Жұмыстың аталуы: «Зар заман ақындарының шығармашылығы» оқушыларға арнлған тест жинағы

291

Жұмыстың аталуы:  «Зар заман ақындарының  шығармашылығы» оқушыларға арнлған тест жинағы

Құрастырушы:  Аюпова Л.Х., қазақ тілі мен  әдебиет пәні мұғалімі, жоғары санатты

Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектептің филология  әдістемелік  бірлестігі басылымға ұсынады
Рецензенттер:

  1. Аудандық әдістемелік кабинетінің  меңгерушісі Мендығалиева З.А.
  2. АББ әдіскері: Нұрмақова М.А.
  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, жоғары

санатты Үсенова С.О.
«Зар заман ақындарының  шығармашылығы» оқушыларға арналған тест жинағы  оқу құралы/автор Аюпова Л.Х.

 

9-11 сынып оқушыларының  қазақ әдебиеті пәні бойынша  жалпы білім деңгейін анықтау және ҰБТ-ға дайындық барысына  көмекші құрал ретінде құрастырылды.

 

Аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінің шешімімен ұсынылды.

Әдістемелік кеңес №     отырысында, №     хаттама, 

 2012  жыл.

 

Түсініктеме хат

9-11 сынып оқушыларының  қазақ әдебиеті пәні бойынша  жалпы білім деңгейін анықтау және ҰБТ-ға дайындық барысына  көмекші құрал ретінде құрастырылды.

Тест жинағына зар заман ақындары : Дулат  Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы,  Асан Барманбекұлы, Нарманбет Орманбетұлы  шығармашылығы бойынша 9-11 сынып оқушыларының білімдерін тексеруге және анықтауға  арналған тест сұрақтары топтастырылған . Тест тапсырмалары 30 сұрақтан және 5  жауап нұсқасынан тұрады.  Тест тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкес және оқушылардың  жас ерекшелігіне  берілген.

Жинақтың  мақсаты:

1.Оқушылардың  шығармашылық қабілетін жетілдіру, әдеби теориялық білімдерін тереңдету;

  1. Оқушыны өз бетімен ізденуге, ғылыми еңбектермен қосымша білімін көтеруге дағдыландыру;
  2. Зар заман ақындары шығармашылығы арқылы жеке тұлға бойына   патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зар заман ақындарының шығармашылығы бойынша тест тапсырмалары

  1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуына, «Зар заман» әдебиетінің тууына әсер еткен қазақ даласының Ресейге бағынуы неше жылға созылғанын анықтаңыз.

А. 100 жыл                С. 90 жыл                    Е. 140 жыл

В. 120 жыл                 Д. 130 жыл.

 

  1. Қазақ елінде әділетсіздіктің орнауына әкеліп соққан, зар заман ақындары шығармашылығында  сыналған патшалы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі «Жаңа низам» ережесі қай жылы шыққанын белгілеңіз.

А. 1821  жыл                С. 1823  жыл                    Е. 1868  жыл

В. 1800  жыл                 Д. 1824  жыл.

 

  1. ХІХ ғасырдың басындағы әдебиетте көрініс тапқан ел ішінде қандай келеңсіз істер бел алғанын айтыңыз.

А. Жерді бөлу                С. Отырықшылдық         Е. Жала жабу, пара алу

В. Халықты әкімдікке сайлау              Д. Қоныстандыру

  1. Әдебиеттану ғылымына «зар заман ақындары» ұғымын алғаш қолданысқа енгізген ғалым кім екенін анықтаңыз.

А. М. Әуезов 1927 жыл

В. С. Сейфуллин 1923 жыл

С. А. Байтұрсынов 1920   жыл

Д. Ы. Дүйсенбаев 1970 жыл

Е. Х. Сүйіншәлиев 1991 жыл

  1. Кейіннен тұтас бір дәуірдің ағымына айналған «зар заман» деген ұғым қай ақынның өлең жолынан алынғанын белгілеңіз.

А. Шортанбай Қанайұлы

В. Мұрат Мөңкеұлы

С. Дулат Бабатайұлы

Д. Нарманбет Орманбетұлы

Е. Нұржан Наушабаев

  1. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.

.А. Асан Қайғы, Бұқар жырау

В. Сәкен, Ілияс, Мағжан

С. Махамбет, Шернияз, Алмажан

Д. Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз.

