұрарға мінездеме беріп дәлелдейді.

 

 

1.Тұрар – сезімтал.

2.Тұрар – еңбекқор.

3. Тұрар- ұғымтал,білімге құштар, арманшыл.

4.Тұрар – намысшыл

Тұрарды жа-жақты қырынан көрсетеді.

 Пікір білдіру.
Келесі оқуға  арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)

«Ел үшін туған ер» тақырыбына эссе жазу Күнделіктеріне жазып алады. Бағалау критерийлері бойынша жиынтық бағалау
Рефлексия

 

Өзінің сабақтан алған әсерімен бөліседі. Қолдаймын

 

 

1.« Оян,Тұрар!»-деп Тұрарды камерада оятқан кім?

  1. Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?

3 .Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?

4 .«Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды».Кімнің сөзі?

5.Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?

  1. «Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты?
  2. Приходько мырзаның ұлының аты кім?
  3. Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?
  4. Сұлу мұртты,бойы тіп-тік,әскери кісі кім?
  5. Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?
  6. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?
  7. Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады?
  8. Аркаша сабақты қалай оқыды?
  9. Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім?
  10. Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім?
  11. Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?
  12. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?
  13. Семашко мырза оқушы-шәкірттерді қалай таңдад

 

1-көрніс

Түрме. Тұтқын бөлмесі. Рысқұл ұйқыда жатқан ұлын  оятады.

Рысқұл: Оян, Тұрар! Кәне тұра ғой.

Надзиратель: (Тұрарға жекіп) Жүр!

Рысқұл: Қайда? Қайда барады?

Надзиратель: Қайда деуін қарашы! Не баранчук осында демалысқа келді деп пе едің? Приходко мырзаның бұйрығы солай. Жұмыс істейді. (Жұлқып алып шығып, қолына күрек ұстатады.)

Надзиратель: Неге тасбақаша ілбіп келесің? Әй, бандиттің баласы, осы көрген күніңді көпсініп жүрсің бе?  «Бала» деп сені  Приходко  мырза бекер есіркейді. Аяғыңа кісен салып қойса болар еді. Иттің баласы, тұмсығыңмен тазала мына жерді.

(Баланың желкесінен сығымдап, басын төмен тұқыртпақ болады)

Тұрар:  Ағатай, өзім, қазір, қазір….

Надзиратель: Жоқ, сен қолыңмен де емес, күрекпен де емес, тек тұмсығыңмен тазала, былай, былай….(Баланың басын жерге тұқыртады)

Тұрар:  Ағатай-ай, өзім  тазалаймын, қазір, қазір, өзім-ақ істеймін.

Надзиратель: Иттің баласы! (сүйреп камераға әкеп тастайды)

Рысқұл:

Балапан…(баласының басынан сипайды) Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың, сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен!

Өлмейсің! Сұп-суық  сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жаралының жан серігі- жасымау. Жасыма! Ұқтың ба, Тұрар!

Тұрар: Ұқтым, көке!  (Әкесінің мойынынан тас қып құшақтайды)

 

 

 

 

 

 

Ауладағы алаңқайда отырған  қарт адамға бір жас жігіт жақын келеді.

Жігіт: Ассалаумағалейкум, Ата!

Қырғызбай ата: Әліксалам! Қай баласың? Жол болсын!

Жігіт: Әлей болсын! Оқуға түсетін балалардың тізімін алып жүрмін. Оқу жасында балаларыңыз бар ма?

Қырғызбай ата: Қандай оқу қарағым?

Жігіт: Оу, отағасы, естімеп пе едіңіз, таяуда Әулиеата оязының өзі келіп, жеті болыс Меркеге арнап орысша-мұсылманша мектеп аштырып кетті ғой.

Қырғызбай ата: Ал ол оқуың не береді?

Жігіт: Не береді? Балаңыз сот, прокурор болады. Бар ма балаңыз?

Қырғызбай ата: Бізде бала жоқ, қарағым!

(Қасында жүн түтіп отырған кемпірібетін шымшиды)

Салиха:О не дегенің, байғұс-ау, алжиын дегенсің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?

Оқысын! Басын байлама баланың!

Қырғызбай ата: Мейлі оқыса, оқысын, бәле шақырып зарланбай шақыр баланы

Салиха: Тұрар, а, Тұрар қайдасың? Кел мұнда.

