Сымайыл, Зәмзәм

Сабақтың тақырыбы:      Сымайыл, Зәмзәм.

Сабақтың мақсаты: білімділік – Оқушыларды ислам діні мен Адамата туралы алған білімдерін нығайтып, Сымайыл, Зәмзәм әңгімелерін оқыту арқылы білімдерін шыңдай түсу, біліктіліктерін арттыру.

Дамытушылық – Оқушылардың дін туралы дүниетанымын кеңейтіп, жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды ажырата білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, ұтымды сөз саптай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік – Оқушыларды жамандық атауынан жирендіріп, адамгершілікті, парасаттылықты, ізгілікті және имандылықты жас өмірлеріне арқау етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырып бойынша көрме (Құран кітабы, кітаптар, суреттер, сүрелер жинағы, т.б)

Пән аралық байланыс: тарих, жаратылыстану.

Сабақтың жүрісі:             І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын бақылау. Сынып оқушыларын екіге бөліп, «мейірім» және «қайырым» атты екі топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, біз өткен сабақтардан бері құран кітабының қасиетін, Ислам дінінің тазалығын, Алланың Адаматаны жаратуын оқып, көңілімізге тоқудамыз. Біз осы азғана сабақта дін туралы біраз нәрсені ұғынып, қасиетті құран кітабының сырына үңіліп, Аллаға деген сенімімізді нығайта түскендей болдық. Құранмен толық танысуға ұмтылған адамдар оның құдіреттілігіне тәнті болуда. Себебі, ол адамның жаратылысынан бастап ғалам жаратылысын толық қамтиды. Бүгінгі ғалымдар тапқан жаңалықтың бәрі қасиетті Құранда жазылған. Құран кітабының қасиеті сондай – осы күнге дейін бірде бір әрпі өзгеріске түспеген. Құранның қасиеті туралы сабақ барысында өздерің үйден ізденіп келген мысалдарыңды дәлелдейсіңдер.

Қандай істі бастамас бұрын «Бисмиллаһир-рахманир-рахим»деп бастасаң, сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды. Ендеше бізде өз сабағымызды бисмиллаһир-рахманир-рахим – деп бастайық.

Қоржын ойыны. Әр топ оқушылары қоржыннан асық алып, асықтағы белгіленген нөмір бойынша интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Құран Кәрімде неше пайғамбардың есімі көрсетілген? (25 пайғамбардың есімі аталған)
  2. Ислам дінінде құранның алдында қандай кітаптар болған? (Таурат — Мұсаға, Забур – Дәуітке, Інжіл – Исаға, Құран – Мұхаммед пайғамбарға түсірілген.
  3. Алғашқы пайғамбар мен соңғы пайғамбардың атын ата! Осы екі пайғамбардың арасында неше пайғамбар өткен? (Алғашқы пайғамбар – Адамата, соңғы пайғамбар – Мұхаммед, арасында 124 пайғамбар өткен, Құранда 25 пайғамбардың ата аталған.
  4. Құран Кәрім аяттары Мұхамбет пайғамбарға кім арқылы жетіп отырған және қанша жыл ішінде түсіп отырған? (Жәбірейіл періште арқылы 23 жыл бойы түсіріліп отырған)
  5. Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарған кімдер? (хафиз, сахаба)
  6. Сапиолла, Қари атауларына түсінік бер! (Сапиолла -Адаматаның шын аты. Қари – құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

 

Екі топ өздерінің дайындап келген Құранның қасиетін дәлелдейтін нәрселерін көпшілікке ұсынып таныстырады.

 

Интерактивті тақтадағы жазулар

 

  • Эйнштейн: «Менің діни ұғымым — шексіз болған бір Рухтың бар екеніне негізделеді. Тәңірдің құдіреттілігі, оған деген терең сенімді сезіну үшін мына әлемге назар салғанымның өзі жүрегімде жарату бар деген сенімді нығайта түседі».
  • Америка медициналық пәндер академиясының мүшесі Марит Стенли: «Өмірдегі барлық нәрсе Жаратушының барлығына куәлік беріп, Ол құдіретті және ұлы екенін дәлелдейді. Біз, ғалымдар, дүниедегі кейбір нәрселерді зерттегенімізде Жаратушының даналығы, қолы және құдіреттілігімен жаратылған нәрселерді әңгімелеумен шектелеміз».
  • Американдық доктор Хилл: «Құран құдірет иесі Алла тарапынан түскен кітап екеніне еш күмәнім жоқ».
  • Академик Ю.Крачковский: «Исламды Құрансыз түсіну мүмкін емес!».
  • Канадалық доктор Миллер: “Ей мұсылмандар Тәңір сіздерге қандай жақсылық бергенін және өзге діндерде оның жоқ екендігін білмейсіздер. Мұсылман болғандарыңызға шүкір етіңіздер. Құранның ақиқаттарын ашу үшін оның аяттарына ой салыңыздар. Мен Құранға ой салдым, сондықтан дұрыс жолды таптым»

 

Сөзжұмбақты шешу арқылы Адамата жөнінде әңгімелеу.