Е. Дулат, Шортанбай, Мұрат

  1. Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз.

А. 1728 жыл

В. 1810 жыл

С. 1802 жыл

Д. 1847 жыл

Е. 1683 жыл

  1. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.

А. «Ей, Абылай, Абылай»

В. «Қараторғай»

С. «Дала ақыны мен қала ақынының айтысы»

Д. «Болыс болдым мінекей»

Е. «Еспембет»

  1. Дулат Бабатайұлының туған жерін табыңыз

А. Семей облысы, Аягөз ауданы

В.  Семей облысы, Абай ауданы

С.  Атырау облысы, Махамбет ауданы

Д. Алматы облысы, Талғар ауданы

Е.  Қызылорда облысы, Арал ауданы

  1. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

А. «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес»

В. «Жетісу суреттері»

С. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Д. «Сөз жазып, өлең өлшемек»

Е. «Кәмшат қыз»

  1. Дулат ақын: Ашылған әбден араның –

Түйені жұтсаң түгімен

Биені жұтсаң бүгімен

Қақалмай – ақ толғайтын,  – деген арнау жолдарында нені сынға алғанын айтыңыз.

А.  Төренің екі жүзділігін, араны ашылған парақорлықты

В. Күлкілі де жексұрын пысық бейнесін

С. Елдің обалына қалып, елді тонаушыны

Д. Шен – шекпенге сатылған төрелерді

Е. Тоғышарлардың безбүйрек қайырсыздығын

  1. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» деп білген Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп кімді айтқанын белгілеңіз.

А. Дулат Бабатайұлы

В. Мұрат Мөңкеұлы

С. Шортанбай Қанайұлы

Д. Кемпірбай Бөгембайұлы

Е.  Шөже Қаржаубайұлы

 

  1. М. Әуезовтың «Абай жолы» романында жасөспірім Абай мен әжесі Зеренің, анасы Ұлжанның бір айдай қонағы болған зар заман ақынын белгілеңіз.

А. Мұрат Мөңкеұлы

В. Шортанбай Қанайұлы

С. Дулат Бабатайұлы

Д. Кердері Әубәкір Шоқанұлы

Е.  Орынбай Кертағыұлы

  1. Дулат туындылары тұңғыш рет қай жылы жарық көргенін айтыңыз

А. 1880 жылы, Қазан

В. 1882 жылы, Орынбор

С. 1991 жылы, Алматы

Д. 1978 жылы, Ленинград

Е. 1990  жылы, Алматы

15.Аққан бұлақ сай – салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жоның жайлау, кең алаң,

Атам қонған кең далам! – деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынған табыңыз.

А. «Еспенбет»

В. «Өсиетнама»

С. «Ақжайлау мен Сандықтас»

Д. «Арнау өлеңдері»

Е. «Аягөз»

  1. Дулат бабатайұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз

А. ХІХ ғасыр

В. XVIII ғасыр

С. XV-XVII ғасыр

Д. XVIII-XIX ғасыр

Е. ХХ ғасыр

  1. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.

А. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Қаратау – Қарнақ өңірі

В. Атырау облысы, Қызылқоға өңірі

С. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Д. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы

Е. Алматы облысы, Қарақыстақ ауылы

  1. «Зар заман », «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

А. Шортанбай Қанайұлы

В. Мұрат Мөңкеұлы

С. Әбубәкір Шоқанұлы

Д. Мағауия Абайұлы

Е. Дулат Бабатайұлы

  1. Шортанбай Қанайұлының қай шығармасын белгілеңіз.

А. «Бала зар»

В. «Алдаушы жалған»

С. «Насихат»

Д. «Замана»

Е. «Зар заман»

  1. Шортанбай Қанайұлының өмірінің соңғы кезінде қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз.

А. Төле би

В.  Майқы би

С. Қазыбек би

Д.  Жанғұтты би

Е.  Әйтеке би

  1. «Зар заман» дәуірі поэзиясының биік шоқтығы болып табылатын Мұрат Мөңкеұлының толғауын атаңыз.

А. «Үш қиян»

В. «Сарыарқа»

С. «Қазтуған»

Д. «Қарасай — Қази»

Е. «Шәлгез»

  1. Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың…

Бұза ма  деп іреңін

Адыра қалғыр заманның,

Мен жаратпаймын сүреңін – деп, Мұрат  ақынның «Үш қиян» толғауында неден қауіптенгенін айтыңыз.

