Әбділда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі

1056

Сабақтың  тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай» әдеби  ертегісі

Сабақ  мақсаты:

1.Білімділік: Әбділда  Тәжібаев туралы қысқаша мағұлмат беру. Әдеби ертегінің халық  ертегісінен айырмашылығын ұғындыру. «Толағайдың» (ерлік туралы аңыз ) ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті.

2.Тәрбиелік: оқушыларға шығарманың мәнін, еліне деген   патриоттық  сезімдерін  ояту, сүйіспеншілігін  арттыру.

  1. Дамытушылық: Әдеби ертегіні халық  ертегісінен  ажырата  білуге  үйрету,талдай  білуге,өзіндік  ойын  дәлелдей  тұжырымдай  білуге  жетелеу,мәнерлеп  оқуға  машықтандыру.

Сабақтың  типі:Жаңа  білімді  меңгерту

Әдісі: әдеби  ертегіні  талдау;деңгейлік  тапсырмаларды  орындау,мәнерлеп  оқу;мәтінмен  жұмыс,іздену,салыстыру.

Көрнекіліктер:жазушы  портреті;аңыз  суреттері;

І.1.Ұйымдастыру                                                                                            1 мин

Оқушының  сабаққа  қатысын, даярлығын  тексеру.

2.Үй  жұмысын тексеру.                                                                              3 мин

1Шындық  оқиға  мен  қиял  ғажайып  оқиға аралас  келіп,тарихта  белгілі  болған  адам  басына  құрылатын  жанр түрі:

Аңыз  — белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.

Ертегі мен әдеби ертегінің айырмашылығы неде?

Ертегілер ауыз әдебиетінің көне жанрына жатады. Өмірде сирек немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Әдеби ертегі де жазған авторы белгілі болғандықтан әдеби ертегі деп аталады.

ІІІ Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі мақсатымыз- Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісіндегі Толағайдың ерлік істері жайлы айтамыз. Үйде оқып танысып келуге бергенмін.

Алдымен Ә.Тәжібаев туралы не білеміз?

Әдебиетіміздің ірі тұлғасы. 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қазақ әдебиетіне қосқан үлестері қандай?

Дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалар «Күй атасы», «Ақын» тақырыбында жазды.

«Толағай  туралы  ел  аузындағы  аңыздан»…

Оқушы  көркем  дауыспен  оқиды.

1Слайдтан        Ауыл  суреті

2 слайдтан        Толағайдың  өмірге  келуі

 

Толағай  мен  анасы  арасындағы  диалог

Инсценеровка  арқылы  көрсетіледі.

3 слайдтан         Тау  көтерген  Толағай

4  слайдтан        Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби  ертегісі  жайлы өлеңі.

 

-Мен  де  тудым  біреуі  боп  еркектің ,

Мені  де  әжем  әлдилеген,тербеткен.

Қорқыт  күйін,ерлік  жырын  жаттатып,

Танытқан  сол: 4-ғажайыбын  жер-көктің.

 

Таңдамадым  жыраулықтан  басқаны,

Жатқа  айтамын  Сар  даламның  дастанын.

Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,

Жыр  сүйетін  достарым  мен  жастарым.

 

Міне, аңыз   осылайша  сыр  шертеді…

 

 

Оқулықпен  жұмыс.( тапсырма  күні  бұрын  берілген)

-Оқиға  қашан,қай  жерде болған?

(500 жыл бұрын, Ертіс жағасында Саржан мерген мен жұбайы Айсұлу өмір сүреді.)

-Толағайдың  дүниеге  келуі.

Анасы Айсұлу – ақ маралдай сұлу, ақылды, көрген адамдар қылығына тамсанады, айы, күні жетіп «ұл туады». Отыз күн тойлатады.

-1-ге  толған  Толағай  сипатын  оқы.

Балғын бөбек жетті бірге,

Ілінбесін көз бен тілге.

Кереметтен туған жандай:

Кере қарыс, ақша маңдай,

Күн нұрынан жаралғандай,

Көзі түскен таңғалғандай.

-3-4  жастағы  Толағай  сипатын оқы

Үштен төртке жетті жасы,

Туған айдай екі қасы,

Ақ тістері ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

-7  жастағы Толағай

Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты,

Жай отынан кейін емес.