 

1ғалам
2періште
3Адамата
4қызғаныш
5жанат
6аңғалдық
7тіршілік

 

  1. Алла тағала алты күнде нені жаратты?
  2. Алланың оттан жаратқан жаны
  3. Алла он сегіз мың ғаламды кім үшін жаратты?
  4. Көре алмаушылық қасиетінің екінші баламасы
  5. Күнәдан пәк адамдардың о дүниелік мекені
  6. Дұшпанның айласына илану қандай қасиеттен туады?
  7. Алла Адамзатты сынақ үшін қайда жібереді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: Оқушылар, осы үстіміздегі айдың 15,16,17 күндері елімізде қандай діни мереке атап өтілді? ( Оқушылар Құрбан айт мересінің тойланғанын айтады) Иә, балалар, дұрыс айтасыңыздар! Мұсылман мемлекеттерінің бәрінде, біздің елімізде де Құрбан айт мерекесі тойланды. Ал енді осы Құрбан айт мерекесінің тууына қандай діни оқиға себепші болды. Қандай пайғамбарларымыздың өмірі сынға түсті? (Оқушылар Ибраһим пайғамбардың ұлы Сымайылды Алланың әмірімен құрбандыққа шалуға бет байлағаны, Алланың әмірімен аспаннан қошқар түсіп, Сымайылдың жаны аман қалғанын, Ибраһим пайғамбардың Аллаға деген сенімінің пәктігінің дәлелденгенін, сол күннен бастап құрбандыққа мал сойылатыны туралы әңгіме өрбітті.) Жарайсыңдар, балалар! Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз да осы Құрбан айт мерекесінің себепшілері, Аллаға деген сүйіспеншілікті өзінің өмірінен де, отбасынан да жоғары қойған ұлы пайғамбар Ибраһим мен баласы Смайыл туралы болмақ.

Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнымен таныстырады. Ебелек ұшпас елсіз, шөлді даланың мұсылман елінің астанасы Меккеге айналуы туралы сөз қозғап, Мекке, Медине жерінің суреттерін интерактивті тақта арқылы оқушылардың назарына ұсынады.

 

 

Сымайылдың тағдырдың талқысына түсуі

 

Бұл жер Сымайылдың өкшесінен Зәмзәм суының

аққан  жері – Мекке.

 

 

Тіршіліктің сарқылмас қайнары – Зәмзәм.

 

Сергіту сәті: 

 Қысылғанда пендеге

Қорған болар бұл Хадис.

Адасқанды әр уақыт

Тура жолға шақырған,

Іші толы насихат.

Мағынасын білгенге,

Құмарланып білуге,

Әрекет ет жасыңнан.                    

 

Хадис – пайғамбардың өсиет сөздері

“Хадис пен қазақ мақалының үйлесімі”

 

Хадис: “Ақылдылықтың бастауы – құдайдан қорқу”.

Хадис: “Тазалық – имандылықтың жартысы”

 Хадис: “Алла тағаланың асыл қасиеттеріне тән сипаттың бірі – кешірімділік. Ол кешірімділікті ұнатады”.

Хадис: “Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Әкеге қарсы шығу – Аллаға қарсы шығумен бірдей”

Хадис: “Жанаттың кілті аналарыңның табанының астында”.

 Хадис: “Ғылымды Қытайда болса да іздеп барып үйреніңіз, ғылымды іздеу — әр адамның парызы. Жолдың қашықтығына, халықтың жаттығына қарамаңыз. Ғылымды қайдан көрсеңіз де сол жерге барып үйреніңіз”

Хадис: “Ақиқат байлық мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік”.

Хадис: “Таңғы ұйқы несібені ортайтады”.

Хадис: “Ақылдасып атқарылған жұмыс берекелі болады”.

 

Қорытындылау:

 

«Мейірім» тобына Сымайыл әңгімесін, «Қайырым» тобына Зәмзәм әңгімесін аннотациялық талдау жасату. 

 

Әңгіменің басталуы:

Әңгіменің дамуы:

Әңгіменің байланысы:

Әңгіменің шиеленісі:

Әңгіменің шарықтау шегі:

Әңгіменің шешімі:

 

Сатылай кешенді талдау. Бір оқушы әңгіменің мазмұнын айтып тақтаға талдау жасайды.

 

І.     Тақырыбы:

ІІ.    Жанр түрі:

ІІІ.  Әңгіменің идеясы:

ІҮ.  Жағымды кейіпкер:

Ү.   Жағымсыз кейіпкер:

Үйге тапсырма:

 

А) Сымайыл, Зәмзәм әңгімелерін оқып келу.

Ә) «Алланың мейірімі» деген шағын шығарма жазу.

 

 Бағалау