Жүгіріп келген Тұрарды көрсетіп Салиха:

  • Міне бала, оқытсаңдар. Орысша да, мұсылманша да ағып тұр. Тіл көзден аулақ болса, болайын деп- ақ тұр.

Мұғалім: -Аты кім?

Қырғызбай ата: Тұрар

Мұғалім:Әкесінің аты кім?

Қырғызбай ата: Қырғызбай деп жаз, Қырғызбай

Салиха: (бетін шымшып) Байғұс-ау, о не дегенің?

Қырғызбай: Болды, жарайды, Қырғызбай дедім бе Қырғызбай

Мұғалім: Жасың нешеде?

Тұрар: Он бірде

Мұғалім: О, сен шынында зерек шығарсың, Тұрар Қырғызбаев. Алдағы күзден бастап Меркедегі интернатта жатып оқитын боласың. Ал, көріскенше!

 

 

 

 

 

 

 

Сынып бөлмесі. Мұғалім парталарды аралап келіп Тұрардың қасына тоқтап, дәптерін алып дауыстап оқиды:

Директор: — Аспара, Қызыл Жебе, Көке. — Өзің жаздың ба?

Тұрар: — Иә

Директор:  — Мұны қалай түсінуге болады? Аспара –таудың аты. Ал Қызыл Жебе, Көке дегендерің не?

Тұрар: — «Қызыл Жебе» деген ерен жүйрік жылқы еді, Иван Владимирович. Ауылдың балаларымен жалаң аяқ жарыста мен де жүйрік болдым. Содан мені балалар Қызыл Жебе деп атап кетті. Ал «Көке» дегенім – сол қызыл Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі.

Директор: — Жарайсың, Қызыл Жебе! Жарайсың!

Тұрар: — Мақтауыңыз жетті Иван Владимирович, енді айыптайсыз, жазалайсыз  мені.

Директор: — Неге?(директор шошып кетті) Әлде бланкіні бүлдіріп алдың ба?

Тұрар: — Жоқ, Иван Владимирович, мен саналы түрде екі қылмыс жасадым. Біріншісі, сіздің құпия хатыңызды оқып қойдым. Екіншісі, Менің аты-жөнім. Каторгага кеткен әкемнің алдында қара бет болмас үшін осы әрекетке бардым. (куәлікті директорға берді) Ендігі ерік өзіңізде, Иван Владимирович, дәл қазір приставқа ұстап бересіз бе, әлде куәлік бермей қоясыз ба – бәрі өз қолыңызда.

Қасындағы орындыққа сылқ отырған директор сыбырлап:

Директор: Хатты оқығаныңнан қорықпаймын! Мені сатпайтыныңа сенемін. Ал ертең ел алдында «Қайдағы Рысқұлов?» десе не деймін? Осы қинап тұр ғой! Ох, бүлдірдің, бауырым, бүлдірдің! Тіпті осы күні бүркеншік атпен жүретіндер аз емес қой. Азар болса, солардың бірі болар едің де.

Тұрар: — Оныңыз рас, ағай, сіз де бүркеншік атпен жүр екенсіз. Бірақ менің  әкемнің аты мүлде өшіп кеткені қиянат болар еді ғой. Әкем жазықсыз жазаның небір дөкейлерін көрген. Ал мына жаза тым ауыр, тым обал болар еді… ертеңгі салтанатты жиынға мен қатыспаймын. «Қырғызбаев атасы ауырып, аулына кетті» дерсіз. Ал куәлікке қолыңызды қойып, мөріңізді басып, қолыма қазір ұстатыңыз. Қайтып мені Меркеде ешкім көрмейтін болады.Сізге титтей де зияным тимес.

Директор: -Мұның да ақыл екен. Мұның бәрін саған түрме үйреткен-ау! Бесіктен белі шықпай жатып түрмеге түскен адамнан бәрін күтуге болады.

Тұрар: -Диірменде туған тышқан баласы дүрсілден қорықпайды, Иван Владимирович.

Директор: -Жоқ, сен тышқан баласы емессің, сен жаралы арыстанның баласысың. Сен Қызыл Жебесің, бауырым! Қазақта сендей шәкірт тәрбиелегеніме қуаныштымын, Тұрар! (Тұрарды құшағына алды)

Бағалау критерийлері

 

Оқушының аты –жөні:
Рөлдік ойынға қатысты
Сұрақтарға жауап беруде жинаған фишка саны
Өз ойымен бөлісе алды
Топтық жұмыста белсенділік танытты
Жоба қорғауға шығып, ойын ортаға салды