Кештің тақырыбы: «Ана-жүрегім, Тіл тірегім»

Кештің тақырыбы: «Ана-жүрегім, Тіл тірегім»

Мақсаты:оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру,ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу білуге дағдыландыру,туған ана тілін сүйіп,оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Кештің өту барысы:

  • жүргізуші

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі,ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі,ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайы. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін,мәдениетін,ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің территориялық салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал,біздің Қазақстан Республикасында ана тілі-қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек,онда ең алдымен ана тлін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз-біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп,туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

  • жүргізуші

Сүйемін туған тілім-анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

 

Ана тілі-бұл атаңнан,анаңның тілі,туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге,әжеміз бен атамызға,айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан,мектептен,кітаптан үйреніп,ана тілін тереңірек біле түсеміз. Ана тілі біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.

  • жүргізуші

Ана тілін білмеген адам

Ештеңе сезбейтін надан,-демекші келесі сөзді үгіт-насихат тобына берейік.(Тіл туралы өлең жолдарын оқиды)

2-жүргізуші

    Құлақтан кіріп,бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезек әнде.

Ана тіл туралы ән орындалады

  • жүргізуші

Ана тілінде сөйлеу,оған деген көзқарас адамның мәдениеттілік,тәрбиелік,әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні-әр адамның ана тілін Отанындай,туған халқындай,өз ата-анасындай сүйіп ардақтауында. Міне,сондықтан ақын-жазушыларымыз былай деді.

 

  • жүргізуші

Көңілді баурап алды күй дегенің,

Күй сырына мен қалай күймеп едім.

Күй деген бұл хлқымның шежіресі,

Күй тыңдасам,ерекше күйге енемін.

  • жүргізуші

Ана-құдірет.Ана-махаббат.Дүниеге ұрпақ әкелетін,адамға жарық дүние сыйлайтын анадан асқан құдірет бар ма?! Дүние есігін ашқаннан бастап, ана сүтімен бойымызға туған тіліміз дариды.

  • жүргізуші

Тіл-қасиетті,құдіретті,киелі. Тіл өшпейді,қандай қиындықта да тіл өз ұрпағыңның қаныңа,жанына өз ұрыған егіп,өміршең күй кеше береді.

  • жүргізуші

Ана туралы бір шындақ айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған Темірдің ананың алдында бас иіп,кішірейгені айтылмақшы.

  • жүргізуші

Ғ.Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» атты әңгімесінен шағын көрініс.

Сахнада сахналық қойылым

1-жүргізуші

Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған.

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі армен?!

Ана туралы жыр орындалады

2-жүргізуші

 

Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулардай шешіп,айтысқан кездерде  ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.Сондай шешендікке баулу үшін «Ұйқасын тап» ойынын өткізейік.

 

  • жүргізуші

Осымен біздің «Ана-жүрегім,тіл-тірегім» атты кешіміз аяқталады.Сау-саламат болыңыздар!

2-жүргізуші

Келесі кездескенше қош болыңыздар!