Ұлылар елі

108

Сабақтың тақырыбы:  Ұлылар елі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың сөздік қорын толықтыру,білімдерін пысықтау және тереңдету,шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету.

2.Дамытушылық:  топпен, жұпта жұмыс істеу арқылы оқушылардың  жеке қабілеттерін  мен тіл байлығын ,ой- өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың өлкетану мұрағаттарын,дерек – мағлұматтарын тереңдетіп оқыту арқылы ұлтжанды,отаншыл азамат тәрбиелеу және танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұхбат,тест,сұрақ- жауап,деңгейлік тапсырма, кесте толтыру,жағдаят шешу, топпен, жұпта жұмыс істеу, тірек — сызба, әңгіме, жатқа айту.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Тіл дамыту. Сұхбат.

— Бүгін көңіл- күйлерің жақсы ма? Оның себебі неде?

— Қазір күз. Қараша айы. Бүгін күн ашық, аязды. Ауа таза.Сондықтан мен бүгін көңілдімін.

— Ал менің көңілім бүгін көтеріңкі , себебі  біз бүгін саяхатқа аттанамыз.

— Иә, дұрыс біз бүгін саяхат жасаймыз. Бірақ, ең алдымен, өзіміздің ұранымызды еске түсірейік:

— Әрбір адам туысым, досым,

Әрбір сабақ –үйрену, ұғу,

Әрбір ісім –тірлік, адамдық,

Әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық.

  • Осы жақсы қасиеттерді: достықты, адалдықты, шындық пен бірлікті естеріңі сақтай отырып, бір – біріңе көмектесіп, тапсырмаларды жақсы орындауға тілектеспін.Сапарымыз оңынан болсын!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткен сабақта біз «Саяхат»тақырыбына байланысты сөз қорымен таныстық. Сол білімдеріңді шағын тест арқылы тексеріп көрейік.

1) №1слайд арқылы тест  тапсырмаларын орындау:

1.Бұл жерден сізге керек қала немесе ел туралы сұрақтарға жауап алуға болады.

А. Саяжай.

Ә. Аялдама

Б. Анықтама бюросы.

  1. Осы жазда біз Семейде ………..

А.Демаламыз.

Ә.Оқимыз.

Б.Барамыз.

  1. Саяхатқа бару үшін……керек.

А.Сурет.

Ә. Жүргізуші куәлігі.

Б.Туу туралы куәлік.

4.Жолда сізге кім қызмет көрсетеді?

А.Жолаушы.

Ә.Жолсерігі.

Б.Ата –анаңыз.

5.Қазақтар аптаның қай күнін сәтті ,сапарлы дейді?

А.Дүйсенбі.

Ә. Сәрсенбі.

Б.Жұма.

6.Қозғалар алдында қауіпсіздік белбеуін тағып отыру керек:

А.Ұшақта.

Ә.Поезда.

Б:Кемеде.

2)  Оқушылардың «Жолсерігінің қызметі» тақырыбына  жұпта дайындап әкелген  тапсырмаларын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1) Оқушыларды топтастыру, топ  жетекшілерін  тағайындау.

2) Әр топқа  бағалау парағын таратып беру:

Оқ. фам. тыңдал. Сөйлес. Жазыл. Оқыл. Деңг.тапс. баға

3) Интерактивті тақтадан оқушылар дайындап әкелген  видиосюжетті көру: «Семей»

  • Видиосюжетте Қазақстанның қай өңірі бейнеленген? Бейнетаспада кімдердің фотосуреттерін көрдіңдер?
  • Бүгінгі сабақта кімдер туралы әңгіме жүргіземіз? Сабақтың тақырыбын анықтайық.
  • Сабақтың тақырыбын неге «Ұлылар елі » деп атаймыз?

4)Дәптерге сабақтың тақырыбын жазу.

 

5) №2 слайд. Сөздік жұмысы.

Қасиетті                             озық ойлы

Бұлақ                                 қайсар

Мейірімді                           көсем

Парасатты                         мырза

Асқар тау                           рухани қазына

 

  • Оқылым. «Саяхат »журналынан мақаланы оқу.

«Қасиетті Шыңғыстау баурайында ,Жидебайда ,Орта жүз Тобықты руының атақты билері Ырғызбай- Өскенбай- Құнанбай әулетінде 1845 жылы Ибраһим дүниеге келді.Ақынның ағар бұлақ анасы – мейірімді Ұлжан, парасатты, әңгімешіл әжесі Зере, асқар таудай әкесі Құнанбай — өз заманының озық ойлы көсем, әрі шешен ,әрі мырза адам болған.