Темірден де өткізеді,

Түндік жерге жеткізеді.

Ел осыны етті кеңес.

 

-Толағай  мен  әкесі  қайда  барды?

 

1 оқушы:

Толағай мергендер мен әкесіне еріп аң аулауға барады. Атқан аңы құтылмайды. Қашқан құланның  өзін дәлдеп атады.

2 оқушы:

Толағай ұйықтап алайын дегенде әкесі Саржан ұйықта қозым деді. Сол уақытта әкесі үн үрей ала күңіренеді. Жем іздеп жүрген жолбарысты көреді. Жолбарыспен айқасады.

3-оқушы:

-Жолбарыспен  айқасын  тауып  оқы.

«Өлдім, балам, Толағайжан!»

Деген дауыс шықты жаман,

Атып сонда тұрды бала.

Тырнақтарын арандатқан,

Аждаһадай аузын ашқан,

Жолбарысты көрді бала.

Әкесінен  әл кетіпті,

Қояр емес, жауы мықты,

Меңдеп барад, күші басым.

Тал шыбықтай майыстырып,

Теңбіл шұбар алған мініп,

Күйрететін қабырғасын.

 

2-бөлім

-Ел  неге  күйзелді?

-Толағай  неге  сабырсызданды?

-Анасының  ақылы

-Толағай  қайда  барды?

-Ел  неге  қуанды?

-Толағай  неліктен  ел  есінде  қалды?(15мин)

Слайдтан:  Тарбағатай  өңіріндегі  тау  Толағай

«Толағай мен анасы» атты инсценировка қойылады

ТОЛАҒАЙ:

  • Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
  • Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын

Адал ақыл айтар кімдер?

АНАСЫ:

-Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?

ТОЛАҒАЙ:

-Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде. Не істесем болады?

АНАСЫ:

-Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл-алла әмірі

ТОЛАҒАЙ:

-Білсең, апа, айтшы!

Көп жауатын қайда жауын?

 

 

ТОЛАҒАЙ:

-Толағайжан, менің білуімше,

Қарлы, шыңды тау жерінде,

Тарбағатай өңірінде

Тауда тандыр

Үзілмейді жылда жаңбыр,-дейді.

ТОЛАҒАЙ:

-Иә, Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.

Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін. (Жүгіре басып кетеді) орнына отырады.

АНАСЫ:

-Толағайым, жалғызым! Көзімнің қарашығы, жұбанышым!

Қайда, қайда кеттің бізді тастап! (отырып бетін басады)

Деңгейлік  тапсырмалар

1-тапсырма

  1. Толағайға сипаттама бер.

Ақылды                             Батыр                                     Мейірімді

 

Толағай

 

Күшті                                                                               Елге қамқор                   

 

  1. Толағайды бұрынғы оқыған ертегі кейіпкерлерімен салыстырыңдар.

Салыстыру

Толағай Ұқсастығы Кендебай
Тым ерекше тұлға, күші көп. Балалардың дүниеге келуінде ұқсастық бар. Ай сайын емес, күн сайын өседі.

 

Кендебай Толағай
Кендебайдың күштілігі: шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді. Толағайдың күштілігі: Он баланы арқаласа, белі қайыспайды, жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.

 

Кендебай кмге жақсылық жасады? Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді.

Толағай кімге жақсылық жасады? Еліне жаңбыр жауғызды. Құрғақшылықтан сақтады.

3 –тапсырма

Осы  әдеби  ертегінің  тәрбиелік  түйіні  не  туралы? Мақал-мәтелмен  түйінде.

4-д(шығармашылық  саты)

«Толағайға хат» оқушылар жырдың бас кейіпкері өз тілектерін, ойларын хат арқылы жеткізеді.

Қорытындылау. Толағай ерлік туралы аңыз екенін білдік. Толағай батыр.  Ол елі үшін жанын қиды. Дәл сондай елі үшін жанын қиған өзге де ерлеріміз жетерлік.Толағай  секілді  халықтың  таудай  үмітін  арқалап,таудай  іс  атқарып  жүрген,Қазақстан   атын  әлемге  паш  еткен  азаматтардан  кімдерді  атар  едің?

Оқушылардың білімін бағалау. 

 

Үйге  тапсырма  

Шығармашылық  жұмысты  аяқтау.