А. Заман елді бұзады

В. Заман татулықты бұзады

С. Заман жастарды бұзады

Д. Заман қонысты бұзады

Е. Заман ағайынды бұзады

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.

А. 1818-1881 жыл

В. 1858-1912 жыл

С. 1870-1904 жыл

Д. 1858-1931 жыл

Е.1843-1906 жыл

24.Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.

А.  «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз»

В. «Анама хат», «Қазақ қалпы»

С. «Замана», «Насихат»

Д. «Үш қиян», «Өлім»

Е. «Сырым», «Елім -ай»

 

25.Мұрат Мөңкеұлы  қай жерде дүниеге келгенін белгілеңіз.

А. Атырау облысы, Қызылқоға өңірі

В. Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті

С. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы

Д. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

Е. Жамбыл облысы, Жамбыл тауы

26.Албан Асан Барманбекұлының туған жерін табыңыз.

А. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Үшқақпақ қыстағы

В. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Қаратау – Қарнақ өңірі

С. Атырау облысы, Қызылқоға өңірі

Д.Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Е.Алматы облысы, Қарақыстақ ауылы

  1. Зар заман ақыны Асан Барманбекұлының (Албан Асан) шығармашылығы туралы: «Зар заман» әдебиетінің басы болса, аяғы да Асан болып біткендей. Сондықтан бұл Албан Асанды біз арғы Асаннан бағыт алған, Шортанбайдан үлгі көрген зар заман ақынның соңғысы, екінші Асан қайғы дейміз,  –деген ой иесін белгілеңіз.

А. Сәкен Сейфуллин

В.  Әлихан Бөкейханов

С. Ахмет Байтұрсынов

Д.  І. Жансүгіров

Е.  М. Әуезов

  1. Нарманбет Орманбетұлы қай жерде дүниеге келгенін белгілеңіз.

А.  Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

В. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

С. Солтүстік Қазақстан облысы , Жамбыл ауданы

Д.  Ақмола облысы, Көкшетау уезі, №5 ауыл

Е. Жамбыл облысы, Шу өңірі, Ақтөбе ауылы

  1. Қайғысыз заман қайда бар?

Қайғырмасқа не амал бар? – деген өлең жолдары Нарманбеттің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

А. «Сахараға қарасаң»

В. «Бұл күнде байлар ғаяр,  билер мекер»

С. «Шал қайғысы»

Д. «Кер заман»

Е. «Сарыарқа сайран жерім — ай»

  1. Аталған өлеңдердің авторымен сәйкесін белгіле.

А. «Шал қайғысы» — Шортанбай Қанайұлы

В. «Ақжайлау мен Сандықтас» — Дулат Бабатайұлы

С. «Замана» — Нарманбет Орманбетұлы

Д. «Елім — ай» — Кедері Әбубәкір Шоқанұлы

Е. «Заманның опасыз халіне айтқаны» — Мұрат Мөңкеұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 8 сынып оқулығы. Қ. Әбдезұлы, І.Д. Рыскелдиева,

С.Ч. Тұрсынғалиева  «Арман — ПВ» баспасы, 2011 жыл.

  1. 9 сынып оқулығы. Т. Ақшолақов, Т. Жұмажанова, С. Қалиев, С. Дүйсебаев «Мектеп» баспасы, 2005 жыл.
  2. 10 сынып оқулығы. С. Қирабаев, Ұ. Асыл, І. Құрманбай,

С. Дүйсебаев, Б. Әрінова, «Мектеп» баспасы 2006 жыл.

  1. Қазақ әдебиеті энциклопедиясы
  2. «М. Әуезов зар заман ақындары жайында» Н. Сыздықов, Р. Арынбаева, «Қазақстан мектебі» журналы №7. 2008 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс жауап кілттері

Сұрақтың нөмері Әріптер Сұрақтың нөмеорі Әріптер Сұрақтың нөмері Әріптер
1 Д 11 А 21 А
2 Е 12 А 22 С
3 Е 13 С 23 Е
4 А 14 А 24 Д
5 А 15 С 25 А
6 Е 16 А 26 А
7 С 17 А 27 Д
8 Е 18 А 28 А
9 А 19 А 29 С
10 С 20 Д 30 В