Қазақ әдебиетінің 19 ғасырдағы асқар биігі  Абай болса, 20 ғасырдың заңғар асуы – М.Әуезов.Жазушының «Абай жолы»эпопеясы- басты кітабы.Бұл кітап Абайды өзінің  туған халқына ғана емес, бүкіл әлемге танытқан.

Абайдың замандасы,әрі інісі Ш.Құдайбердіұлы да осы құдіретті елдің тумасы.Абайдың тәрбиесінде өскен Шәкәрім атақты тарихшы, аудармашы, жазушы,ақын,сазгер болғаны баршамызға мәлім.»

 

  • №3 слайд бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін  және сөйлем мүшелерін қайталау:

Абай.

Абай туды.

Абай Жетісуда туды.

Абай қасиетті Жетісуда туды.

 

  • №4 слайд. Деңгейлік тапсырма.

 

І деңгей:

1.Белсенді сөз қорын анықта.

2.Мәтіннен ұш ой жүйесін тауып оқы.

3.Мәтінге сұрақ құрастыр.

 

ІІ деңгей:

1.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз:

Абай …………….баурайында туды.

Оны әжесі ………..,анасы……………тәрбиеледі.

Әкесі………………тобықты руының биі болған.

Ол……….,………….,,………….адам болған.

 

2.Зат есім + Сын есім

Зат есім + Етістік (Есімше)  сөз тіркестерін тауып дәптерге жаз.

3.М.Әуезов – 20 ғасырдың заңғар асуы. Сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

 

ІІІ деңгей:

1.Сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлем құрастыр:

Дүниеге, өңірінде, Шыңғыстау,қасиетті,Абай,келді.

Құнанбай, көреген,ойлы, озық,қатал,болған, би.

Немере, Абайдың,Шәкәрім, інісі.

2.Мәтін бойынша тірек сызба құрастыр.

  1. Мәтіннің мазмұнын айт.

 

9) Электрондық оқулық  бойынша «Жидебайдағы Абайдың мұражай үйі» видиофильм көрер алдында оқушыларға түртіп алу стратегиясы бойынша тапсырма беріледі:

І топқа:

үй тұрмысына қажетті заттар атауының тізімін жазып алу.

ІІ топқа:

Тәуелденіп тұрған сөздер мен сөз тіркестерін жазып алу.

ІІІ топқа:

Негізгі ойды білдіретін сөз тіркестер арқылы жоспар құрастыру.

  • Жағдаят шешу:

Қонақта  сізбен көрші отырған бала жұрттың назарын өзіне аударып алу үшін Абайдың өлеңдерін жатқа оқып,ақын туралы бар білгенін айтып, не керек, сол жерде сізді көлеңкелеп тастағысы келеді.Сіз намыстанып, өзіңіздің абыройыңызды сақтап қалу үшін не істер едіңіз?

  • Топ жетекшілерінің жауабын тыңдау.

І топ:

Абайдың өлеңдерін білген дұрыс, бірақ мен биыл Жидебайда болып, Абайдың мұражайында Әйгерімнің ертоқымын, Құнанбайдың тақиясын, отбасылық 40- литрлік самауырынды көрдім.Тіпті ол аз болса,Шыңғыстаудың таза ауасын жұтып, табиғатын тамашаладым.

 

ІІ топ:

Мен де Жетісудің табиғатына таң қалдым. Ол жақта қарағайлар мен қайыңдар таудың бөктерінде өседі екен.Ал сыңғырлаған бұлақтар домбыраның күйі сияқты.

ІІІ топ:

Ал мен мына өлең жолдарын айтып берер едім:,

Кейінгі ұрпақ жырын жаттап қанықты,

Кім білмейді Абай сынды, алыпты?

Нұрын шашып, бағын ашып қазақтың

Абай атын әлемге кім танытты?

Айдың орнын баса алады күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұллы Абайды жырлау үшін қазаққа,

Керек болды Мұхтар сынды бір дана,- деп, мен Мұхтар мен Абай- қазақ халқының ұлы перзенттері, оларды бір –бірінен айыруға болмайды .Осы қасиетті жерде Шәкәрім де туып өскен дер едім.

 

IV Сабақтың қорытындысы:

1.Кесте толтыру.

Білгенмін Бұл мен үшін жаңалық Білгім келеді

2.Топ жетекшілері  бағалау парағы бойынша қойылған бағаларды  талқылайды.

V.Үй тапсырмасы: «Саяхат әрқашанда қызық па, әлде….»шығармашылық жұмыс.